Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«БЖЭТО МҚКК экологиялық-ботаникалық кешені негізінде оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулары» аймақтық семинарының өткізілуі туралы
30-04-2019 15:32
«БЖЭТО МҚКК экологиялық-ботаникалық кешені негізінде оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулары» аймақтық семинарының өткізілуі туралы

«БЖЭТО МҚКК экологиялық-ботаникалық кешені негізінде

оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулары»

аймақтық семинарының өткізілуі туралы

     Орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 30 сәуір күні БЖЭТО негізінде «Оқу-тәжірибелік учаскелерінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулары» тақырыбында аймақтық семинары өткізілді.

  Семинар жұмысы барысында БЖЭТО бөлім меңгерушілері Б.Текенова, С.Боровикина, А. Қапашев, қосымша білім беру ұстаздары Н. Губарь, И. Орт, З.Жапарова мектеп жанындағы тәжірибелік учаскесі негізінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша нұсқаулар беріп, әдістемелік көмегін көрсетті.

    Семинарды өткізу бағдарламасы келесі мәселелердің қарастырылуын қамтыды: «Экологиялық-ботаникалық кешені мысалында оқу-тәжірибе учаскесінің жұмысын ұйымдастыру», «Көгалдандырудағы сәндік гүл өсіру».

     Тәжірибе алмасу мақсатында «Жергілікті табиғи нысандарды пайдалану: зерттеу қызметінің презентациясы» дөңгелек үстелі барысында «Біздің айналамыздағы табиғи бояғыштар», «Павлодар қаласының табиғат күнтізбесі», «Гүл дақылдарының өсуі мен дамуына қырқудың әсері ғылыми жобалары ұсынылды.

  Семинар тыңдаушылары «Жеміс-жидек дақылдарының аудандастырылған сұрыптары, олардың көбеюі», «Сәндік гүл өсірудегі көлемді немесе бойлы гүлдер», «Фоамираннан жасалынған қызғалдақтар»  шебер-сыныптарынына қатысты.

   Қатысушылар семинардың жоғары әдістемелік дәрежеде өткізілуі туралы пікір білдірді.