Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» баршаңызды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күнімен құттықтайды!
Табиғатты қорғау – әр адамның азаматтық борышы. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.
Біздің Орталық жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруді, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруды және туған өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуді басты міндеттердің бірі деп санайды.
Осы мереке күні табиғатты қорғау ісіне үлес қосып жүрген экологтарға, педагогтерге, еріктілерге және қоршаған ортаға бейжай қарамайтын барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
