Телефон доверия
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Адрес: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі

Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтап, дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту,тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау мақсатында 7 «А» сынып оқушысы Серікхан Аружан мектеп асханасы қызметкерінен, оқушылар мен  мұғалімдерден сұхбат алды. Сол сұхбаттан үзінді.

1-сұхбат

Серікхан Аружан, 7 «А» сынып оқушысы, «Жас қаламгер» мектеп баспасының  жас тілшісі:

-Татьяна тәте,  сәлеметсіз бе? Мектеп асханасында  көптен бері жұмыс істейсіз. Мектеп асханасында  оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру жайлы не айта аласыз?

Татьяна, мектеп асханасының  аспазшысы:

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы Заңының 43-ші  бабының 3-ші тармағының 11 тармақшасына, 45-бабы 3-тармағының 4 тармақшасына, 48-бабына сәйкес, мектепалды және бастауыш сынып оқушыларының білім алуын қамтамасыз ету және оған жағдай жасау мен бөлінген бюджет қаражатының мақсатты түрде жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында  2013 жылдың тамыздағы «Мектеп асханасында  оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру» туралы № 448 бұйрығы негізінде  оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету және санитарлық – гигиеналық талаптар орындау туралы қамтамасыз ету мақсатынының бұйрығы бойынша

  • 1 қыркүйектен бастап  барлық оқушылардың  тамақпен қамтылуына басты назар аударып, яғни 1-4 сынып, ақылы және тегін тамақтанатын көпбалалы жанұялардан, аз қамтылған және ата-ана қамқорынсыз  (жетім) қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп оқушылар толық ыстық тамақ ішуіне жетік көңіл бөлінді.
  • Әлеуметтік жағдайды ескеріп, тегін ыстық тамақпен қамтуға  тікелей жауап беретін әлеуметтік педагог Мальшубаева Мадинаға  жүктелінді.
  • Мектепте тамақтану мәселесімен айналысатын  жеке кәсіпкерлер.  Тамақтарды тасымалдау, даярлау кезінде белгіленген санитарлық – гигиеналық сақтау асхана жалшысы және аспазшылар жауап береді.
  • Тағам саласындағы жұмыскерлермен санитарлық сауаттылық пен жеке бастың гигиенасын сақтау туралы жұмысты үнемі жүргізіп, ол мәселе мектеп медбикесі  А. Ахметжановнаның   қадағалауында болады.

Мектеп тағамдары қалай дайындалады, қандай азық-түлікпен дайындалатынын мектеп оқушылары да қазіргі таңда біле алады. Мектеп тарапынан «Мектебімдегі асхана» апталығы өтті, мектеп оқушыларынан құрылған делегат, мектеп асханасының жұмысымен күнделікті танысып, тамақтану режимін, ыдыс-аяқ, асханадағы азық-түліктер, тамақтың сапасы, құнарлығын білуге толық мүмкіндік алды. Сол жобаға қатысқан оқушылардың пікірін білсеңіз болады. Асхананың тыныс-тіршілігімен танысқан оқушылар жұмысымыздың ауырлығын және артылған жауапкершіліктің көптігін аңғарып, алғыстарын айтып кеткен болатын.

  

2-сұхбат

«Мектебімдегі асхана» апталығына қатысқан оқушы, делегат мүшесі, мектеп озаты 5 «Ә» сынып оқушысы Абайқызы Дариға:

  • Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:

Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. 

Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады.

Тамақтың сапасы, құнарлығы: тамақтың дайндалуы асхананың режиміне сай, орта құнарлығы 552 ккал

Ас мәзірі, сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынады.

Буфет тағамдарының түрлі мәзірі бірден сатылып кетеді. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын, кептіретін арнайы орынның жабдықталуы бар.

 «Тамақтану оқушылар көзімен» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларынан және «Ата-ана көзімен» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарынан 15-20 минуттық «Ашық микрофон»  сабақтары өткізілді. Ол сабақтарға, Аружан, өзің де куә болдың!

Жас тілші Аружан:

  • Ия, Дариға, рас айтасың! Ол сабақтарға өзім де қатысып, оқушылар мазалаған, өзімді мазалаған біраз сұрақтарға жауап алып қайтқан болатынмын.

6 «Ә» сынып оқушылары төмендегі мына сұрақтарға жауап алды:

1. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
2. Қандай заттар тағам құрамына кіреді?
3. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?
4. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?

Осы сұрақтар негізінде пікірлер айтылып, өз ойларымен бөлісті.

7 «А» сыныбы «Тамақтану мәдениеті» тақырыбын өзек етіп, сабақ өткізді. Мектеп асханасына кірген кездегі сақталынатын ережелерді білетіндерін байқатты.

Дариға, апталықта атқарған жұмыстарың  жүйелі, оқушылар мен ата-аналар үшін маңызды болды деп есептеймін. Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыруда  санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталып, ыстық тамақпен толықтай қамтылып, астың дайындау сапасының жоғары деңгейде екенін өздерің көріп, оқушылар мен ата-аналарға да жеткізе білдіңдер. Сендерге көптен-көп рақмет! Мектебімізде жақсы жаңалықтар көп болсын!  Сау бол!

3-сұхбат:

Мектеп асханасында тамақтанып отырған алгебра пәнінен беретін  Ром Әлия мұғалімді жолықтырдым.

Жас тілші Аружан:

  • Әлия Ромқызы, тамақтанып жатқанда кедергі келтіргенім үшін кешіріңіз! Бірнеше сұрағыма жауап бере аласыз ба?

Әлия Ромқызы:

  • Оқасы жоқ, Аружан, сұрай бер!

Жас тілші Аружан:

  • Мектебімізде жиі тамақтанасыз ба?

Әлия Ромқызы:

  • Иә, Аружан, екі ауысымда да сабақтарым болғандықтан мектептен тамақтануға тура келеді.

Жас тілші Аружан:

  • Мектеп асханасының тамақтары ұнай ма?

Әлия Ромқызы:

  • Әрине, ұнайды! Өзім тойымды тамақтарды ұнатқандықтан көбінесе «второй» мен буфеттік өнімдер аламын. Гуля тәтенің бәліштері, тәтті тоқаштарын ерекше жақсы көремін. Кейде үйге балаларыма да ала кетемін.

Жас тілші Аружан:

  • Рақмет, сұхбатыңыз үшін! Асыңыз дәмді болсын! Сау болыңыз!