Кашыр балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мереке
2018 жылғы 2 маусым күні Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Вертикаль» туристік клубы, жетекшісі Оксана Владимировна Дьяченко ҚЭЗ-ң профсоюдық ұйымымен және «Майдан-жолы» іздеу жасағымен бірлесіп, жыл сайынғы Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, балаларды қорғау күніне арналған, мерекелік іс-шараны ұйымдастырды.
Мерекелік күн өте тығыз болды. Мерекелік бағдарлама туристік кедергілерді қамтыды, оған туристік кезеңдерді өту: параллельді таяныштан және бөренелі өткелден өту, тілшік, жәбірленушіні тасымалдау және тағы басқалар енді. Күннің екінші жартысында спорттық эстафеталар, туристік ән байқауы өтті, ал мереке соңында «Lazer CLUB» ЖШС-сы қызықты ойын ұйымдастырды.
Қорытындылай келгенде барлығы – жеңімпаз, барлығы жарқын көңілді спорттық мерекеге ие болды!