Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тұңғыш Президент кабинеті

пк

Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел.

Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің соңғы жиырма бес жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар - намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді.

Нұрсұлтан Әбішұлы - жер бетіне сөзін өткізіп, отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, оған жаңа Астана жасап, жаңа қала тұрғызған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгендеп, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер.

Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сара басшылығымен демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жетті. Еліміздің экономикасын көтеріп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, саяси реформалар жүргізіп, басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру бағыттарында да қомақты шаруалар атқарылды. Республикамыз қазірге дейін бірқатар халықаралық ауқымды шараларға бастамашы болып үлгерді. Әлемдік, өңірлік деңгейдегі құрылымдарды өмірге әкелудің көш басында жүрді. Ел ішіндегі этносаралық татулық пен дінаралық келісім үдерістері өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеге көтерілді. Дүниежүзілік, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы күш - жігеріміз де халықаралық қоғамдастық тарапынан оң бағаланып келеді. Жер шарының көптеген мемлекеттерімен тек достық, ынтымақтастық тұрғысында қарым-қатынас орнаттық. Кеңес өкіметінің құлаған сарайын күреп тастап, ата-бабамыздың ақбоз үйін тіге қою оңай болған жоқ. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса-тұрса ойлайтыны да, айтатыны да көп ұлтты еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмай, қиын өткелден алып шығуының бірден-бір жолы - шет елдердің қаржысын Қазақстанның экономикасын өркендетуге жұмсау, өзіміздің теңгемізді тұрақтандыру, дамыған елдермен байланыс жасап, жер бетінде Қазақстан атты мемлекеттің барын таныту болды. өтпелі кезең қиыншылықты болғанмен, мемлекеттің алдындағы өзекті мәселелерде Елбасы бірден-бір баянды бағыт ұстанды. Мемлекеттің қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын қалыптастыруды бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. бастамалар мен істердің бәрінде де Қазақстан Республикасы абырой биігінен көріне білді. Үлгі етіп ұсынған жаңашыл идеяларымыз бен іс - қимылдарымыздың халықаралық қоғамдастық тарапынан танылып, оң бағаланғанының жарқын бір көрінісі – туған Отанымыз табалдырықтан енді ғана аттаған 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 56 елдің қолдауымен аталған беделі биік халықаралық құрылымға бірауыздан төраға болып сайланды. Отанымыздың ЕҚЫҰ-ға бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының Орта Азия мемлекеттерінің және біртұтас мұсылман әлеміндегі елдердің арасынан топ жарып, алғаш төрағалық етуі де мақтануға тұрарлық жайт. «Нұр жауар хақтан рахман иманды ерге» дегендей, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері Президентіміз өзінің туған елін сара жолмен абыройлы бастап келеді. Бұл жолда Елбасы қаншалықты абыройлы болса, халқы да оны құрметтеп, сыйлаумен келе жатқаны баршаға аян.

Біздің Президентімізді дүние жүзі таниды және оны өз бауырындай, досындай, ақылшысындай, тіпті өздерінің басшысындай көретінін мақтан тұтамын!

Біздің мектебіміздің ашылуының өзі Елбасының тұғырлы саясатының арқасы. Мектеп іші жаңа, барлық кабинеттер заман талабына сай жабдықталған соның бірі Елбасы кабинеті. Кабинет іші өте жарық, керек техникамен жабдықталған. Кабинетте мемлекеттік мерекелерге қатысты түрлі ғылыми-практикалық конференция, дөңгелек үстел өткізіліп отырады.

dscn0070