Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Учителя казахского языка и литературы

 

Дүйсенбина Гүлсім Амангелдіқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Павлодар Университетін 2004 жылы «Қазақ тілі мен әдебиет пәні» бойынша бітірген. Еңбек өтілі - 24 жыл. Санаты – жоғары. Педагогикалық тәжірибесі мол, білімді де білікті, шығармашыл ұстаздардың бірі. Назарбаев Зияткерлік мектебі аясындағы Кембридж бағдарламасы бойынша ІІ еңгей бағдарламасы бойынша оқу курсын тамамдады.Биылғы жылы «Тәжірибедегі рефлексия» педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы курсынан өтті. Өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларына, шығармашыл топ жұмысына белсене қатысып, дидактикалық құралдар сайысында «5-сынып оқущысының жеке дәптері» құралы үшін І орынға ие болды. Гульсим Амангельдиновна үнемі ізденіс үстінде. Кәсіби шеберлігін ұштау мақсатында сабақтарында Қ.Бітібаеваның «Әдеби талдау» үлгілерін, Б.Оразыханованың «Сатылай кешенді талдау», тағы басқа озық технологияларды қолданады. Оқушылары ғылыми-практикалық конференция, қалалық және облыстық мәнерлеп оқу сайыстарының, пән олимпиадаларының жеңімпаздары. Осы оқу жылында Қасымхан Алуа М.Мақатаев оқуларының ІІ орын, Сарсембай Аида М.Жүсіп оқуларының І орын жеңімпазы болды. Оқушылары «Балауса» фестивалінің лауреаты. Ұстаз дайындаған топ «Өркенің өссін» сайысының жүлдегері атанды. Гульсим Амангельдиновнаның аса биік жетістіктерінің бірі- ҰБТ көрсеткіштері. Осы жетістіктері үшін бірнеше жыл қатарынан қалалық білім беру бөлімінің және облыстық Білім беру департаменті басшыларының атынан Диплом мен Алғыс хаттарына ие болды. 2016-2017 оқу жылы есімі «Табыс» кітабына енді.

 

Ақпарова Тоғжан Тілеуғабылқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Акпарова Тоғжан Тілеуғабылқызы-өзінің ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шеберлігі шыңдалған педагог. 1995 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиет пәні» бойынша тамамдады. Еңбек өтілі 25 жыл, санаты жоғары. Сабақтарында Н.К Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау», Соростың «Сын тұрғысынан ойлау» стратегияларын, Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті үлгілей оқыту» технологияларын қолданады. 2012 жылы маусым айында ПОПМБАИ-да «Біліктілігін арттыру үдерісінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің әлеуетін дамытудың технологиясы» (72 сағат) атты курстан өтіп, сертификат берілді. Заман талабына сай білімдену тақырыбын «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интербелсенді тақтаның тиімділігі» деп алып, интербелсенді тақтаны, электронды оқулықтарды жиі қолданады. 2013 жылы озық тәжірибесі таратылып, «Интербелсенді тақтаны қазақ тілі сабақтарында тиімді қолдану» тақырыбымен қала мұғалімдер арасында озық педагогикалық тәжірибесін таратты, сертификат берілді. 2010 жылы «Инновациялық технологияны қолданылған сабақ» номинациясының жеңімпазы болып, мадақтамаға ие болды. 2013 ж Республикалық тестілеу орталығында оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеруге және ҰБТ-ға арналған тест тапсырмаларына сараптама жасау комиссиясының мүшесі. Қалалық және облыстық «Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмысының өлшем бірліктерін құрастыру» бойынша шығармашылық топтың мүшесі. Қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиададан бірнеше рет жеңімпазы, «Дарын» республикалық ғылыми орталығының дипломдарымен марапатталды. 2016 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2016 жылы «Ұлттық бірыңғай тестілеуде» жоғары нәтиже көрсеткені үшін қалалық білім беру бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.

Жүсіпова Жұлдыз Сағадатқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Алматы Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын 1994 жылы «Қазақ тілі мен әдебиет пәні» бойынша бітірген. Еңбек өтілі 21 жыл, санаты -1. 2015 жыл – «ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» атты қалалық семинарының қатысушысы. 2016 жыл - «Көптілді білім беру аясындағы оқу-әдістемелік жасалымдар тәжіибесі» облыстық ғылыми-әдістемелік семинарының сертификат иегері. 2012 жылы аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасына оқушыларды сапалы дайындап, дарынды дамытуда қол жеткізген табыстары үшін Мадақтамамен марапатталған. 2013 жылы аудандық білім бөлімінің қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ-да жоғары нәтиже (100%) көрсеткені үшін Алғыс хатын иеленген. Шәкірт дайындауда 2012-2013 оқу жылында «Ақбота» Республикалық интеллектуалдық марафонында III орын алғаны үшін 5 сынып оқушысы Тұрсынбай Дидара дипломмен марапатталды. 2013 жылы «Ақбота» Республикалық интеллектуалдық марафонында III орын алғаны үшін 5 сынып оқушысы Алшынова Гүлнұр дипломмен марапатталды. 2013жылы «Ақбота» интеллектуалдық марафонында III орын алғаны үшін 7 сынып оқушысы Сағадат Қамшыбай дипломмен марапатталды.

Төлеухан Бақытгүл Төлеуханқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2009 жылы Павлодар қаласының Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық колледжін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтады. 2016 жылы Павлодар қаласының Инновациялық Еуразия Университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі-7 жыл. Санаты-2. «Жыл мұғалімі-2015» сайысының «Шеберлік шыңы» номинациясы бойынша 3 - орын иегері. «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлау» 2015 жылғы тамыз мәжілісінде «Үздік баяндама» жасағаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Жеке тұлғаға бағыталған оқыту технологиясы бойынша 2015 жылғы «Қалалық бапкер». 2015 жылы «III - деңгейлік курс, Өрлеу» курcын оқып бітірген. Халықаралық білім-ғылым интернет ресурсында «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық оқытушылар сайысында «Көп мағыналы сөздер» сабағымен қашықтықта қатысып, жұмысы үздік деп танылып I- орын мараппаталды. 2015 жылы ұйымдастырылған «Заманауи сабақ-2015» қалалық байқауында II-орын Мадақтамамен марапатталды. Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған 2015 жылы ұйымдастырылған Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің көркемпаздар шығармашылық қалалық байқауында I-орынға ие болған.