Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жастар саясатын жүзеге асыру

    Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.

Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады. Жастар саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында келесідей құндылықтар қалыптасады:

1.       Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік;

2.       Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу;

3.       Еңбекке құрмет;

4.       Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;

5.       Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік;

6.       Қиындықтан қорықпай табысқа жету;

7.       Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет ету.

 

Аталған мақсаттарға жету жолында біздің мектебімізде өз еңбегін атсалысуда.

Білім саласындағы орталық болғандықтан жастар саясатындағы  басты назарға жастардың сапалы білім алуын қолдаймыз. 

Қазіргі уақытта жастардың басты «әлеуметтік сатылары» сапалы білім болып табылады. Жалпы, білім деңгейі бойынша мектебімізде 94 оқушы үздік деп, 306 оқушы жақсы оқиды.

Жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту мақсатында  талантты да, үздік оқушыларымыз ғылыми жобалардан, пәндер бойынша облыстық  пән олимпиадаларынан жүлделі орындармен  марапатталып жатыр.

    Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Жас ұлан» -  өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйымда және «Жас Қыран» атты еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жастар тәрбиеленіп жатыр.

Сондай-ақ, жастардың және жасөспірімдердің бос уақытын қамту мақсатында мектеп қабырғасынан ашылған «Шахмат – ақыл –ой спорты» үйірмесінде мектеп оқушыларымыз ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты  спорт ойыны шахмат ойынына қатысады.  халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты  спорт ойыны шахмат ойынына қатысады спорт ойыны шахмат ойынына қатысады. Қызықты  спорт ойыны шахмат ойынына қатысады.  Халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты  спорт ойыны шахмат ойынына қатысады.

 

    Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын ұстану жолында мектебіміздің волейбол, баскетбол, белбеу күресі және ұлттық ойындар, футбол спорт секциялары жұмыстары қамтылған.

    Сонымен  қатар, жаз мезгілінде аз қамтылған және жағдайы төмен отбасы балаларын жастар саясаты аясында «Жасыл ел» қоғамдық жұмысына тартып, олардың әлеуетін көтеру және еңбек сүйгіштікке баулу мақсатында бір қатар жұмыстар жасалды. Бұл жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде, азаматтық тәрбие берудің бағыттарының бірі ретінде «Жасыл ел» және т.б жобалары жыл сайын іске асырылып, оң нәтижеге қол жеткіздік.