2012 оқу жылының қорытындысы секция отырысында "Мектепке дейінгі мекемеде балалардың коммуникативтік тілдік құзіреттіліктерін дамыту жолдары" тақырыбында өз жұмысын жүргізді.педагогтардың кезекті де маңызды бас қосулары балабақшамен танысудан басталды.№5 сәбилер бақшасының басшысы педагогикалық ұжымның сапалық құрамы мен балабақшада жұмыс жасап жасқан жас шамалық топтар туралы мәлімет беріп өтті.Таныстыру соңы психологиялық жағымды тренингпен жалғасын тапты.Секция отырысының негізгі бөлімі баяндамалар болды. Алғашқы болып сөз алған №11 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Қ:К.Бүркітбаева "Мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеу тілдерін дамытуда моделдеу көрнекілігі тиімді тәсілдері"тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.Ұйымдастырылған оқу әрекетінде өзі қолданып жүрген дидактикалық ойындар және ол ойындар арқылы қандай дидактикалық міндеттерді шеше алғандығын ашып көрсетті.Сондай-ақ №50 сәбилер бақшасынан келген тәрбиеші Ш.И. Жандельдина "Жаңашыл технологияларды көркем әдебиет сабағында қолдану" тақырыбында өз баяндамасын оқыды.№122 сәбилер бақшасынан келген тәрбиешілер К.А.Ахметова және Ж.С.Айтқалиевалардың баяндамалары үздік деп танылып, марапатталды.К.А.Ахметова "ТТШТ" әдістерінен өз тәжірибесінде тиімді қолданысқа түсірген әдіс-тәсілдерін ортаға салды.Ал тәрбиеші Ж.С.Айтқалиева балардың сөйлеу машығын белсендірудің бірнеше әдіс- тәсілдерін ұсынды.Секция соңында рефлексия сәтінде тәрбиешілерге қызықты тапсырмалар берілді.Сонымен қатар өздеріне қиындық тудырған мәселелер туралы өз ойларын "Сыйқырлы қоржын" ойыны барысында ашып айтты.
Тамыз мәжілісінің секциялық жұмысының отырысы