Балабақшамен қоштасу – түлектермен естелік суретке түсу
Балабақшамен қоштасу – түлектермен естелік суретке түсу
Балабақшамызда түлектермен қоштасу сәтіне арналған әсерлі фотосессия ұйымдастырылды.
Бұл сәт – бүлдіршіндердің балабақшадағы алғашқы қадамдарын аяқтап, мектеп өміріне қадам басар алдындағы ерекше әрі толқынысты кезең. Тәрбиеленушілер өз тәрбиешілерімен, достарымен бірге естелік суретке түсіп, қуанышты көңіл-күйде қоштасты.
Бұл фотосуреттер – балалық шақтың жарқын естелігі болып қалары сөзсіз.
Балаларға алдағы мектеп өмірінде үлкен жетістіктер тілейміз!
