2026 жылғы 23–24 қыркүйек күні Павлодар облысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас туристерді, өлкетанушылар мен туған өлкені зерттеушілерді біріктірген «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слеті өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері жоғары нәтижелер көрсетті:
«Менің кіші Отаным» номинациясында I орын – Дария Темирова;
«Туристік кедергілер жолағы» номинациясында I орын – Азиза Булатова, Анна Вишенкова, Валерия Ридзаускайте, Даниил Фисак;
«Спорттық бағдарлау» номинациясында I орын – Максим Колесников, Лучезара Кузина;
«Үздік экспедициялық жоба» номинациясында III орын – Марлен Михайлова.
Ең басты жетістік – жалпыкомандалық есепте I орын!
Жоғары нәтижелер қатысушылардың тыңғылықты дайындығының, табандылығының, төзімділігі мен үйлесімді командалық жұмысының жемісі болды.
