Сенім телефоны
email: ekotyr@yandex.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда2736933
Бір айда170031
Бір аптада32980
Кеше3144
Тәулік369
Павлодар облысы командасының «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына қатысуы туралы ақпарат
15-09-2020 18:38
Павлодар облысы командасының «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына қатысуы туралы ақпарат

Оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында 2020 жылғы 14-16 қыркүйек аралығында Павлодар облысының командасы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына қатысады.

Форумға Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МКҚК, «Ертіс ауданының Ұзынсу жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «Павлодар қаласының №14 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ, «Павлодар қаласының № 35 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ, «Шарбақты ауданы әкімдігінің Шарбақты ауданының гимназия сыныптары бар жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «Павлодар қаласының № 28 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ Павлодар облысы құрама командасы мүшелері болып табылады.

2020 жылғы 14 қыркүйек күні «Экоболашақ», «Жасыл оазис», «Жеңіс мамыр» номинациялары бойынша жұмыстар жіберілді. 2020 жылғы 15-16 қыркүйек күндері форум қатысушылары «Туған өлке тарихы», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта» номинациялары бойынша қашықтан онлайн-платформасында жұмыстарын қорғайды.

Біз қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!