Ата Заңым-ардағым
Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы 2020 жылғы27 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған «Ата Заңым-ардағым» онлайнвикторинасын өткізді.
Іс-шараға орталықтың 100-ден астам тәрбиеленушілері және Павлодар қаласының № 16, 2, 30, 33 мектептерінің оқушылары қатысты.
Викторина тапсырмалары оқушылардың Отанымыздың атаулы күндерін, тарихын, салт-дәстүрін білуге бағытталған.
Оқушылар Республикамыздың өткені мен болашағына байланысты сұрақтарға белсенді жауап беріп, сүйікті Отанымыздың гүлденуіне өз тілектерін білдірді.