«Оқу-тәжірибелік учаскелерінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар»
аймақтық семинарының өткізілуі туралы
Орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес «Үздік мектеп жанындағы тәжірибелік учаскесі» байқауының қалалық, облыстық турларына дайындық көлемінде БЖЭТО негізінде «Оқу-тәжірибелік учаскелерінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында аймақтық семинары өткізілді.
Семинар жұмысы барысында БЖЭТО бөлім меңгерушілері Б.Текенова, С.Боровикина мектеп жанындағы тәжірибелік учаскесі негізінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша нұсқаулар беріп, әдістемелік көмегін көрсетті.
Семинарды өткізу бағдарламасы келесі мәселелердің қарастырылуын қамтыды:
- «Мектеп жанындағы учаскесі негізінде жұмыс ұйымдастыру»,
- «Тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу»,
- «Мектеп жанындағы ОТУ ландшафты әрленімі»,
- «Жеміс ағаштарын ұластыру және сәндік-ағаш өсімдіктерін көбейту», «Мектепке дейінгі, мектеп, мектептен тыс ұйымдарының көрінісінде сәндік өсімдіктерін қолдану» шебер-сыныптарының өкізіуі.
Қатысушылар семинардың жоғары әдістемелік дәрежеде өткізілуі туралы пікірін білдірді.