Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Педагог мәртебесі туралы заңға ұсыныс

Педагог мәртебесі туралы заңға ұсыныс

Кез-келген мамандықтың мәртебесін көтеру сол мамандықта жұмыс жасап жатқан адамның еңбегін бағалаудан басталады деп ойлаймыз.
Ал мұғалімдік еңбек өте күрделі – еңбек. Оның ерекшелігі, еңбегінің нәтижесі күнбе-күн немесе жылма-жыл көрінбеуі мүмкін. Сондықтанда мұғалімдердің еңбегі дұрыс бағаланбай жатады. Бір ғана мысал келтірейік.Білім саласында қырықтан астам жыл еңбек еткен, жоғарғы білімді, жоғарғы санатты мұғалімдердің  еңбегі дұрыс бағаланбай жатады.Осы жағдайды «Мұғалім мәртебесі туралы заңда» бір жүйеге келтіру керек.                             Жоғары білім алып мұғалімдік еңбек жолын бастаған жас маман 21-22 жаста болады деп есептесек зейнеткерлік жасқа жеткенше 40-тан астам жыл жұмыс жасайды екен.Осындай кезде мұғалімнің ұзақ жылғы еңбегін дұрыс бағалау керек сияқты.

Сондықтан:

-35-тен жоғары жыл тұрақты білім саласында үзбей еңбек жасаған адамға «Білім саласына еңбегі сіңген ұстаз» төс белгісін беру;

- 55 жасқа келген мұғалімдерді 25 жылдық еңбек өтілмен зейнеткерлікке жіберуді қалпына келтіруді ұсынамыз.Жалпы мұғалімдерді 63 жасқа дейін ұстаған дұрыс емес.

-Мұғалімдерге жеңілдіктер беруді (пәтер ақы, жылу төлеу т.б) ұсынамыз.

-Жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету. Себебі қазір мұғалімдік мамандықты таңдайтын мамандар азайып бара жатыр.

-Жақсы жұмыс жасап, жақсы нәтиже көрсеткен жастарды аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі марапатпен кезек күттірмей марапаттап, «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісіне дейін беру; (Жас қой кейін алады деп шегеруге болмайды. Бізде ондай жағдай көп. Жастардың да еңбегін дер кезінде бағалау керек.)

Сонымен бірге біздегі заңдардың бәрі бірінші орыс тілінде жазылып, соңынан қазақ тіліне аударылуда. «Мұғалім мәртебесі туралы заңды» міндетті түрде мемлекеттік тілде, қазақ тілінде жазуды ұсынамыз.