Мемлекеттік қызмет көрсету. 2025 жылдың қорытындысы
Бүгін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша талқылау өткізілді. Іс-шара барысында 2025 жылдың қорытындысы айтылып, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берілді. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы, қолжетімділігі және орындалу барысы қаралды.
Талқылау кезінде негізгі көрсеткіштерге талдау жасалып, қызмет көрсету процесін жетілдіру бағыттары белгіленді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар таныстырылды.
Аталған іс-шара мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталды.
