2020 жылғы 18 тамыз күні «Қашықтан оқыту, әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету шартында тәрбие және білім берудің сапасын қамтамасыз етудіңтиімді жолдары» экологиялық және туристік-өлкетану бағыттарындағы қосымша білім беру педагогтары форсайт – сессиясының көлемінде вебинар өтті.
Вебинар қатысушыларына «Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК шартында білім берудің мазмұнын жаңарту үдерістерін басқарудың тиімділігі» тақырыбында Орталықтың жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары ЖаннаҚаиргелдіқызы Темірова, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Зауре ЕлубайқызыСарбасова, тыңдаушылардың назарын қосымша білім беру мазмұнының жаңартылуы оқыту үдерісін виртуалды, әдеттегі тәртіпте іске асыруға мүмкіндік бергеніне аудартты.
Педагогтар көкейкесті тақырыптары бойынша «Аймақтық құрамдас бөлігі негізінде туристік-өлкетану маршруттарын құрастыру», қосымша білім беру педагогы Алма Қадырбекқызы Ермекбаева, «Фенологиялық бақылаулар мониторингісі» қосымша білім беру педагогы Наталья Николаевна Губарь,«Сүйікті өлкем» авторлық бағдарламасын іске асыру мысалында өлкетану қызметін ұйымдастыру», қосымша білім беру педагогы Сауле Елубайқызы Ахмерова, «Туристік жорық жағымды өздігінен ұйымдастыру мектебі ретінде», қосымша білім беру педагогтары Сергей Николаевич Агалаков, Оксана Владимировна Дьяченко, Ирина Валерьевна Ридзаускене өз медиа-жобаларын ұсынды.
Осы жұмыс тәжірибесі қашықтан оқыту шартында әріптестердің қызмет бағыттары бойынша бағдарламалық материалды меңгертуді әрі қарай табысты іске асыруга мүмкіндік береді.