Қол жуу схемасы
Қажетті жабдықтандыру: раковина, қағаз майлықтар, мөлшерлеуіші бар сұйық сабын, қағаз сүлгі.
Әрекет алгоритмі |
Орындау ерекшеліктері |
Теориялық негіздеме |
1. Кранды ашу, судың температурасын реттеу |
Су орташа жылы болу керек |
Ыстық су ұсақ тесіктерді ашады және микроорганизмдердің тері бетіне шығуға ықпал етеді |
I. Процедураны жүргізу |
||
2. Қолды су ағынының астында сулау |
Сабынның жуу қасиетін жақсарту үшін |
|
3. Алақанға сұйық сабын алу |
Бір реттік қолданылатын мөлшерлеуіштегі сұйық сабын жақсырақ болады. |
Қолды жуу сапасын жақсарту үшін |
4. Сұйық сабынды көпірту |
Сабын алақанды бір-біріне қатты үйкелеуден көпіреді. |
Көпіршік жуу қасиеттеріне ие |
5. Білезікті айналмалы қимылмен үйкеу |
Қолдағы кірді кетіру |
|
II. Процедураны аяқтау |
||
6. Сабынды қолдан кетіру |
Сабын қолдан қол жуғандағы ретпен кетіріледі |
Сабынды қолдан кірмен және микроорганизмдермен бірге кетіру |
7. Кранды жабу |
Кран қағаз майлықтың көмегімен жабылады |
Инфекциялық қауіпсіздікті сақтау, қолдың реконтаминациясын болдырмау |
8. Қолды кептіру |
Қол қағаз сүлгімен кептіріледі |
Терінің микрозақымдануын болдырмау үшін қолды сүртпеген дұрыс |