Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің Отаным - Қазақстан» XVІ-шы аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясының өткізілуі туралы АҚПАРАТ
25-11-2016 08:48
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған                  «Менің Отаным - Қазақстан»  XVІ-шы аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік  конференциясының өткізілуі туралы  АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған

«Менің Отаным - Қазақстан»

XVІ-шы аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік

конференциясының өткізілуі туралы

АҚПАРАТ

2016 жылғы 21-25 қараша күндері аралығында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде «Менің Отаным - Қазақстан» XVІ-шы аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

«Менің Отаным - Қазақстан» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу мақсаты:
  • оқушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;
  • зерттеу қызметіне қызығушылық білдіретін оқушыларды қолдау;
  • зерттеу, туристік-өлкетану және мұражайлық қызметі арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;
  • туған өлкені тәжірибелік тұрғыда танып білу, қоршаған орта, тарих және мәдениет ескерткіштерімен танысу болып табылды.
Конференцияның жұмысына облыс және қала жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелерінің 2-11 сынып оқушылары, сонымен бірге клубтар, секциялар, зерттеу топтары мен басқа балалар бірлестіктері мүшелерінің 120-н астамы қатысты. Жобаларды қорғау мемлекеттік және орыс тілдерінде бес секциялары негізінде өткізілді: - Біз және экология - аймақтық экологиялық мәселелердің шешілуіне қосылған тәжірибелік үлесін бейнелейтін жұмыстар (жанасқан аумақтарды көгалдандыру және жақсарту бойынша жұмыс тәжірибесінен баяндамалар, мектеп орманшылықтары, көгілдір жасақ, экологиялық жасақтарының жұмысы, табиғатты қорғау, экология, фенология, СӨС салаларындағы зерттеулер; - Зерттеу жұмысы - «Экология. Тұрақты даму» бағыты бойынша бақылаулар, тәжірибелер мен зерттеулердің нәтижелерін қамтитын жұмыстар қатысады; - Өз өлкеңді танып біл - туристік-өлкетану қызметін бейнелейтін жұмыстар - өлкетану, археопалеонтологиялық, этноэкспедициялары, туристік экскурсиялық маршруттары мен экологиялық соқпақтарды құрастыру; - Тарих бесігі - мұражаймектеп мұражайларының қызметі, тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу, экскурсиялық маршруттарын құрастыру, экскурсиятану; - Ғылымға бастапқы қадам - БЖЭТО балалар бірлестіктері, кіші буын оқушыларының зерттеу жобалары. Конференция қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділ-қазылар алқасы бағалады – К.Т.Алимова, Павлодар облысы БжТДИО инновациялық қызметі кабинетінің әдіскері; А.М.Утилова - ИнЕУ аға оқытушысы; А.С.Молдакимова – т.ғ.к., қауымдастырылған проф., С.Торайғыров атындағы ПМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті; В.Н.Алиясова, м.ғ.к., ПМПИ «Жалпы биология» кафедрасының доценті; О.В.Дьяченко - ҚР туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушысы, БЖЭТО ҚБҰ, З.Е.Сарбасова - философия магистрі, БЖЭТО әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, И.А.Ефимова, С.М.Боровикина, Б.Қ.Текенова - БЖЭТО бөлім меңгерушілері, Н.Г.Москова - БЖЭТО оқушылар ғылыми қоғамының жетекшісі. Павлодар қаласының № 1, 4, 9, 11, 16, 17, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 36, 39, 40, 41, 42 жалпы орта білім беру мектептері, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық гимназия - мектебі, Ақсу қ. №1 ЖОБМ, Ольгинка ЖОБМ, Жетекші ЖОБМ, №3 Железин ЖОБМ, Ақсу қ. ЖНС, БЖЭТО оқушылары белсене қатысты. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды: – «Біз және экология» секциясында
Р/с№ Оқушылардың аты, тегі Білім беру ұйымы Орын
1 Илья Багров«Озеленение пришкольного участка «Мечта и реальность» БЖЭТО,№16 ЛМ І
2 Қайролла Жасмин«Тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесі және экоурнаның маңызы туралы тұрғындардың экологиялық мәдениеттілігін арттыру шаралары» №25 ЖОБМ ІІ
3 Елена Кибартайте, Дарья Алешина«Увеличение биоразнообразия путем интродукции редких растений» БЖЭТО,№9 ЖОБМГ II
4 Дильназ Альжанова, Арина Кирова«Создание интерактивной электронной тетради-сказки по информатике «Как Маша попала в мир информашка» с помощью современных ИКТ технологий» №42 ЖОБМ ІІІ
5 Артем Гармазов, Антон Гармазов «Охрана птиц в условиях городской местности» БЖЭТО,№16 ЛМ III
6 Милана Чаленко«Соблюдение питьевого режима учащимися» №16 ЛМ III
- «Зерттеу жұмысы» секциясында
Р/с№ Оқушылардың аты, тегі Білім беру ұйымы Орын
1 Ислам Елимесов«Наблюдение и изучение повадок птицы сапсан в неволе» Ақсу қ. ЖНС І
2 Уралова Анель«Бактерицидное действие фитонцидов» №9 ЖОБМГ ІІ
3 Әли Жетпіс«Электромагнитті сәулеленудің адам ағзасына әсері» БЖЭТО, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық гимназия - мектебі II
4 Майя Шумакова«Выращивание антурии антильской в Павлодарской области» №34 ЖОБМ ІІІ
5 Анна Петухова«Почему грустит герань» №40 ЖОБМ III
6 Даяна Балпекова«Ауылымызда өсетін арамшөп түйетікеннің адам денсаулығына орасан зор пайдасын зерттеу» №33 ЖОБМ III
- «Өз өлкеңді танып біл» секциясында
Р/с№ Оқушылардың аты, тегі Білім беру ұйымы Орын
1 Игорь Глубоков, Виктория Иванова «Исследование ископаемой челюсти хоботного животного мамонтовой фауны, найденной на берегу р. Иртыш» №11 ЖОБМ І
2 Артем Рафальский, Вера Рузова«Проект монетизированного туристического шлюпочного сплава по р. Иртыш» №11 ЖОБМ ІІ
3 Зарина Жумабекова«Казахские батыры Павлодарского Прииртышья» №9 МГ II
4 Аружан Альмухамбетова«Болашақта Коряковка тұзын өндіру желісі» Ы.Алтынсарин атындағы облыстық гимназия - мектебі ІІІ
5 Карина Таипова, Екатерина Лобашевская«Благодатный край» БЖЭТО,№16 ЛМ III
6 Асқарұлы Алмат«Жапырақтың тозуының және тіршілік ету ұзақтылығының экологиялық алғышарттары» №22 ЖОБМ III
- «Тарих бесігі – мұражай» секциясында
Р/с№ Оқушылардың аты, тегі Білім беру ұйымы Орын
1 Жұлдыз Уразгулова«Тарих айнасы – мұражай» №3 Железин ЖОБМ І
2 Галымжан Калиакпаров«Перо скрипит, бумага терпит» №39 ЖОБМ І
3 Айдана Каббарова, Айша Таласова, Жанель Тлеуғабыл«Аққөл-Жайылма өңірінің қожалары» Ы.Алтынсарин атындағы облыстық гимназия - мектебі II
4 Алина Шамгунова, Мария Прахт «Краеведческий музей им.Потанина» №29 ЖОБМ ІІ
5 Темирлан Зарлыханов, Александра Овчинникова«П.Васильев атындағы мектепшілік мұражайы – тарих бесігі» №9 ЖОБМГ III
6 Жеңіс Алуа, Әлібек Бекзат«Малайсары Тархан батыр, қолбасшы және мәмлегер» №33 ЖОБМ III
- «Ғылымға бастапқы қадам» секциясында
Р/с№ Оқушылардың аты, тегі Білім беру ұйымы Орын
1 Ксения Ахмолдина«Как вырастить мандарин?» №21 ЖОБМ І
2 Руслан Бовин«Геральдика Павлодарской области» №30 ЖОБМ І
3 Алина Алиясова«Древние хоботные Павлодарского Прииртышья» №9 МГ II
4 Ансар Аканов «Сиқырлы ермексаз» №3 Железин ЖОБМ ІІ
5 Ксения Шу«Как влияют разные виды воды на жизнь живых организмов» №34 ЖОБМ III
6 Айана Сайлаубай«Қазақ халқының ауа райы» №33 ЖОБМ III
Конференция жүлдегерлері - грамоталар, барлық қатысушылар - аталымдар бойынша грамоталармен, жетекшілері – конференция жүлдегерлері мен қатысушыларының дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұйымдастырушылық комитеті

20161125_131521

img-20161125-wa0016