Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Өзара ынтымақтастық және келешек…
10-09-2020 16:42
Өзара ынтымақтастық және келешек…

2020 жылғы 10 қыркүйек күні Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығына серіктестік мақсатында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы Ілияс ШойбекұлыҚұрамысовбастаған жұмыс тобы келді.

Кездесу барысында қонақтарға Орталығымыздың жылыжайы, экологиялық-ботаникалық кешені, «Жас эколог» музейі бойынша шолу экскурсиялары өткізіліп, «Экология, туризм, өлкетану бағыттары бойынша қосымша білім берудің мазмұнын жаңарту» даму бағдарламасын іске асыру көлемінде экология бағытында жүргізілетін тәжірибелік, ағарту, ғылыми-зерттеу қызметі бойынша Орталықтың жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Бүгінгі таңда экологиялық тәрбие және білім берудің көкейкесті мәселелері талқыланып қарастырылды. Кездесу өзара ынтымақтастықты әрі қарай нығайту туралы  пікір алмасумен тәмамдалды.