Тақырыбы: «Алғашқы көмек»
Балабақшада Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар облыстық филиалының қонақтары болды. Олар алғашқы көмек көрсету бойынша маңызды кездесулер өткізді. Біз құнды кеңес алып, манекендерде алғашқы медициналық көмекті көрсету тәжірибесін орындадық.
Төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін көрсеткен пайдалы ақпарат пен тәжірибе үшін құрметті қонақтарға үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұл шара тек бүлдіршіндеріміз үшін ғана емес, бүкіл ұжым үшін де аса маңызды болды!
@k_gulmira_u және @redcrescent_pvl ұйымына ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!
