Балалар – біздің болашағымыз!
1 маусым күні біздің балабақшада Халықаралық Балалар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мереке балабақшаның ауласында ашық аспан астында ұйымдастырылды.
Балалар түрлі көңілді ойындарға қатысып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Тәрбиешілер мен аниматорлар балалар үшін қызықты бағдарламалар дайындап, клоундар мен кейіпкерлер мерекеге ерекше сән берді.
