Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектептің 2019 – 2020 оқу жылындағы жұмыс анализі

Мектептің 2019 – 2020 оқу жылындағы жұмыс анализі

 

Анализдің мақсаты: мектептің өткен кезеңдегі қызметі қорытындысының бағасын жүзеге асыру; оның әрі қарай дамуының таңдаулы нұсқаларын анықтау, жаңа оқу жылына мектеп қызметінің жүйесін жобалау.

Анализдереккөздері.

  1. Білім беру үдерісінің статистикасы.
  2. Мектепішілік бақылаудың жүйелендірілген  мәліметтері.  

2019-2020 оқу жылы мектептің педагогикалық ұжымының қызметі ҚР «Білім беру туралы» Заңын, мектеп Жарғысын, бұйрықтарын, БҒМ, Павлодар облысының және Павлодар қаласы  ББ-нің әдістемелік хаттары мен ұсынымдарын, сондай-ақ, білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы реттеліп отырылатын мәселелер анықталған ішкі бұйрықтарды басшылыққа алды.

 Мектепте арнайы сыныптар – жалпы сөйлеуі дамымаған (ЖСД), психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балаларға арналған сыныптар бар. Арнайы сыныптарды құрудың басты мақсаты ерекше білім беруді талап ететін балаларға  олардың жеке-типологиялық ерекшеліктеріне,  денсаулықтарының соматикалық және жүйке-психологиялық жағдайына сәйкесімді жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

     2019-2020 оқу жылы мектеп ұжымы «Инклюзивті білім беру мектепті комплексті дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы ретінде» атты әдістемелік тақырып бойынша жұмысын жалғастырды. Әдістемелік  жұмыстың  мақсаты: мектептегі әрбір оқушыға білім беру міндеттерін шешуге бағытталған инклюзивті білім берудің тұтас жүйесін қалыптастыру, оқыту сапасы  тиімділігін арттыру және әрбір оқушыны тәрбиелеу; Оқушылардың продуктивті қарым-қатынасы  механизмдерін дамытуға арналған және олардың әлеуметтік бейімделу мен оқушылардың қазіргі қоғамдағы әрі қарай интеграциялануына мүмкіндік беретін коммуникативті тәртіп  үлгісін меңгерулеріне тиімді  жағдай жасау.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесілер қажетті:

-әрбір балаға инклюзивті білім беру жағдайындғыа  оқу ортасын, адекватты мүмкіндіктері жағдайларын өңдеу;

-оқушылардың адамдармен, әлеммен және өзімен қарым-қатынас жасау субъектісі ретінде табысты болуына  көмек көрсету, оқушылардың  білім алу қызметіндегі өзін-өзі басқара алуы мен өзін-өзі дамытуы;

-білім беру үдерісін ИКТны кеңінен қолдану негізінде, құралдарды қалыптастыру арқылы және өздігінен даму тәсілдері мен оқушының білім алу үдерісіндегі алға жылжулары арқылы жекешелендіруді жүзеге  асыру;

-мектеп ортасында алғышарттар мен интеграция құруға көмектесу;

-оқуға деген дайындықыты, танымдылыққа деген қызығушылықты, оқыту ортасын интеграциялауға деген дайындықты анықтап, қалыптастыру;

-оқушылардың танымдылық үдерісіне, мінез түріне, жасына және бағдарлама мен мемлекеттік стандарт талаптары деңгейіне сәйкес кең спектр дағдылары мен функционалды сауаттылықты қалыптастыруға көмек көрсету;

-оқу ортасына, қоғамдағы әлеуметтендіруге жеке дамуын, продуктивті қарым-қатынастың жағымды эмоционалды мотивін белсендендіру;

-мектептеп мұғалімдерінің қазіргі заманғы білім беру технологияларын, оның ішінде  оқытудағы ИК технологияларын қолданулары;

-жаңартылған білім беру талаптары бойынша жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу мен негізгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті критерилер жүйесін өңдеу;

-үздіксіз білім беруге деген қалыптастырылған  дайындық пен қажетті методологиялық мәдениет деңгейін меңгерген, инновациялық кәсіби қызметке қабілетті педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;

-педагогтардың, білім беру үдерісінің және инновацияның тиімділігі қызметі қорытындыларрына нысанды мониторингті зерттеулер өткізу;

-тәрбие жүйесін өзін-өзі дамыту мен рухани-адамгершілік тәрбие бойынша әзірлеп, жүзеге асыру;

-балаларды анықтау мен дамытуға арналған аса тиімді психодиагностикалық комплекстерді апробациялау және енгізу;

-білім берудің және қосымша білім берудің (орта білім берудің) жоғары сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық-техникалық базаны құру;

-мектепті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға, оқыту-тәрбиелеу үдерісіне енгізілген барлық білім беру құрылымдары мен персоналдарын  тиімді  басқаруды әзірлеп, жүзеге асыру.

Тақырыпты жүзеге асыру жылдар бойынша құрылымдалған және 2019-2020 оқу жылы мектеп «Мектептің инклюзивті қызметі жаңартылған білім беру мен инклюзивті білім беру ресурсы тәрізді» атты тақырып бойынша жұмыс жасады.

Мектептің міндеті – ООП және танымдылық белсенділігі деңгейі жоқары балаларды дамыту мен әртүрлі қабілеттерін анытау үшін тиісті мүмкіндіктер құру, олардың зерттеушілік қызметтегі құзыреттілігін қалыптастыру және олардың өзін-өзі табысты түрде анықтап, әлеуметтендіру мен өзін-өзі дамыту мақсатындағы жеке өмірлік стратегияларын қалыптастыру.

Оқушылардың әлеуметтендірілу мен оқуға деген ынтасы міндеттерін шешудегі мектептің рөлі келесідегідей:

-оқыту мен тәрбиелеудегі ұйымдастырушылық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік тәсілдерді жетілдіру;

-оқушылардың табысты әлеуметтік бейімделуі мәселелерін шешу;

-оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мен құндылық бағдарларды қалыптстыруды қамтамасыз ету.

Мектептің қндылық негізі қызметі келесідей қалыптасады:

-білім беру нәтижесі әр баланы жеке мүмкіндіктері есебімен  дамытуды қамтамасыз етуі тиіс;

-оқушыларды барлық кезеңдердегі  оқыту мен тәрбиелеу танымдылықты, эмоционалды-ерікті жүйені дамытуға, әлеуметтік интеграциялауға бағытталады;

-оқытылу кезеңінже оқушылар мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік  көмек пен оқытумен, тәрбиелеумен, денсаулықпен және әлемуттендірілумен байланысты проблемаларды шешуде көмек пен қолдау көрсетіледі;

-әрбір мұғалімнің шығармашылық бойынша өзін-өзі дамытуынағ оның өзін-өзі жүзеге асыруына, кәсіби қызметіне жағдайлар жасау.

Жыл сайынғы жұмыс анализі мазмұны бүкіл педагогикалық ұжымның жұмысы туралы түсінік беріп, қорытынды шығаруға мүмкіндік жасайды: оқыту үдерісі жан-жақты зерттеледі; тексерілетін аспектілер бойынша қабылданған шаралар тиімді; әрбір қаралатын мәселе бойынша кемшіліктер, ескертулер мен оларды ешу жолдары анықталады. Мектептің бағдарламалары мен жоспарлары негізделген, оларда нақты ресурстар ескеріледі, мүмкіндікері мен салдары анықталады, жұмысты бағдарлауға, жоспарлауға деген жүйелі тәсілдер тексеріледі.

 

  1. Мектептің білім беру туралы мемлекеттік нормативті құжаттарын орындауға бағытталған қызметін ұйымдастыру

 

        1) ҚР «Білім беру туралы» Заңына сәйкес, баланың тегін білім алу құқығын жүзеге асыру мақсатында мектепте мектеп жасындағы балаларды оқытумен қамту бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Мектепке толығымен қамтылуды қамтамасыз ету үшін мектеп оқушыларының электронды мәлімет базасы (1-10-сыныптар)  құрылған.

         2)  2019 жылғы қыркүйек аыйндағы және 2020 жылғы қаңтар айындағы жоспарға сәйкес, мұғалімдердің пәндік күнтізбелік-тақырыптық жоспары бекітілді.

          3) 2019-2020 оқу жылы мектепте 35 комплект сынып болды, оқыту орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі (8 «к» сыныбы, 1 «а» сыныбы). Бастауыш сыныпта 18 комплект сыныптар бар, олардың 7 сыныбы ЖСД, 11 сыныбы ПДТ сыныптар. Жалпы 17 сынып бар, олардың 3 сыныбы ЖСД, 15 сыныбы ПДТ сыныптар.

 

 

Мектеп оқушыларының үш жылдағы контингенті

Оқытылу сатысы

2017-2018ж.

2018-2019ж.

2019- 2020ж.

 

Барлығы сыныптар

Оқушылар саны

Барлығы сыныптар

Оқушылар саны

Барлығы сыныптар

Оқушылар саны

Бастауыш мектеп

16

171

16

179

18

174

Негізгі мектеп

19

178

19

174

17

132

Барлығы

35

349

35

353

35

306

               

 

 

Осылайша, ПДТ және ЖСД балаларға арналған сыныптар саны артқаны ерекше білім беруді талап ететін және мүгедек балалары бар ата-аналардың, сонымен қатар, қалада ғана емес, қаладан тыс жерлердегілердің де мектепте көбейгенін көрсетеді. 2019-2020 оқу жылының 1-қыркүйегінде оқушылар саны 305-ті құрады. Оқу жылы бойы мектеп екі ауысымда жұмыс істеді. Бірінші  ауысымда оқитын оқушылар саны – 170, екінші ауысымда оқитындар саны – 136 болды.

 

Оқытудың I-сатысы

1 – 4 сыныптар

174адам

ЖСД сыныптарда 68

7  комплект-сыныптар                           

1а,1б,1в,1г, 2а,3а, 4а

ПДТ сыныптарда 106 

11 комплект-сыныптар

1д, 2б, 2в, 2г,3б, 3в,3г,3д, 4б,4в,4г

Оқытудың II-сатысы

5 – 10 сыныптар

132адам

ЖСД сыныптарда 23 

3 комплект-сыныптар

 6а, 8а, 10а

109ПДТ сыныптарда

14 комплект-сыныптар

5а, 5б,6б, 6в,7а, 7б, 7в,7г,  8б, 8в,8г, 8к,9а,9б, 9в,   10б

 

     Оқу жылының соңында мектептегі оқушылар саны 306 адамды құрады, бұл оқу жылының басына қарағанда 1 адамға артық. Оқу жылы бойы мектепке 16 оқушы келді, 17 оқушы шығып кетті.

     Шығып кетудің басты себептері:

1.  Қаладан тыс жерге көшіп кетуі  

2.  Басқа мектепке ауысуы  

3.  Арнайы-мектеп-интернатқа жіберілуі  

Сыныптардың орташа толықтырылуы 2019-2020 оқу жылы – 10 оқушыны құрады, бұл оқуларды сапалы оқыту үшін тиімді болып табылады.

 Мектеп әкімшілігі азаматтар құқығын жүзеге асыру бойынша қызметінде білім беру саласындағы ҚР заңнамасын, нормативті құжаттарды басшылыққа алады және азаматтардың білім  алуының конституциялық құқығының сақталуына үнемі бақылау жасап отырады.

Оқушыларды  қабылдау  мектеп директорының  бұйрығы  негізінде ата-аналар өтініштері мен ҚПМПК қорытындысы бойынша жүргізіледі, бұл бұйрықтар кітабына жазылады. Барлық келген және кеткен оқушылардың білім беру мекемесіне  келуі  мен  кетуі туралы құжаттары  бар.

 

 

   Үйде оқытылактын оқушыларды жеке оқыту

         Ерекше білім беруді талап ететін балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыру мемлекеттік білім беру стандарты шеңберіндегі білім беру бағдарламаларын меңгеру міндетін алға қояды. Аталмыш санаттағы балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызды түрі олардың танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес білім алу құқығын жүзеге асыру, қоғамда әлеуметтік бейімделуі мен интеграциясы, өз баласын тәрбиелеу мен дамытудағы отбасының рөлін арттыру болып табылады. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы мектепке келе алмайтын мектеп жасындағы балалар үшін оқытудың үйде оқыту түрі әрекет етеді.

Үйде оқытуды жүзеге асыратын педагогтар, психологтар, логопедтер келесі бағыттар бойынша арнайы қолдау көрсетеді: оқыту үдерісі шеңберіндегі көмек, оқуға деген жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру, ата-аналармен бірігіп жұмыс істеу. Салыстырмалы анализ үш жыл бойы үйде оқытылатын оқушылар саны артқанын көрсетеді. 2017-2018 оқу жылы  67 оқушы үйде жеке тегін оқытылған (оқушылардың жалпы санының 18%), 2018-2019 оқу жылы– 78 (22%),  2019-2020 оқу жылы - 49 оқушы болды (16%). Барлық оқушылар ДКК шешімінің  анықтамасы негізінде оқытылады. Мүгедек балалар саны артып келеді. 2017-2018 оқу жылы мектепте 65 мүгедек бала оқыды3 2018-2019 оқу жылы – 79, 2019-2020 оқу жылы – 61 мүгедек бала оқыды.

            4)Оқу жылы бойы толық емес және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына, жетім балаларға  әлеуметтік қолдау көрсетілді. Ыстық тамақпен 268 (87,6%) оқушы, буфеттік тамақпен –  38 (12,4%) оқушы қамтылыды. 2020 жылғы 9 қаңтардан бастап 1-4-сыныптардың  оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылды. Жалпыға бірдей қоры есебінен тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасынан 73 оқушы қамтылды,  арендаторлар есебінен - 3 оқушы қамтылды.

         Одан басқа, кеңсе тауарлары мен мектеп құралдары түрінде материалдық көмек көрсетілді, сонымен қатар, жалпыға бірдей оқыту қоры есебінен   және демеушілерден  республикалық «Мектепке жол» акциясын жүзеге асыру аясында 1142189 теңгеге  көмек көрсетілді.

         5) Оқушылардың мектепке келуіне бақылау жасау үшін белгілі бір жүйе құрылған, онда сынып жетекшілері күн сайын келу есебін жүргізіп, оқушылардың мектепке келмеу себебін анықтап отырады. Бұл есеп сондай-ақ, сынып журналдарында да жүргізіледі.электронды «Күнделік» журналы жүргізіледі, журналда оқушылардың сабаққа қатысуы есепке алынады. Сынып жетекшілері апта сайын сабаққа қатысу есеін тапсырып отырады, әрбір айдың соңында оқушылардың сабақты босату себеін  дәлелдейтін құжаттармен салыстырмалы есептер тапсырады. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орныбасарлары оқушылардың сабаққа қатысуы есеі туралы анықтама жазатын анализді жасайды.

         6)  Мектеп қалалық психолого-медико-педагогикалық комиссиямен мектеп оқушыларының контингентін  жинақтау  мәселесі  бойынша, ерекше  білім беруді талап ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тығыз қарым-қатынас жасайды.

        

II.Педагогикалық кадрлармен жұмыс, олардың біліктілігін арттыру, аттестаттау

  Білім беру сапасы педагогикалық  құрамның  сапасымен  анықталады.  Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы «ҚР жалпы білім беретін мектептердің қызметін  ұйымдастыру тәртібі туралы» Ережеге сәйкес, оқыту-тәрбиелеу   үдерісін  нәтижелі түрде  жүзеге асыруға, педагогикалық  шығармашылықты дамытумен  айналысуға  мүмкіндік береді.

 2019 – 2020 оқу жылы мектеп қажетті педагогикалық кадрлармен  толығымен  жинақталды.  Педагогикалық  кадрлардың  оқыту жүктемесі заңнамалық  нормативтерге және педагогтардың сұраныстарына сәйкес  жүргізілді.

     Мектепте  2019-2020 оқу жылының басында барлығы 89 мұғалім болды, о сондай-ақ, педагогтарға теңестірілгендер де болды (10) :2 психолог, 1 әлеуметтік педагог, 7 логопед.

 Жоғары біліммен 85 (жалпы педагогтар санының 96 %-ы), орта арнаулы біліммен 4 (4%). Педагогтардың көбінің мол педагогикалық тәжірибелері бар. 

 2019 жылғы 01 қыркүйекте 20 жылдан аса педагогикалық өтілі 43 мұғалімде болды,  16 жылдан   20 жылға дейін 13 педагогта,  11 жылдан 15 жылға дейінгі жұмыс өтілі  9 адамда,  3  жылдан 10 жылға дейін – 19 адам,  5 мұғалімнің жұмыс өтілі   3 жылға дейін.  Осылайша,  мектептің 65 педагогының (педагогтардың жалпы санының 73% -ы) оқу жылының басында еңбек өтілі 10 жыл және одан аса болды.

Педагогикалық ұжымның сапалық саны да мектеп мұғалімдерінің жоғары кәсіби потенциалын көрсетеді. 38 педагог жоғары санатты (олардың ішінде 9 педагог зерттеуші), бірінші санатты – 19 (олардың ішінде 4 педагог-сарапшы), екінші – 16 (оның ішінде 6 педагог-модератор), санаты жоқ 16 педагог болды. Осылайша, оқу жылының басында 57 педагогтың (64 пайыз) жоғары және бірінші санаттары болды, бұл жалпы білім беру мекемелерінің лицензиялық талаптарына сай келеді.  

         Әдістемелік жұмыс

   Педагогикалық  ұжым  қызметінің  негізгі  мақсаттарының  бірі  білім беру сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Аталмыш мақсатты  жүзеге асыру  үшін  әдістемелік  қызметтің «Мұғалімнің жаңартылған мазмұндағы білім беру мен инклюзивті білім беру жағдайында кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» атты тақырыбы  белгіленді, ол оқушылардың оқудағы  жетістіктерін арттыруға, олардың функционалдық сауаттылығы  дағдыларын дамытуға  мүмкіндік беретін  жаңа  педагогикалық технологияларды  оқу  үдерісіне енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру саласында ҚР заңнамасымен, ҚР БҒМ нормативті құжаттармен, нұсқаулықтармен,   бұйрықтарымен, ҚР БҒМ ұйғарымдарымен, мектепті  дамыту бағдарламасымен.

Білім беру үдерісі жағдайының нәтижесімен, оқытылу деңгейімен, оқушылардың тәрбиесі мен дамуымен.

 Педагогтардың кәсіби мүдделері мен сұранымдарының болуымен.

Әдістемелік жұмыстың түйінді мақсаты:  Жаңартылған білім беру мазмұны мен инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыруға арналған ұйымдастырушылық-басқарушылық ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық жағдайлар құру.

Бұл мақсатты жүзеге асыруға мектепішілік басқару мен мектеп өміршеңдігі жүйесімен байланысты міндеттер жұмылдырылды. Педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік қызметін жетілдірудегі құралды өңдеуге, енгізуге, мектептегі  оқыту-тәрбиелеу үдерісіне қажетті, білім бері үдерісіне қатысушылардың барлығының денсаулықтарын сақтау мен нығайтуға көмек көрсететін, білім беру мақсаттары үшін қажетті  әдістемелер, бағдарламалар, технологиялар, жеке педагогикалық қабылдаулар, дәстүрлі емес сабақтар мен басқа да ғылыми-әдістемелік өңдеулерді  жетілдіруге бағытталған.

Әдістемелік қызмет құрылымына әдістемелік кеңес, 8 пәндік әдістемелік бірлестіктер кіреді.

 Әдістемелік қызмет жұмысының басты міндеттері:

1.№15 ЖОБМ мұғалімдерінің құзыреттілігінің қалыптасу сатысын анықтау;

2.Мектептің педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі жүйесін құру;

3.Педагогтардың кәсіби дамуы үшін ғылыми-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету;

4.Педагогтардың кәсіби дамуының материалдық-техникалық қолдауын қамтамасыз ету.

5.Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру тәжіриесін жалпылау.

Мекептің әдістемелік тақырыбына сәйкес педагогтардың өз білімін жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылды. Әрбір ӘБ өзінің әдістемелік тақырыбы бойынша, мектептің әдістемелік тақырыбына байланысты және өз қызметіне байланысты, ең алдымен әрбір жеке мұғалімге әдістемелік көмекті ұйымдастыруға бағдарлана отырып   жұмыс жасайды.  

 

ӘБ білім беру қызметіне талдай жасай отырып, келесі аспектілерді атап өтуге болады:

1.ӘБ мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мемлекеттік бағдарламалар талаптарына сәйкес жүзеге асырылды, нормативті-құқықтық және білім берудің барлық деңгейдегі басқарушылық құжаттары негізінде жүргіілді, оқушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталды.

2.Барлық пән мұғалімдері білім беру үдерісін негізін ҚР БҒМ  жалпы білім беретін мектептерге  арналған бағдарламалары құрайтын жұмыс бағдарламалары бойынша жүзеге асырды.

3.Озық педагогикалық тәжірибені ұсыну мен жалпылау бойынша жұмыс  бұрынғыша тиімсіз болып қалуда. Аталмыш бағыт бойынша негізгі проблема педагогтардың аналитикалық материалдар дайындағылары келмейтінінде, көптеген педагогтардың өз жұмыстарын жүйелендіре білмейтіндігінде болып отыр.

4.ӘБ жоспары мен жұмыс анализінде ӘБ білім берудің аса проблемалық шешімдерін қарастыратыны аталған, әртүрлі проблемаларды шешу жолдарын іздеп, тауып, өз жұмысында белсенді формаларды қолданып жатыр. Бұл мектеп жұмысының қорытындысына жағымды әсер ететінін көрсетуде. Бұл  мектептегі ӘБ мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру үдерісін үздіксіз қамтамасыз етуге көмек көрсететіні туралы айтады.

5.Дегенмен, жұмысты жоспарлаудағы ресімилікті және ӘБ жетекшісінің анализ өткізуін атап өту керек: міндеттердің, мәжілістер тақырыптарының және тіпті ашық сабақтардың қайталануы, сандық мәліметтер мен мұғалімдердің конкурстарға қатысу мәліметтері ауыстырылып отырылады.

6.Мектепте мұғалімдердің ақпараттық технологияларды игеруіне зор көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта мектептегі мұғалімдердің барлығының үйінде компьютер бар, бұл әрине аталмыш бағыттағы жұмысты жеңілдете түседі. Бірақ, мұғалімдердің барлығы ИКТны жүйеде қолданбайды. Және компьютердің жетіспеуінен жұмыста ақпараттық технологиялар қолданылмайды деуге болмайды, ал мұғалімдердің аталмыш мәселеге деген қатынасынан болып отыр.

Әдістемелік бірлестіктердің тиімді қызметі өткен жылғы жұмыстың сапасымен анықталады.

2019-2020 оқу жылы әдісемелік бірлестік қызметі келесілерге бағытталды:

1.Оқыту мен білім сапасының жағдайын, оқушылардың пән бойынша білімі мен дағдыларын зерттеу және талдау жасау(тақырыптық және әкімшілік бақылау жұмыстарының қорытындысы мен олардың анализі, бір-бірінің сабақтарына қатысу және сабаққа, сыныптан тыс шараларға  талдау жасау, тиімді педагогикалық технологияларды оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру мақсатында қолдану және т.б.).

2.Мұғалімнің жұмыс жүйесін зерттеу (сабақты жоспарлау мен ұйымдастыру сапасы, оқыту әдістерінің тиімділігі,).

3.Мұғалімдердің өзекті тәжірибесін зерттеу және оны шығармашылық түрде қолдана білу.

4.Пән бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру.

5.Мұғалімдердің сабақтарда және сабақтан тыс жұмыста ИКТ қолдануы мен ақпараттық мәдениетін дамыту.

6.Әдістемелік қолдауды ұйымдастыру және мұғалімдерге өз білімін жетілдіру бойынша қызметті ұйымдастыру.

7.Қажетті әдістемелік-дидактикалық материалды өңдеу мен жүйелендіру және ресурсты қамтамасыз етуді жетілдіру.

Педагогикалық ұжымның барлық мүшелері жеке әдістемелік тақырып немесе проблема бойынша жүйелі, жоспарлы жұмыс жүргізуде. Өз білімін жетілдіру мәселелері ӘБ мәжілістерінде талқыланады. Мектептің әдістемелік жұысында сабақты ұйымдастыру түрлері мен әдістеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сабаққа қатысу мен бақылаудың басты бағыттары: оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру; оқушылардың танымдық қызметінің тәсілдері мен әдістерін белсендендіру; пәнді оқыту жағдайы; әр деңгейлі оқытуды қолдану, ИКТ қолдану, мемлекеттік қорытынды аттестациялауға дайындалу, сабақ үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау, қайталауды ұйымдастыру сабақты оқыту сапасын айтарлықтай жақсартуға бағытталған.

Қорытынды: сабақтарға қатысу анализі көрсетеді: сабақтар бір-бірінен әдістемелік сауатты түрде құрылуымен, дидактикалық принциптерге сәйкестігімен, рационалды құрылымымен және ырғағымен, заманауи педагогикалық технологияардың қолданылуымен  ерекшеленеді. Мектеп педагогтары заманауи білім беру технологияларын білім беру үдерісінде ілім беру сапасын арттыру ретінде қолданады.

 

Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін арттыруға педагогикалық және әдістемелік кеңестер мәжілістері көмектеседі, 2019-2020 оқу жылы жылдық жоспарға сәйкес 5 педагогикалық кеңес мәжілісі мен 5 әдістемелік кеңес мәжілісі өткізілді.

2) Кәсіби құзыреттілікті арттыру формаларының бірі болып педагогтардың кәсіби конкурстарға қатысулары болып табылады. 2019-2020 оқу жылы мұғалімдер келесі деңгейлер бойынша тинтеллектуалды конкурстарға қатысты:

Қалалық деңгей қорытындысы:

«Таңдаулы әдістемелік-дидактикалық құрал – 2020» қалалық конкурс кезеңінде біздің мектептент 12 мұғалім қатысты, олар қалалыұ шығармашылық топтарда өңделген әдістемелік-дидактикалық материалдардың 10 жинағын ұсынды:

Смагулова З.Ж. қазақ тілі бойынша  (1 -орын),  Кабасова А.Ж.  информатика бойынша  (1 -орын), Абжекеева А.З. 4-сыныпқа және 9-сыныпқа арналған өзін-өзі тану бойынша  (1 -орын) , Мыкымова А.Б. химия бойынша (2 -орын),  Гюнтнер Г.Н.   биология бойынша (1 -орын), Шарбакбаева Р.М. биология бойынша  (2 -орын), Аюпова А.А.,   география бойынша  (1 -орын).  мектеп логопедтерінің шығармашылық тобы 3 -орын (Акказенова А.Г.,  Амаркулова А.Д., Прокопенко Т.А., Шу У.Г.) және               2-орын Амаркулова А.Д.  Гюнтнер Г.Н. республикалық қашықтық  олимпиаданың қалалық кезеңінде  КИО 1 -орын.

Облыстық деңгей қорытындысы:

Хамитова А.А. в  областық «Жылдың ұздік психологы» конкурсында   2-орын үшін диплом алды. 

Онбаева З.А. в областық «Таңдаулыинновациялық жоба» конкурсында                         2 -орын; областық«Таңдаулы оқыту-әдістемелік құралы»  конкурсында ИПК ПК «Өрлеу»қатысқаны үшін сертификат алды.

Жанке Г.А. мен  Ахатова Г.С.  областық «Таңдаулы оқыту-әдістемелік құралы»конкурсында  2 -орын, ИПК ПК «Өрлеу».

 Гюнтнер Г.Н.  Республикалық  КИО  қашықтық олимпиадасының облыстық  кезеңінде 1 –орын алды.

Мұратхан Қ. А.  Республикалық  КИО  қашықтық олимпиадасының облыстық  кезеңінде 1 –орын алды.

Дуйсекенов Р.М. Смирновтарды еске алуға арналған гір көтеру спорты бойынша облыстық кубокта  - 1 –орын алды.

Областық «Таңдаулы оқыту-әдістемелік құралы»конкурсының  «Білім беру жеке тұлғаны әлеуметтендіру  факторы ретінде» бағыты бойынша 1 -орынды  мектеп логопедтерінің шығармашылық тобы жеңіп алды  (Амаркулова А.Д., Аманкулова А.К.,  Прокопенко Т.А., Шу У.Г.)  және2-орындыПрокопенко Т.А.алды.

Кашенова Г.Ж. - областық «Педтәжірибе-2020» конкурсында жинаққа педагогикалық тәжірибе жалпыланды.

Смагулова З.Ж. - областық «Педтәжірибе-2020» конкурсында жинаққа педагогикалық тәжірибе жалпыланды

Кумарова А.Е. менСулейменова А.С. – Областық «Педагогикалық шеберлік»конкурсында 2-орын алды.

Республикалық деңгей қорытындысы:

Мұратхан Қ. А. Республикалық байқауы «Үздік сабақ жоспары» - диплом 1 орын; «Жаңартылған білім мазмұны-жаңашылдыққа бастама» тақырыбындағы ашық сабақ сайысы - диплом 1 орын, Республиқалық қашықтық олимпиадасының  КИО- диплом 1 орын, Республикалық «Зейін» олимпиадасында  - 1 -орын.

Шарбакбаева Р.М. - республикалық  педагогикалық     «Жаңартылған мазмұн ойынша таңдаулы сабақ» конкурсында 2-орын  диплом.

Мыкымова А.Б. - республикалық  педагогикалық     «Жаңартылған мазмұн ойынша таңдаулы сабақ» конкурсында 1-орын  диплом.

Аширбекова А.С. - республикалық  педагогикалық     «Жаңартылған мазмұн ойынша таңдаулы сабақ» конкурсында 1-орын  диплом, Жастар жылына арналған, Республикалық  Блиц-турнир «Көркем еңбек» - 2-орын.

Гюнтнер Г.Н. - Республикалық  қашытық КИОолимпиадасында 2-орын.

Уалиханова Г.А.  3-дәрежелі диплом   республикалық  Ұлттық  Интернет ОлимпиадаNIO; диплом 3 –дәрежелі  республикалық Дәстүрлі Интернет  Олимпиада; 1 –орын  мұғалімдерге арналған республикалықолимпиада.

Торехан Ж. -2-дәрежелі диплом Республикалық  ҰлттықИнтернет ОлимпиадаNIO;  А.Құнанаевтың 175 жылдығына арналған  республикалық  қашықтық  «Абай — ұлы даланың ұлы тұлғасы!»олимпиадасында 1-орын, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша IV республикалық  олимпиадаА.Байтурсыноватындағы  - 3-орын.

Шакенова Н.Ж. республикалықконкурсе «Таңдаулы әдістемелік әзірлеме»конкурсындағы  «Таңдаулы әдістемелік құрал»номинация бойынша диплом 1-орын.

Аралов Е.А. республикалық  қашықтық  КИОолимпиадасында 2-орын.

Сексембаева Р.С. мұғалімдерге  арналған  республикалық  олимпиадаККО.kz– 1-орын; «Дарабоз»оқу орталығы  ұйымдастырған  республикалық онлайн конкурсындағы  Алғыс хаты.

Зкенова Г.Ш. А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған республикалық  қашықтық  «Абай — ұлы даланың ұлы тұлғасы!»олимпиадасында 1-орын.

Капбасова Б.К. - республикалық  «Зейін»олипмпиадасындағы 1-дәрежелі диплом.

Ахметзянова М.А. – республикалық  «Зейін»олипмпиадасындағы 2-дәрежелі диплом.

Кабасова А.Ж. - республикалықпедагогикалық  «Таңдаулы медиасабақ»конкурс-  2 -орын.

Рушанова К.Р. орыс тілі бойынша I республикалық  онлайн олимпиадаQAZAN.Info– диплом 1-орын,А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған республикалыққашықтық  «Абай — ұлы даланың ұлы тұлғасы!»олимпиадасы,                   1-орын.

Курмашева А.С. - диплом 1және2 -орынв V республикалықпедагогикалық     «Педагогикалық  идеялар панорамасы»конкурсында.

Гюнтнер Г.Н. – 3 –орын, республикалық   Ұлттықинтернет Олимпиада.

Ахатова Г.С. 1-орын,  бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған                                   I республикалық  онлайн олимпиада QAZAN.Info, 2-орын V республикалықпедагогикалық " Педагогикалық  идеялар панорамасы" ZIATконкурсы.

Педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратудың әртүрлі формалары  қолданылады: шығармашылық есептер,  ашық сабақтар көрсетумен әдістемелік апталықтар, конференцияларға, семинарларға, түрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға  қатысу.

Әдістемелік жұмыстың әрекет етугі жүйесі мұғалімдердің кәсіби шеберлігі деңгейін арттыруға мүмкіндік ереді және белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге де мүмкіндік жасайды: әдістемелік құралдар конкурстарындағы жүлделі орындар, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, мұғалімдердің жалпы шығармашылық белсенділігіне.

Сонымен қатар, шешілмеген проблемалар да, жаңадан пайда болған проблемалар да бар:

-мұғалімдердің мектептің білім беру үдерісін жетілдіру бойынша шығармашылық қызметіне толығымен қатысулары жоқ;

-педагогикалық тәжірибенің толық құрылымдық проблемасы өзекті болып қалуда, мұғалімдердің өздерінің педагогикалық зерттеулеріне сәйкес кезеңді қызметтері;

-мұғалімдерге арналған іштей қатысатын антеллектуалды және шығармашылық конкурстарға қатысу қорытындысының төменділігі.

Мұғалімнің өз білімін жетілдіруі педагогтың кәсіби қызметіннің қажетті жағдайы болып табылады. Басқаларды оқыту үшін басқаларға қарағана   көбірек білу қажет. Мұғалім өз пәнін ғана біліп қоймай, оны оқыту әдісін де білуі тиіс және де жақын жатқан саладағы ғылымдарды да білуі тиіс, қоғамдық өмірдің түрлісалаларын, қазіргі заманғы саясатқа да, экономикаға да және т.б. да  бағдарлануы қажет. Мұғалім әрдайым оқуы тиіс, өйткені оның оқушылары алдында қоршаған ортаға деген ұғымдары да өзгеріп отырады. Өз білімін жетілдіруге деген қабілеті  артып отыруы тиіс, жоғары оқу орыннан алған дипломымен шектелмеуі тиіс.

Сондықтан да мектепте Т.А.Прокопенконың жетекшілігімен жас мұғалім мектебі жұмысын жалғастыруда. 2019-2020 оқу жылы бұл мектептің жұмысына 7 жас маман қатысты, олардың әрқайсына тәлімгерлер бекітілді. Тәлімгерлер жас мұғалім мектебі жетекшісімен  және мектептегі  директордың оқыту жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірлесіп сабақтарға қатысуда, мақсатты анықтау бойынша, материал мазмұнын таңдау бойынша, педагогикалық әдістер мен технологияларды меңгеру бойынша  кеңестер беруде. Аталмыш жұмыс оқу жылы бойы жас мамандардың өздерінің кәсіби деңгейлерін арттыруға белсенді түрде қатысуға мүмкіндік жасады.

Қорытынды мен ұсынымдар:

Мектептің әдістемелік жұмысы мазмұнының анализі мектептің әдістемелік тақырыбы негізгі міндеттерге сәйкес келетінін көрсетеді. Әдістемелік кеңестер, мектептік ӘБ мен педагогикалық кеңестер мәжілістерінің тақырыбы негізгі проблемалық мәселелерді көрсетіп, оларды мектептің педагогикалық ұжымы басты мақсаттарға сәйкес шешуге тырысады.

Әдістемелік жұмыстың әрекет етуші жүйесі мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға көмектеседі және белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: әдістемелік құралдар конкурстарындағы жүлделі орындар, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, мұғалімдердің жалпы шығармашылық белсенділігі.

Сонымен  қатар, шешілмеген проблемалар да, жаңадан туындаған проблемалар да бар:

-мұғалімдер мектептегі білім беру үдерісін жетілдіру мен дамыту бойынша шығармашылық қызметіне толығымен қатыспайды;

-педагогикалық тәжірибенің тұтас құрылымдық проблемасы, мұғалімдердің өздерінің педагогикалық зерттеулеріне сәйкес кезеңдік қызметтері өзекті болып қалуда.

-мұғалімдерге арналған іштей қатысатын интеллектуалды және шығармашылық конкурстарға қатысу қорытындысы төмен болып қалуда.

Педагогикалық кадрлар біліктіліктерін арттыру мен қайта даярлаудан Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» РИПКСО біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы филиалында, ИПК ПКда өтеді, сонымен бірге, Назарбаев зияткерлік мектебіндегі біліктілікті арттыру орталығында, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында және Инновациялық Евразиялық университетінде өтеді.

Педагогтардың кәсіби және білім беру деңгейін арттыруға қайта даярлау курсынан жоспарлы түрде өту бойынша жүйелі жұмыс көмектеседі. Мектепте педагогикалық қызметкерлердің курстық қайта даярлаудан өтуін бақылайтын алгоритм әзірленіп, орындалуда. 2019-2020 оқу жылы 30 педагог курстық қайта даярлаудан өтті.

 

ҚР-дағы жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі курстар

 

Оқу жылы

2016-2017

2017-2018

2018-2019

2019-2020

Барлығы өткен

Өтпеген

Барлығы

Мұғалім

дер саны

19

21

32

8

77

9

89

 

89 мұғалімнің 3-уі жаңартылған мазмұндағы білім беру курстарынан өткен жоқ, олар зейнеткерлік жастағы мұғалімдер және жаңадан келген 6 мұғалім алдағы курстардан өту жоспарына енгізілген.

 

 

Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы курстар

   

Оқу жылы

2016-2017

2017-2018

2018-2019

2019-2020

Барлығы

Мұғалімдер саны

8

5

2

22

36

 

 

 

Инклюзивті білім беру бойынша курстан тек қана 36 мұғалім өтті, қалғандары алдағы курстарға қатысуға жазылып қойылды.

Қорытындылар мен ұсынымдар:

2019-2020 оқу жылы мектептегі педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша жұмыс тиісті деңгейде деп танылсын. Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың алдағы жоспары құрастырылды.

ҚР жаңартылған мазмұндағы білім беру шеңберіндегі курстарға қатысу жұмысы жалғастырылсын.

Кадрлық құрамның өзгерілуі жағдайында немесе педагогикалық қызметкерлердің денсаулық жағдайларына байланысты өте алмайтын жағдайда ақпарат білім бөліміне уақытылы жіберілетін болсын.

4) Педагогикалық кадрлардың аттестатталуын өткізу бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау ережелерін бекіту туралы» №83 бұйрығын орындауға бағытталған.

2019-2020 оқу жылы аттестаттаудан өтуге өтінішті 16+25 мұғалім берген, олардың ішінде:

-педагог-зерттеушіге – 11+15;

-педагог-сарапшыға – 4+6;

-педагог-модераторға – 1+4.

Облыстық, қалалық және мектептік аттестациялық комиссия шешімімен мұғалімдердің барлығы өздерінің біліктілік санаттарын өтініштеріне сәйкес дәлелдеді.

 

III.   Педагогикалық ұжымның білім беру үдерісін жақсартуға бағытталған  қызметі  

         Мектеп қызметінің негізгі көрсеткіші оқушылардың жетістіктері болып табылады. Материалды меңгеру бойынша нәтижелерді бақылау мақсатында пәндер бойынша тақырыптық және  бақылау  жұмыстары жүргізілді. Бақылау жұмыстарының қорытынды анализін шығара отыра, оқу  үлгерімінің  орташа  көрсеткіштері  жалпы  тұрақты және рұқсат етілген деңгейде екенін көрсетті. Білім сапасы сыни деңгейде.

 ЖСД және ПДТ балаларды оқытуда жақсы нәтижелерге қол жеткізуде балаларды ОНЖ зақымдалуы бөгет жасайды және олармен байланысты ерекшеліктері:

   - психикалық процестердің жинақталмауы: зейіннің төмен болуы, есте сақтау қабілетінің   

   нашарлығы, жұмысты орындауда кезеңдік бақылаудың бұзылуы;

-ой-өрісі және сөйлеу қабілетінің қалыптасуындағы бұзылушылықтар: дыбыстардың есту дифференциясының қалыптасу деңгейінің, дыбыстарды дұрыс айтуының, тілдік анализ бен синтездің, сөйлеудің лексико-грамматикалық қаыптасуының төмен болуы.

 Басқарушылық қызметтің негізі міндеті әкімшіліктің мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарын орындауына бақылау жасау болып табылады.

Бақылау мектеп жұмысы жоспарының негізінде жүзеге асырылады. Бақылау қорытындысы бойынша аналитикалық материалдар құрастырылды. Мектепішілік  бақылау  қорытындыларына анализ жасалып, әкімшілік мәжілістерде, директормен  өткен  кеңестерде  талқыланды.

 Қолда бар анализдер оқушылардың оқу мүмкіндіктері туралы шешім шығаруға, оқу үлгерімі төмен оқушылармен психологтың зерттеулері көмегімен барлық пән мұғалімдері жүргізетін жеке түзету жұмыстарын мақсатты түрде жүргізуге мүмкіндік береді.

Білім сапасы мен тәрбие деңгейін арттыру үшін оқыту әдістерін, сонымен қатар, оқушыға қойылатын талаптарды сақтау қажет. Сонымен, мектепте жыл сайын (сәуірде және қазанда) бастауыш және негізгі мектеп арасындағы сабақтастық мәселелері бойынша педагогикалық консилиум өткізіледі. Консилиумға дайындық барысында төртінші сыныптықтардың эмоционалды-ерікті саласын дамыту  мен олардың негізгі мектепте оқытылуына дайындығы қадағаланады. Аталмыш жұмыс бұрынғы төртінші сыныптықтардың оқытудың жаңа мжағдайларына  бейімделуін  жеңілдетуге  және тездетуге мүмкіндік береді және пән мұғалімдеріне  бесінші сыныптықтарды оқытудағы педагогикалық әдістерді анықтауға мүмкіндік жасайды.

        

 

 

Оқушылардың соңғы үш жылдағы білім сапасы:

 

Оқу жылы

Оқу үлгерімі, %

Білім сапасы, %

 

2017-2018

100%

9,4%

2018-2019

100%

                  9%

2019-2020

100%

11,7%

 

ОҚЫТУ САТЫСЫ БОЙЫНША ОҚЫТЫЛУ ДЕҢГЕЙІ 

Сынып

Оқу жылы соңындағы оқушылар саны

«4» және«5»

Білім сапасы(%)

9

1

11%

10

0

0%

12

9

75%

1 г

11

6

54,5%

9

4

44,4%

9

0

0%

11

0

0%

10

0

0%

10

0

0%

8

2

25%

9

0

0%

8

1

12,5%

10

1

10%

8

0

0%

9

3

33,3%

10

1

10%

10

0

0%

11

3

27%

Барлығы:

174

31

17,8%

6

0

0%

7

2

28,5%

8

1

12,5%

7

0

0%

8

1

12,5%

9

0

0%

8

0

0%

8

0

0%

9

0

0%

10

0

0%

8

0

0%

5

0

0%

8

0

0%

8

0

0%

6

0

0%

10а

7

0

0%

10б

10

1

10%

Қорытынды

132

5

3,7%

Барлығы

306

36

11,7%

 

 

 

Үш жылдағы білім сапасы мен оқу үлгерімі

Оқу жылы

% білім сапасы

% оқу үлгерімі

Бастауыш мектеп

Негізгі мектеп

Барлығы мектепте

Бастауыш мектеп

Негізгі мектеп

Барлығы мектепте

2017-18

12,8%

6%

9,4%

100%

100%

100%

2018-19

10%

7,3%

9%

100%

100%

100%

2019-20

17,8%

3,7%

11,7%

100%

100%

100%

 

Үш  жылдағы  оқытудың  параллельдік сатылары бойынша білімнің және оқу үлгерімінің сапасы

Сыныптар

2017-18

2018-19

2019-20

Оқу үлг.

Білім сапасы

Оқу үлг.

Білім сапасы

Оқу үлг.

Білім сапасы

1-ші

100%

9%

100%

4,5%

100%

39,2%

2-ші

100%

11%

100%

7%

100%

0%

3-ші

100%

19%

100%

15%

100%

9,3%

4-ші

100%

13%

100%

18%

100%

17,5%

1-4-ші

100%

12%

100%

10%

100%

17,8%

5-ші

100%

0%

100%

11%

100%

15,3%

6-ші

100%

6%

100%

5,6%

100%

8,6%

7-ші

100%

3%

100%

2,3%

100%

0%

8-ші

100%

11%

100%

3,3%

100%

0%

9-ші

100%

9%

100%

17%

100%

0%

10-ші

100%

11%

100%

9,5%

100%

5,8%

5-10-ші

100%

6%

100%

7,3%

100%

1,6%

Мектеп бойынша

100%

9,4%

100%

9%

100%

11,7%

 

 Аталғандардан келесілерді жасау қажет:

1) әкімшіліктің басқарушылық бойынша  жұмысын оқушылардың білім сапасын арттыру мен оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жақсарту мақсатында белсендендіру, қайта қарау;

2)пән мұғалімдері әр оқушы үшін жағдайлар жасау мақсатында жеке оқытудағы тәсілдерді жүзеге асыруға ерекше  көңіл бөлу.

 

         Тиімді оқытуды ұйымдастырудағы негізгі жағдайлардың бірі сапалы оқыту-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады, оны мектеп кітапханасы ұсынады. Кітапханада қызмет көрсету оқу залында жүзеге асырылады.

 Оқу залында 12 орын бар. Жалпы қоры 51596 дананы құрайды, негізгі қоры - 16963 дана, оқы қоры – 34633 дана. Оқу әдебиетінің қоры 16963 дана орыс тілінде және 5334 дана мемлекеттік тілде, оқушылар контингентіне қатысты талаптарға сай.  Оқулықпен  100% қамтылған.

 

V.Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту жағдайының анализі  

Оқушылардың  денсаулығы мен өмірін сақтау кепілідеме беретін оқыту-тәрбиелеу үдерісінде қауіпсіз  жағдайларды қамтамасыз ету мектептің маңызды міндеттерінің  бірі болып табылады.

- Мектеп ғимараты, сыныптар, рекрециялар, сонымен қатар, құрал-жабдықтар, мектеп жиһазы СанПин талаптарына сай келеді.

- Мектептің белгілі бір материалдық-техникалық базасы бар: 18 оқу кабинеті, 12 адамға арналған   оқу залы бар кітапхана, 60 орындық асхана, 2 шеберхана, 1 компьютер сыныбы, медициналық кабинет, мәжіліс залы, спорт залы.

- Мектеп жанындағы учаскіде спорттық-сауықтыру комплексі жабдықталған, оған: футбол алаңы, баскетбол алаңы, жаттығу комплексі, жүгіру жолы кіреді. Мұның бәрі таза ауада айналысу үшін, балалардың қызығушылығын арттыру арқылы қозғалыс белсенділігін ынталандыру үшін қолданылады.

- Мектеп  ғимараты, кабинеттер мен мектеп алаңы қауіпсіздік техникасы тиалаптарына сай келеді.

- Логопед-мұғалімнің, психологтың, әлеуметтік педагогтың жеке кабинеттері бар.

- Мектепте құрал-жабдықтың  стандартты  комплектісімен  қамтылған  медициналық  кабинет  бар, онда алдын алу тексерулер, жұқпалы  аурулар  бойынша  шаралар жүргізіп  отыратын медбике үнемі жұмыс істейді.

- Әр балаға медициналық карта  және паспорт ашылған, диспансерлік бақылауға жататын балалар картотекасы  бар.

- Мектепте сыныптарды қамтылуы талаптарын бұзуға тыйым салынады.

- сабақтарды өткізу кезінде динамикалық сәттер, жаттығу минуттары өткізіледі.

- Оқыту жүктемелері СанПин-де белгіленген жас нормативтерінен аспайды.

- Оқу үдерісі кезіндегі қорғанысты ұйымдастыру үшін бейнебақылау орнатылған: рекрецияларда, спорт залында, асханада, мектеп ауласында.

- Мектепте балалардың жолдағы қауіпсіздігі бойынша көрнекілік үгіт, құқық бұрышы мен ТЖ стенді әрекет етеді.

2019-2020 оқу жылына  мектептің тәрбие жұмысы анализі

 

Қазақстан Республикасының  «Білім беру туралы» Заңына сәйкес білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары  білім берудің зайырлы, гуманистік және дамушы сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтар приоритеті, адамның өмірі мен денсаулығы, жеке тұлғаның еркін дамуы, адам құқығы мен бостандығын құрметтеу, жеке тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылыққы дамыту, тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

Білім беру – бұл тәриелеу мен оқытудың тұтас жүйесі, оларды бөлуге болмайды. Құндылықты және жеке-бағдарлық тәсіл оқу-тәрбие үдерсінің негізі болуы тиіс. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі алдында ұлттық санасы мен патриотизмі жоғары деңгейде дамыған, азаматтық және құқықтық, рухани және мәдени  сезімі бар, өзін инновациялық экономика жағдайында жүзеге асыратын  әлеуметтік белсенді қоғам мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр.

            Мектепте  - 35 комплект сынып бар. Олардың 18сыныбы бастауыш буынға жатады, 17 сынып ортаңғы  буында. Оқу  жылының соңында оқушылар саны  306 оқушы болды: 1-4 сыыптарда – 174 адам, 5-9 сыныптарда -115, 10-сыныптарда - 17 адам болды.

            Жылына 2 рет ДТЖО әлеуметтік педагогпен және сынып жетекшілерімен бірігіп сауалнама жүргізуі негізінде мектептің әлеуметтік паспорты құрастырылады. Оардың  ішінде: жетім  балалар – 4,  ОБПР балалар  – 8, аз  қамтамасыз етілген  отбасыларынан  - 79 бала, АСП алатын – 5 бала , толық емес отбасынан — 86бала , көпбалалы отбасынан -22 бала,  АСП алатын– 2, тұрмысы нашар отбасынан - 6; мүгедек балалар – 60,  өгей әкесі/анасы тәриелеп жатқан– 25 бала, үйде оқытылатын  – 49 оқушы бар.

 

Оқушылардың оқу жылы соңындағы әлеуметтік картасы

Статус

Оқушылар саны

Оқушылардың жалпы санының %

 

Ж

етім балалар мен ОБПР балалар

12

4 %

Аз қамтамасыз етілген

79

26 %

Көп балалы

 

22

7 %

 АСПалушылар

5

2 %

Толық емес отбасылары

86

28 %

Тұрмысы нашар отбасылары

6

2 %

Өгей әкесі/анасымен тұратын балалар

25

8 %

Мүгедек балалар

60

20 %

Үйде оқытылатын балалар

49

16 %

 

 

            Мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі келесі нормативті құқықтық құжаттармен реттеліп отырылады:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында тәрбиелеудің концептуалды негіздері.

2) Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  2019-2024  жылдары  жүзеге  асыру жағдайында тәрбиелеудің концептуалды негіздерін жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары.

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы өлкетануды дамытудың концептуалды  негіздері.

4) ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

5) «Қазақстан Республикасында 2019-2020 оқу жылы орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы» инструктивті-әдістемелік хаты.

Тәрбие жұмысы мектептің әдістемелік тақырыбы, тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі мәжілістерінің тақырыбы ұсынылған, тәрбие үдерісінің бақылауы жоспарланған, ата-аналармен жұмыс, тәрбие жұмысы бойынша бағдарламаны жүзеге асыру ұсынылған бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарларды жүзеге асыру белгіленген мерзімде іске асырылады.

Сынып жетекшілерінің, үйірмелер мен секциялар жетекшілерінің, қоғамдық тәрбиешілердің, психологтардың, әлеуметтік педагогтың, аға тәлімгердің  жұмысы тәрбие үдерісін реттеп отыратын нормативті құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

Мектептің тәрбие жұмысының тақырыбы «Әлеуметтендіру мектебі, оқушылардың әлеуметтік рөлі мен әлеуметтік тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мектептің тәрбие жүйесін құру».

Мақсаты: Оқушы тұлғалардың өзін-өзі дамыуына, өзін-өзі жүзеге асыруына, өзін-өзі анықтауына жағдай жасау, олардың қоғамда сәтті                    түрде әлеуметтенуі.

          Міндеті:

1.Оқушылардың  оқуға деген жағымды тұрақты ынталарын дамыту, білім мен өзін-өзі жетілдірудің өмір мен қызметтегі маңыздылығын түсінуі.

2.Оқушылардың білім алуын  және мамандық таңдауын жалғастыру үшін қажетті компетенцияларын  қалыптастыру  және оларды нақты өмірде көрсете алуға дайындығы.

           

           

3. Оқушылардың әлеуметтік тәжірибені, негізгі әлеуметтік рөлді меңгеруіне көмектесу.

4.Оқушылардың адамгершілік, дене, психологиялық және әлеуметтік денсаулығын сақтау мен нығайу үшін қауіпсіз өмір салты нормалары мен жеке бағдарларды, білімді қалыптастырып, дамыту.

Жоғарыда аталған міндеттер шешімі мектептің тәрбие жүйесін дамытуға бағытталды. Бұған оқушылар мен ересектердің келесі бағыттар бойынша біріккен шығармашылық қызметі себеп  болды:

1. Жаңа қазақстандық патриотизмді  және азаматтылықты тәрбиелеу,құқықтық тәрбие.

2. Рухани-адамгершілік тәрбиесі.

3. Ұлттық тәрбие.

4. Отбасылық тәрбие.

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.

7. Интеллектуалдытәрбие , ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

8. Ден тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Тәрие жұмысының аталмыш бағыттары дәстүрлі мектептік шаралар арқылы, «Жас ұлан» балалар  бірлестігінің  жұмысы арқылы, пәндер бойынша сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстар арқылы, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылды.

 

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу,құқықтық тәрбие. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда мектеп өскелең ұрпақта  әлеуметтік  маңызды құндылықтардың  қалыптасуына   көмектесетін, өз еліне деген, оның тарихы мен дәстүріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеуге көмектесетін азаматтық-патриоттық тәрбиеге маңызды рөл бөледі. 

2019-2020 оқу жылы аталмыш бағыт аясында бірқатар шаралар өткізілді. Мемлекеттік мерекелер қарсаңында  өткізілген  шаралар Әнұранның  орындалуымен  басталды. Мектепте 1 қыркүйек – дәстүрлі Білім күні, оның мақсаты  өскелең ұрпаққа білім алуды қалыптастыру мен жаңа оқу  жылының  басында  мерекелік жағдай жасау. Білім мерекесі – патриоттық және идеологиялық  маңызы  бар  жаңа оқу жылындағы  алғашқы тәрбие шарасы болып табылады. Жоспарға сәйкес 1, 9, 10-сыныптар оқушылары үшін  «Армысың, мектеп!» деп аталған бірінші қоңырауға арналған салтанатты сапқа тұру өткізілді, 2-8-сыныптар оқушылары үшін  жаңа 2019-2020 оқу жылының басталуына арналған салтанатты сапқа тұру өткізілді.

Барлық сыныптарда  салтанатты  сапқа  тұрудан  кейін «Саналы ұрпақ – жарқын  болашақ» атты  жалпы республикалық патриотизм мен азаматтыық сабағы өткізілді. Пән мұғалімдері сабақтарға қатысты, қатысу анализдері  бар. Барлық  шаралардың сценариі бар. Салтанытты сапқа тұрулар спорт залында, сабақтар  сыныптарда өткізілді, безендіру тақырыпқа сай болды. Жауаптылар ДТЖО Капбасова Б.К., педагогтар  Абдыгалимова Г.С., Кундакпаева Н.С., Омарова Г.О., аға тәлімгер Аширбекова А.С. шараларды  өткізуге  сапалы  түрде дайындалды, сондықтан шаралар жоғары деңгейде өтті. Бірінші сыныптықтарға өткен жылдардың түлектері кеңсе тауарларын табыс етті. Түлектер атынан қалалық ауған  соғысы  ардагерлері  кеңесінің  төрағасы  Г.Г.Шарапатов құттықтау сөз сөйледі. Білім күні  әлеуметтік желіде Білім күніне арналған 1-2 минуттық  бейнеролик  орналастырған  оқушылар  мен  олардың  ата-аналары арасында «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атты республикалық интернет-акция өткізілді. 5-8-сыныптарға арналған тақырып «Менің саяхатым (сыныптастарға арналған оқиға)» деп аталды. Аталмыш акцияға 6а сынып оқушысы А.Аманжол қатысты, жауапты сынып жетекшісі А.К.Абдернасирова.

Шаралардың  барлығы Білім күнін өткізу концепциясына және «Саналы ұрпақ- жарқынболашақ» атты азаматтылық пен патриотизм сабағына   сәйкес өткізілді.

Еліміздегі аталмыш оқиға қарсаңындаАлғашқы Президент күніне арналған онкүндік өткізілді. 2019 жылғы қарашаның 25-нен желтоқсанның 1-не дейін шаралар жоспары әзірленді.  Шаралар жоспарына сәйкес сынып жетекшілері  ҚР Алғашқы Президенті күнін өткізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді. Кітапханада кітапханашы Т.В.Волчок «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті күні» атты кітап көрмесін безендірді. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Алғашқы Президентінің өмірбаяны, оның саяси қызметі туралы мол материал ұсынылды.Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті күнін мерекелеу аясында 2-7-сыныптар оқушыларын «Жас қыран» мен «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы қатарына  салтанатты түрде қабылдау өткізілді, онда мектептің 45 оқушысы жас ұландықтар антын қабылдап, «Жас ұлан» ББЖОның әнұранын орындады.

Тарих мұғалімдері А.Б.Илюсизов пен Ж.К.Капбасов 8-сыныптар оқушыларына арнап ұлт көшбасшысы туралы «Президенттің уақыт пен                 өзі туралы ойлары» атты фильм мен бейнеролик көрсетуді ұйымдастырды, оның мақсаты Президент Н.Ә.Назараевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызды рөлін ашып көрсету болды. Қазақстандық патриотизмді, өз еліне деген мақтанышты тәрбиелеу мақсатында 1-10-сыныптар оқушылары үшін сынып жетекшілері «Ұлт мақтанышы — Елбасы», «Президент- мемлекет тұрақтылығы мен  тәуелсіздігінің кепілі» тақырыбында  сынып  сағаттарын  өткізді. Оқушылар  Елбасының өмірбаяны, оның  отбасы,  қызығушылықтары  туралы  білімдерін  қайталады. Сынып сағаттары оқушылардың Қазақстан Республикасының нағыз азаматы тұлғасының сапасын дамыту үшін қажетті адамгершілік нормалары мен тәртіпті меңгеруіне мүмкіндік берді. Өткізілген шаралардың барлығы жоғары деңгейде өтті, балаларға қазақстандық патриотизмді, өз республикасына деген  сүйіспеншілікті, ұлт  көшбасшысына деген құрметті дарытуға мүмкіндік жасады. Азаматтық-патриоттық сезімді қалыптастыруда ДТЖО Д.Д.Мукашев ұйымдастырған «Уақыт сендерді таңдады» атты  ерлік  сабағын  атап  өту  керек.  Ауған соғысы ардагерлерінің  8-10-сыныптар оқушыларымен кездесуі жоғары деңгейде өтті. Сабақ барысында ауған соғысы тарихы туралы бейнероликтер қолданылды, сондай-ақ, біздің кездегі батырлар ерліктері туралы материалдар да пайдаланылды. Жоғары сыныптықтар  қонақтардың өздерінің әскери жолдары  туралы  айтқан  әңгімелерін,  наградалары  мен «Ауған» ардагерлері союзының қалыптасқан дәстүрі туралы қызығушылықпен  тыңдады.

Отанға деген сүйіспеншілікке негізделген азаматтық патриотизмді тәрбиелеу, өз елінің тағдырына ортақ сезімді нығайтуды, өз халқының тарихын құрметтеуді, өз еліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған шаралар өткізілді. 2019 жылғы 25 қарашадан 18 желтоқсанға дейін «Менің туым» акциясы өткізілді. Облыстық жобаны жүзеге асыруға 1-5-сыныптар оқушылары қатысты. Балалар ата-аналарымен бірге түрлі техникаларда тулар дайындап, мереке күндері мектеп терезелеріне орнатып қойды. Онкүндік бойы мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік хабарлары -Хроника независимости» атты кітап көрмесі әрекет етті, оны кітапханашы Т.В.Волчок ұйымдастырды.  6-7-сыныптар оқушылары үшін «Менің жерім» менің Қазақстаным» атты кітапханалық сабақ  өткізілді. 2019 жылғы 11 желтоқсаннан 12 желтоқсан аралығында 1-4-сыныптар оқушылар үшін «Еліміздің есімі – Қазақстан! Казахстан - это имя страны!» атты шаралар калейдоскопы өткізілді, оны 4 «А,Г» сыныптарының сынып жетекшілері  Жанке Г.А., Нукушева А.С.,3 «А,Д» сыныптар жетекшілеріМамжанова А.А., Кондыбаева Р.Ж. өткізді.«Мен!Менің үйім!Менің Қазақстаным!                       Я! Мой дом! Мой Казахстан!» шаралары 5-7 сыныптар оқушыларыүшін өткізілді,6 «А,Б» сыныптар жетекшілері  Абдернсирова , А.К., Даирова З.Б. дайындады, «Гүлдене бер, Қазақстан!» атты шараны   8-10 сыныптар оқушылары үшін 8 «Б,В» сыныптар жетекшілері Камарова С.З., Баранова Т.В..дайындады.

Шаралар  мақсаты: патриотизм,  Отанға деген сүйіспеншілік, Қазақстан халқының тарихи өткені мен қазіргі және жарқын болашағы                   үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу; балалардың «Тәуелсіздік» деген                     ұғымын қалыптастыру, оқушылардың көп ұлтты Қазақстан туралы білімдерін дамыту, Қазақстан аумағында тұрып жатқан халықтар            арасындағы достық, бейбітшілік және халықтар арасындағы келісім,                      ұлтына қарамастан оқушылар арасындағы достық қатынасты, кез келген ұлтқа деген құрметті тәрбиелеу, патриотизмді болашақ азаматтың жеке қасиеті ретінде қалыптастыру болды. Патриоттық форумды өткізу концепциясына сәйкес 2019 жылғы 13 желтоқсанда «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты бірінші сыныптықтарға арналған форум өткізілді, оның мақсаты балалардың дүниетанымын кеңейту, ойлауының дамуын, патриотизмін, Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту болды. Оқушылар үшін өткізілген  шаралардың барлығы  оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері ескеріліп, тиісті деңгейде өткізілді.

         2020 жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің               75 жылдығы атап өтілді. Осыған байланысты жауапты сынып жетекшілері онлайн режимінде шаралар мен сынып сағаттарын өткізді. 1в сынып оқушылары (сынып жетекшісі М.Н.Кургузенко), 2а сынып оқушылары (сынып жетекшісі А.С.Курмашева), 2в сынып оқушылары (сынып жетекшісі С.Т.Манапова), 3а сынып оқушылары (сынып жетекшісі А.А.Мамжанова) «Балалар соғыс туралы тақпақтар оқиды» атты челленджге қатысты, ал 2б сынып оқушылары «Біз ашық аспан астында өмір сүргіміз келеді» деп аталған челленджге қатысты (сынып жетекшісі З.С.Жакупова). 8б сынып оқушылары Ұлы Жеңістің 75 жылдыған арналған патриоттық челленджге қатысты (сынып жетекшісі С.З.Камарова). 9а сынып оқушысы В.Осадчий «Мәңгілік полк» челленджіне қатысып, өз атасы туралы айтып берді (сынып жетекшісі Г.С.Абдыгалымова). Материалдардың барлығы мектептің әлеуметтік желісіне ұсынылды. Қазақстан халқының бірлігі  күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні қарсаңындағы барлық шаралар жоспарға сәйкес қашықтық режимінде өткізілді. Қашықтық режиміндегі шараларды өткізу кезіндежауапты мұғалімдер мен сынып жетекшілері сыныптан тыс шаралар контентін әзірледі.  Оқушыларға ұсынылған ақпарат қол жетімді және қызықты болды.             Оқушылардың          «Жас қыран» мен «Жас ұлан» қатарына өтуі, патриоттық челлендждерге белсенді түрде қатысу, «Тоғызқұмалақ», «Асық ату»  сияқты ұлттық ойындар ойнау да қазақсандық патриотизмді көрсететін жасөспірімдердің азаматтық санасының көрсеткіші болып табылады.          

Мектептегі тәрбиелеудің  комплексті бағдарламасы міндеттерін орындау мақсатында құқықтық тәрбиеге, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын алуға көп көңіл бөлінді. Оқу жылы бойы әлеуметтік педагог Г.К.Сейсембаева «Жасөспірім» клубы жұмысын жүргізді. Клуб мәжілісіне  жоғары  сынып  оқушылары, қауіп тобындағы, МІК есебінде тұрған оқушылар шақырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мектеп қабырғасынан қалыптастырылуы қажет болатын жемқорлыққа қарсы феномен болып табылады. Сондықтан ерте жастан бастап Отанға  деген сүйіспеншілікті, қоршаған адамдар мен дәстүрге деген құрметті, білім мен еңбекке деген талпынысты, әдептілік пенадалдықты тәрбиелеу қажет. Оқушыларға академиялық адалдықты, оқудағы және өз тәртібіндегі  жеке  жауапкершілікті тәрбиелеу қажет.  Кестеге сәйкес ювенальды полиция капитаны Е.Д.Калкамбековтың қатысуымен әдептілік сабақтары, 9-10-сыныптар оқушылары арасында «Біз сыбайлас жемқорлықсыз өмір үшін» атты суреттер конкурсы өткізілді. Адамгершілік-құқықтық  тәрбиеге байланысты шараларға  алдын алу кеңестерін, игспектор сағатын, ата-аналармен жеке әңгімелесулерді де қосуға болады.

Тарих мұғалімі А.Б.Илюсизов 8-сыныптар оқушылары үшін азаматтың құқықтары мен міндеттеріне деген жауапты көзқарасты, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды, қоғаммен құқықтық қатынастар саласында өзін-өзі анықтау жауапкершілігі мен бостандығын қалыптастыру мақсатында «Жас полицей» үйірмесін өткізді.Оқушылар арасында құқықтық мәселелер бойынша, оқушылардың «құқықтық ингилизмін» төмендету, заңға бағынышты өмір салтын жүргізу үшін ынта жүйесін құру бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді. Балалар алған тәжірибелерін құрдастарымен, ерескетермен қарым-қатынас жасауда қолданып, жедел әлеуметтендірілуге көмегін тигізуде.

5б сынып жетекшісі О.Ф.Мережко «Жол қозғалысының жас инспекторы» үйірмесін өткізді. Үйірменің басты мақсаты оқушылардың ұжымдануын, жоғары қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, кәсіби бағдарды, олардың жолдар мен көшелердегі қауіпсіз тәртібін насихаттауды ұйымдастыруға кеңінен тарту болды.  Жалпы үйірме жұмысы нәтижелі болды: балалардың үнемі ЖҚЕ үйренуге деген қызығушылығы болды, бұл үйірменің жұмысы оқушылардың жолдағы қауіпсіз тәртібін насихаттауға, қауіпсіз қозғалыс дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік берді.

Оқушылардың қараусыздығының алдын алу мен еш себепсіз сабақты босатып жүрген оқушыларды анықтау мақсатында күн сайын оқушылардың  сабаққа  қатысуының  есебі  мен  бақылауы жүргізіліп отырды. Апта  сайын және ай сайын сынып жетекшілері есеп жүргізіп, ДТЖО Б.К.Капбасова мониторинг жүргізді, олардың қорытындылары әкімшілік кеңестерде қаралды.

 

2019-2020 оқу жылы оқушылардың

сабаққа қатысу мониторингі

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Рухани жаңғыру»бағдарламасы шеңберінде әр жылдардағы мектеп түлектерін өсіп келе жатқан ұрпақтың  патриотизм мен Отанға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге көмек көрсетуі мақсатында «Түлек мектебіміздің игілігі» атты жоба басталды. Жоба аясында келесі шаралар өткізілді: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылған жоқ» атты галерея презентациясы, «Түлектер – мектебіміздің игілігі» атты ерлік сабағы, «Түлектер – мектебіміздің игілігі» атты әдебиеттік шара. Ақпан айында мектептің 80 жылдығына арналған түлектер кездесуі өткізілді, алдан ала үлкен дайындық жұмысы өткізілді. «Мектебіме тағзым» жобасы шеңберінде мектептің бірқатар шаралар өткізу мен материалдық көмек көрсету туралы өтінішіне немқұрайлы қарамаған, түлектермен тығыз байланыс жасалды. 1980 жылғы мектеп түлектері С.Р.Абдрашевтың бастамасымен мектептің мәжіліс залына 200 мың теңге сомасындағы  микрофон мен проектор сыға тартты.

            Рухани-адамгершілік тәрбие

     Тәрбие жұмысының екінші бағытын жүзеге асырудың негізгі механизмдерді  адамгершілік-рухани білім берудің «Өзін-өзі тану» бағдарламасы шеңберіндегі адамгершілік, Отанға деген қызмет пен ерліктіңбірыңғай сабақтарын өткізуді қарастырады; «Қоғамға қызмет»,  «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке дайындалуға көмектес» әлеуметтік, қайырымдылық  жобалары  мен  акциялары шеңберінде мектептің ерікті отрядтары  арқылы волонтерлық қозғалысты дамыту.

Тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-на дейін Қазақстанда жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтеді. Мектеп бойынша «Жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы» бұйрық шығарылды, шаралар жоспары әзірленіп, штаб құрылды. Биылғы жылы акция «Менің таңдауым – балаларға көмек» ұранымен өткізілді. Бүкіл оқу жылы бойы мектепте «Қамқорлық» акциясы өткізілуде. Бұл акциялардың мақсаты мұқтаж балаларға кеңсе тауарлары, киім, аяқ киім түрінде материалдық көмек көрсету, ал оқу жылының басында - балаларды мектепке дайындау болып табылады.№15 ЖОБМ бизнес-құрылымдар, НПО, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы 20 демеушігеөтінім хат жіберді. Біздің оқушыларға «Мектепке жол» акциясы кезінде келесі демеушілер көмек көрсетті: Павлодар облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы, Павлодар облысының Әділет департаментінен жеке сот орындаушысы А.А.Шахматалинова, ЖК А.В.Пархоменко, ЖК С.М.Капанова, «CENTЕRKREDIT» банк өкілдері,клуб добряков,  ЖК «Аружан» басшысы Б.К.Калиякбарова, ата-аналар мен мектептің педагогикалық ұжымы. «Нұр Отан» партиясының конференц-залында салтанатты жағдайда аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылары балаларының  4 ата-аналасына жалпы 60 мың теңге сомада сертификаттар тапсырылды. Клуб добряков мектептбіміздің 2 оқушысына рюкзактар мен кеңсе тауарларын сыйлады. «Алғаш рет бірінші сыныпқа» аттықайырымдылық акциясы өткізілді, оның барысында мектеп түлегі С.Абдрашев 1 оқушыға кеңсе тауарлары салынған рюкзак, 50 оқушыға альбомдар, түрлі-түсті қағаздар, акварельді бояулар сыйға тартты. 98 балаға жалпы сомасы 853 200 теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Мектептің педагогикалық ұымы мен қызметкерлерімектептің әлеуметтік қызметінің аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылары балаларына, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, үйде оқытылатын балаларға материалдық көмек көрсету туралы өтінішіне  бір адамдай қатысты. Карантин кезіндегі «Біз біргеміз» атты акция барысында, көптеген ата-аналар жұмыссыз қалып, отбасылары жалғыз табыс көзінен айрылып қалған кезде, оларға туған мектебі қол ұшын берді. Жекелеген сынып жетекшілері өз оқушыларына жетекшілік жасады. 196780 теңгеге көмек көрсетілді. Волонтерлер оқушыларға нақты көмек көрсетті, олардың қатарында мектебізідіңата-анасы К.С.Жамиева да болды. Жетім балалардың және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қомқоршылары атынан орталық мешіттегі Бауыржан қажыға алғыстарын білдіреміз. «Регион» такисінің бірнеше бригадасы үш күн бойы белсенді мұғалімдермен бірге белгіленген мекенжайлар бойынша азық-түлік жиынтығын жеткізіп берді. Әлеуметтік әлжуаз отбасынын 53 балаға материалдық қолдау көрсетілді.

Қыз балалардың  білім алуға, медициналық қызмет алуға деген құқығын  жүзеге  асыру,  дискриминация  мен  зорлықтан, ерте  және мәжүрлі түрдегі  некеден  қорғауға, қыз  балалар мен әйелдердің құқығын бұзуға арналған стереотиптертен қорғау, ерте және мәжбүрлі түрдегі некеге қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында 2019 жылғы қазанның 4-нен 14-і аралығынлағыХалықаралық қыз балалар күнінің республикалық онкүндігін өткізілді.  Жоспарға сәйкес әр шара бойынша шараны өткізуге жауаптылар белгіленді. Жоспарға келесілер енгізілді: медбике Т.В.Ващенконың  8-10-сыныптар оқушыларына арналған «Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу» тақырыбы бойынша әңгіме сағаты,әлеуметтік педагог Г.К.Сейсембаеваның  7-10-сыныптар оқушыларына  арналған «Сырласайық» тақырыбындағы әңгімелесу сағаты өткізіліп, психологтар А.АХамитова мен З.С.Наурызбаева 5-10-сыныптар қыздарына арналған жеке кеңес берулер ұйымдастырды. Онкүндік ұл балалардың құттықтауларымен аяқталды. Жауаптылар сценарий әзірледі. Оқушылар шараларға белсенді түрде қатысты.

Баланың жеке тұлғасының рухани-адамгершілік  қасиетін дамытуға Қарттар күні, Мұғалімдер күні,  ең сүйікті және ертегілік мереке -Жаңа жылды қарсы алу сияқты дәстүрлі ұжымдық-шығармашылық шаралар да көмектесті.  Жаңа жылда – әрқашан ғажайып, сиқыр, қызықты және керемет оқиғалар  күтіледі. Сондықтан мектебімізде жаңажылдық ертеңгіліктерді өткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Шаралар жоспарына сәйкес, шараларға жауаптылар, музыка жетекшісі, сынып жетекшілері Жаңажылдық ертеңгіліктерге дайындықтар өткізді. Тәлімгер А.С.Аширбекова мен көркем еңбек мұғалімі З.С.Наурызбаева «Аяз Ата шеберханасын» ұйымдастырды, онда оқушылармен бірге залды, фойені, дәлізді безендірді.  Сынып жетекшілері сыныптарымен өздерінің оқу кабинеттерін безендірді. Мұғалім Г.З.Божақанова суреттер көрмесін ұйымдастырды.  Кіші буын үшін «Жаңа жыл достарының арасында немесе Аяз Атаға арналған қақпан» деп аталған шара жоспарланған сценарий  бойынша өтті. Жауаптылар: Прокопенко Т.А., Шу У.Г., Макашева А.С., Амаркулова А.Д., Акказенова А.К. дайындық барысында барлық кейіпкерлер дайындықтар жасап, шараға дайын болды. Сондай-ақ, барлық мерекеге қатысушылардыңкостюмдері алдын ала дайындалып қойылды. Шара тақырыбы толығымен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болды. Өткізілген шара нақты ұйымдастырылып, жауаптылардың әзірлеген бағдарламасына сәйкес болды. Балалар шыршаны айналып, конкурстарға қатысып, Аяз Атаға тақпақтар айтып беріп, кәмпиттер алды. Мереке барысында жаңажылдық костюмдер киген балалар тізімі жасалды және шара соңында олар сыйлықтарға ие болды.

Ортаңғы буында  5-7-сыныптар оқушыларына « Алтын шырша» деп аталған дәстүрлі жаңажыл мерекесі өткізілді. Жауаптылар: Рахимгожина Д.М., Хасенова Н.С., Дуйсекенов Р.М. болды. Балалармен Глашатаи, Қар ханымы, Тышқан, Мыстан кемпір және мерекенің басты кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақар сияқты кейіпкерлер ойындар өткізді. Балалар барлық ойындарға белсенді қатысып, жаңажылдық тақпақтар айтып, шыршаны айналды. Жаңажылдық костюмдер киген балалар сйлықтарға ие болды. 8-10-сыныптар үшін «Шырша жанындағы оқиғалар» атты жаңажылдық кеш өткізілді. Жауаптылар: Колотова Н.А., Кожабекова Ж.Т. болды. «Жігер» клубының тәрбиеленушілері меркеге шақырылды. Шара барысы ойластырылып, әртүрлі  көпшілік сипаттағы конкурстар мен билер дайындалды. Оқушылардың барлығы белсенді түрде қатысты. Шаралардың барлығы жоғары деңгейде, көңілді және жағымды жағдайда  өтті. Балалар барлық конкурстар мен ойындарға белсенді қатысты. Педагогтардың мереке барысында қойған мақсаттары орындалды. Шараның тақырыбы мен түрі мереке барысында толығымен ашылды және өңдеуге сәйкес болды. Балалар мен олардың ата-аналары жаңажылдық шараны  ұйымдастырушыларға балаларға сыйлаған қуаныш пен жақсы көңіл күй үшін алғыстарын білдірді.

2020 жылғы ақпанның 3-нен 12-сі аралығында өзін-өзі тану мұғалімдері А.З.Абжекеева мен Л.Н.Красноперова «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізді, мақсаты балаларға мейірімді іс жасауды, адамдарға сүйіспеншілік пен қуаныш сыйлауды, мейірімділік көрсетуді үйрету, оқушыларды адамгершілік таңдауы жағдайына қою, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыратын адамгершілік-маңызды дамыту бойынша түрлі қызметке қосу болды.

Көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау мен дамытуды нығайтуға мүмкіндік жасау мақсатында жалпы тарих негізінде, қазақтардың және басқа да этностардың бір-біріне деген қолдауы арқасында көптеген қиындықтарды жеңіп шығуларын еске алу мақсатында 2020 жылғы 28 ақпанда сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. 1-4-сыныптардағы «Мен  рахмет айтамын» деп аталған сынып сағаты  қызықты және  танымды болды. 1-сыныптарда балалар әдепті сөздермен танысып, оларды өмірде қолдануды үйренді, «Рахмет» сөзінің тарихымен танысып, жақсы және жаман әдеттерді қарастырды. 2-сыныптарда балалар мереке тарихымен, әдепті сөздердің мәнімен, тәртіп ережелерімен танысып, айналадағы адамдарды құрметтеуді үйренді. 3-4-сыныптарда сынып жетекшілері сынып сағаттарын ойын түрінде өткізді, онда қоғамдағы тәртіптің этикалық нормаларын қалыптастыруға және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға арналған жағдайлар жасалды. 5-7-сыныптардағы сынып сағаттарында оқушылар соғыс кезіндегі ата-бабаларымыздың өмірі туралы ақпарат алып, қазақтардың өз отбастарына басқа ұлт адамдарын қалай қабылдап, оларға зор көмек көрсеткендері туралы білді, соңында рефлекция өткізіліп, оқушылар алғыс күніне байланысты өз ойларын білдірді.

Құрылған жоспарға сәйкес, мектепте  8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекені мерекелеу бойынша сыныптан тыс шаралар өткізілді.  Мерекеге байланысты кабинеттер, мәіжіліс залы әсем безендіріліп, оларда шаралар өткізілді. Кітапханашы Т.В.Волчок кітапханада «Көктемнің тамаша мерекесі» атты тақырыптық көрме ұйымдастырды. 8 наурызды мерекелеу шеңберінде сынып жетекшілері 1-параллель сыныптарында «8 наурыз – анамның күн», 2-сыныптарда «8 наурыз – аналар мен әжелер мерекесі», 3-сыныптарда «Көктем мерекесі – 8 наурыз»  атты шаралар өткізді. 4-сыныптарда «Кәнекей, қыздар» атты конкурстық бағдарлама өткізілді. Шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мейірімділікке деген сүйіспеншілік, сыпайылық, анаға, әжеге, қыздарға  деген ризашылық  сезімін тәрбиелеу болды.  Шаралар балаларға түсінікті болды. Безендіру мен атрибуттар тақырыпқа сай болды, музыкалық сүйемелдеуді музыка мұғалімі жасады, аудиожазбалар қосылып, мультимедиялық презентациялар қолданылды. Шараларды өткізу барысында әр баланың даму ерекшелігі және т.б. ескерілді. Жұмыс түрлерінің әртүрлі және қызықты болуына байланысты балаларға қызықты болды. Балалар ән-әдебиет және би материалын жақсы біледі. Шара барысында балалардың қызығушылық танытулары байқалды. Шаралар барысындағы психологиялық жағдай жағымды болды.                   Балалардың шараның әр кезеңдеріндегі белсенділіктері жоғары болды. Қойылған барлық міндеттер жүзеге асырылды, мақсат орындалды. 8 наурыз қарсаңында мектебімізде 5-7 сыныптарда  6в сынып жетекшісі К.Р.Рушанова, 7а сынып жетекшісі А.З,Абжекеева «Кәнекей, қыздар» конкурсын өткізді, мақсаты өз қабілеттерін, шығармашылықтарын белсенді түрде көрсете білуді тәрбиелеу, адамгершілік   құндылықтарды  тәрбиелеу, балалардың шығармашылықтың әрбір саласында дағдылары мен білімдерін көрсете білуді тәрбиелеу, үй шаруашылығы дағдыларын меңгеру маңыздылығын түсіндіру болды.

Шара конкрстар түрінде өткізілді, жалпы тәрбиелік міндеттерге, даму деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сәйкес болды. Конурс қызықты да, мазмұнды болды. Қатысушы қыздар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Шараның жоспарланған құрылымы өткізілуге сәйкес болды. 8-10-сыныптарда конкурстық  ойын-сауық бағдарламасы балалардың сыйластыққа, әйелге деген құрметке,  талант пен қабілетті дамытуға, балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына   бағыталды. Шараны өткізу үшін сценарий құрылып, балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, тәрбие жұмысының мақсатымен сәйкес болды. Оқушылар белсенділік танытты.

Мектепте Павлодар облысының діни істері бойынша басқармасымен келістірілген жұмыс жоспарына сәйкес төтенше діни әсердің алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Биылғы оқу жылы аға тәлімгер А.С.Аширбекова бастаған жоғары сыныптықтар кеңесі өз жұмысын белсендендіре түсті. Олар бастауыш және ортаңғы буын оқушылары үшін викториналар, ЖҚЕ бойынша конкурстық ойындар, «Кітап ауруханасы» атты операция өткізіп, оқушылардың үзілістердегі бос уақытын ұйымдастырды.

Оқу жылы бойы «кітап оқуды  сәнге  айналдыруды» оқушылар  арасында қалыптастыруға бағытталған кітап оқуды қолдау мен кітап дәрежесін арттыру мақсатында бастауыш сыныптарда кітаппен ауысу – буккросинг бойыншаарнайы орындар ұйымдастырды.

 

Ұлттық тәрбие

Тәрбие жұмысының аталмыш бағыты оқушылардың қазақ тілін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған конкурстар өткізу арқылы жүзеге асырылады; ұлы тұлғалармен кездесулер өткізу, сондай-ақ, аймақтың тарихи-мәдени мұрасы объектілерінде мектеп оқушыларына арналған өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу.  Аталмыш бағыттар шеңберінде келесі шаралар өткізілді:

Әр айдың бірінші сәрсенбісі күні «Қазақша сөйлесейік» акиясы өткізілді, онда қазақтық салт-дәстүрі, ұлттық ойындары мн мақал-мәтелдері бойынша  конкурстар өткізілді.

Тілдер айлығы шеңберінде қазақ тілі мұғалімдері абайтану ғалымы Д.С.Асеновтың қатысуымен «Адамзаттың Абайы» атты тәрбие сағатын өткізді. Қазақ тілінің әдістемелік  бірестігі мұғалімдері қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты «Абай күнін» өткізді, мақсаты жал  пыадами құндылықтардың этникалық  мәдениетін қалыптастыру болды.10б сынып оқушысы  Сулейменова Диана (мұғалімі Кумарова А.Е.), 9б сынып оқушысы  Истомин Даниил және 8г сынып оқушысы  Ахметов Алдияр (мұғалімі  СмагуловаЗ.Ж.) «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты қалалық челленджге қатысты.

Тарих мұғалімдері Г.Ж.Кашенова мен А.А.Алинова жоғары сынып оқушылары үшін ұлттық валюта күніне байланысты шара өткізді. Мектепбіміздің оқушылары  қалалық «Бейбітшілік – ұлт бірлігі» конкурсына қатысып, 2-орынды жеңіп алды – Қабыкен Қадыржан (сынып жетекшісі  Шарбакбаева Р.М.) және 3-орын– Бердихан Диана (сынып жетекшісі  Рушанова К.Р.).

 

Семейное воспитание

Тәрбие жұмысының төртінші бағыты ата-аналарды оқыту, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру және  мектепте балалардың тәрбиесіне жауапкершілігін  арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

       Отбасы – бұл адамның алғашқы әлеуметтену негізі болып табылады. Мектептің ата-аналармен өзара қатынасы  оқушылардың тәрбиесіне деген өзара жұмыспен, сеніммен, құрметпен, шыдамдылықпен және біріне-бірі қолдау көрсетумен құрылады. Қазіргі кезде мектеп пен ата-аналардың   құқық пен міндеттерді реттеу мақсатында олардың арасында типтік келісімшарт жасалады. Аталмыш құжат негізінде ата-аналар білім беру ұйымыменоқушыны тәрбиелеу мен оқыту мәселесі бойынша бірігіп әрекет етіп, ҚР әрекет етуші заңнамасында қарастырылған шеңберде, оқу-тәрбие үдерісін жүзеге аыруға қатысулары қажет, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар жиналсының  шешмін ескере отырып, ата-аналар комитеті арқылы білім беру ұйымын басқаратын органдар жұмысына қатысулары қажет. Жалпы мектептік ата-аналар комитеті сыныптық ата-аналар комитетінің қызметін жүйелейді. Педагогтардың ата-аналармен бірігіп жұмыс жасауы оқушының даму  бағдарламасы мен тәрбие міндеттерін анықтауды, сонымен қатар, осы міндеттерді бірігіп жүзеге асыруды  болжайды.  Бұл үшін  отбасымен және ата-аналармен үйде оқытылатын   балаларды жұмылдыру арқылы  топтық және жеке жұмыс түрлері қолданылады: тренингтер, мұғалімдермен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен  кездесулер,  ата-аналар жиналыстары, сондай-ақ, ата-аналар мен  балалар жұмылдырылған шаралар ұйымдастыру.

Оқу жылының басында «Қарым-қатынас үйлесімі – психологиялық денсаулық кепілі ретінде» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді, сәуір айында онлайн режимінде «Мектебімізде қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылатын болады» тақырыбы бойынша өтті. Әр оқу тоқсанының  қорытындысы  бойынша қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) және мектеп әкімшілігінің қамқоршылық кеңесі  мүшелері  мен ата-аналар алдында көпшілік есеп берулері өткізілді. Мектеп психологтары  ата-аналарға отбасылық тәрбие мәселелері бойынша кеңес берулер өткізді. Сынып жетекшілері әр тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жиналыстарын өткізіп, онда ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі туралы ақпарат береді. Ата-аналардың барлығы бірдей  мектепте өтетін шараларға белсенді түрде қатыса бермейді.

 

Мектепте  дәстүрлі түрде Қамқоршы күні өткізіліп тұрады. Қамқоршы күні  оқушыларымыздың  қамқоршылары  үшін отбасында балаларды тәрбиелеумен байланысты проблемалық жағдайларды шешу бойынша көзқарастарын зерттеу мақсатында  «Қамқорға  алынған балаларды тәрбиелеу проблемасы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

2019 жылдың 5 қарашасында облыстық  «Family day» отбасылық тәрбие жобасы шеңберінде 1-4-сыныптар арасында ата-аналарымен  бірігіп пайдалы тағам дайындау конурсы өткізілді. Конкурсқа 2,3-сыныптардың ата-аналары қатысты: 2б сыныптан - Гостюшева Александра Борисовна мен  Еременко Артем, МахамбетоваДильназатасымен, 3 «А» сыныптан  – Щербакова Олеся Михайловна  мен Щербакова Дарья, 3 «В» сыныптан – Мустафина Мадина Госмановна  мен  Касенова Аружан болды.

2020 жылғы мамырдың 13-нен 15-і аралығында отбасы рөлі мен маңыздылығын арттыру мақсатында «Менің бақытты отбасым»  атты акция  өткізілді. Оқушылар өз отбасы туралы фото және бейне материалдар  дайындады. Аталмыш акцияға 22 отбасы қатысты. Сынып жетекшілері  әрбір адамның өміріндегі отбасы рөлін ашу, оқушылардың  өмірдегі «отбасы» сөзінің мәніне көңіл бөлулері, оқушылардың ата-анаға деген сүйіспеншілігі сезімі  мен құрметін тәрбиелеу, өз отбасын мақтан тұту мақсатында  «15 мамыр – халықаралық отбасы күні» атты сынып сағаттарын өткізді, отбасындағы салт-дәстүрлер туралы әңгімелесулер өткізіліп, отбасы туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер оқылды.

Оқу жылы отбасын қолдау қызметі бойы бекітілген жоспарға сәйкес  жұмыс жасады. Отбасын қолдау қызметі мүшелері кеңес берулер, оқытушы семинарлар мен дөңгелек үседер өткізді. Мектепте оқушылардың, ата-аналардың және мектеп педагогтарының ұсыныстарына арналған «сенім жәшігі» әрекет етеді. Оқу жылы бойы «сенім жәшігіне» бірде-бір хат түспеген, бұл мектептің  білім беру мен тәрбиелеу жұмысындағы жағдайдың, сонымен қатар, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының қарым-қатынасы сенімді түрде  екендігін дәлелдейді.

Ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, мектеп асханасын жалға                  алушы өкілі кіретін қамқоршылық кеңесі өз жұмысын жалғастырды.                     Тоқсан сайын қамқоршылық кеңесінің мәжілістері өткізіледі. Кеңес          мүшелері мектеп өміріне жұмылдырылған, тамақтандыру бойынша      комиссия құрамына кіреді, мектеп қызметі мәселелерін шешеді, әртүрлі шараларға қатысады. Биылғы жылы қамқоршылық кеңесі мүшелері жаңажылдық ертеңгіліктерде балаларға сыйлықтар жасауға көмектесті.

 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Тәрбие жұмысының бесінші бағыты оқушылардың кәсібиөзін-өзі анықтауына деген түсінікті қалыптастырады, жеке тұлғаның экономикалық ойлауы мен экологиялық мәдениетін дамытады. 2019-2020 оқу жылы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың, соның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың (7-10-сыныптар)  «Junior Skills» кәсіби дайындығы негіздері мен ерте жастан кәсіби бағдарлану жобасы басталды.

Бүгінде орта білім беру ұйымдарында мектеп түлектерінің болашақ мамандық таңдауы  көптеген жағдайда сол таңдаған немесе басқа да мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар санына, мектепте қандай да бір пәнді жеңіл түрде  меңгеруіне, ата-аналар мен достарының кеңестеріне   бағдарланады.

Осы проблеманы шешудің бірден-бір тиімді шарасы білім беру ұйымдарында оқушылармен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу болып таылады.  Кәсіби бағдар жұмысы құрылған жоспарға сәйкес өткізілді, оған келесі бөлімдер кіреді: оқушылармен, ата-аналармен  жұмыс, оқу мекемесімен өзара байланыс, психологиялық қызмет жұмысы. Жыл сайын колледждермен біріккен жұмыстардың жоспары құрылады. Оқу орындары туралы буклеттер салынған папкалар құрастырылған, стенд безендірілген. Оқушылар мамандықтармен танысты, психологтармен жұмыста қызығушылықтарына анализ жасады. 10-сыныптар оқушылары кәсіби бейімділікті анықтау мақсатында жастар бастамасы орталығында болды, онда олар сауалнамадан өтіп, «Менің мамандығым – менің арманым» атты ойынға қатысты.  Жылына екі рет мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингі жүргізіледі. Негізгі мектеп түлектерінің оқу мекемелерін растайтын анықтамалары бар.

 

10-сыныптар түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


           

 

Мониторинг қорытындысы бойынша келесі шешім шығаруға болады:

10-сыныптар оқушыларының саны артып келеді, оқушылардың колледждерге түсуі екі жыл бойы тұрақты болып қалуда; денсаулық жағдайына байланысты жылына 1 оқушыдан жұмысқа орналастырылмады (мүгедектігі туралы анықтамалары бар).

Оқушылар  мектеп ауласын тазалауға, сенбіліктерге, қолдан бұйымдар жасау конкурстарына қатысу арқылы  еңбек дағдыларын да алуда.

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында,  жеке тұлғаның  еңбегін, рухани-адамгершілігін дамыту арқылы 2019 жылғы 3 қыркүйекте оқушылардың, ата-аналардың, педагогикалық ұжымның қаысуымен мектеп аумағын көгалдандырудың бірыңғай «экосағатын» өткізілді. Бірыңғай экосағаты шеңберінде мектеп аумағында қылқан жапырақты көшеттер мен бұталар отырғызу ұйымдастырылды. Ағаш отырғызуға оқушылар, ата-аналар мен педагогтар қатысты.

Күзде «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп аумағын тазалау мен абаттандыру бойынша еңбек десанттары өткізілді. Күз құбылысы туралы білімдерін кеңейту, күз сыйының адам үшін маңыздылығын көрсету, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу  мақсатында 2019 жылдың 10-11 қазаны күндері мектепте күз мерекесі өткізілді. Апта бойы балалар мерекеге белсенді түрде  дайындалды: күз тақырыында суреттер салды, табиғи материалдардан бұйымдар жасады. Шығармашылық жұмыстар көрмесі безендірілді, балалар ата-аналарымен бірге көкгөністер мен табиғи материалдардан бұйымдар дайындады.

19 қарашада "Экология және өмір» бағдарламасы шеңберінде 8-9-сыныптар оқушылары С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға барды, ПМУ профессоры У.Х.Алмишеваның қатысуыен өткен онда экологиялық «Жасыл ғаламшар» атты лекториге белсенді түрде жіне қызығушылықпен қатысты. Өзін-өзі тану мұғалімі А.З.Абжекеева 5- сыныптар оқушыларымен жыл бойы біздің жақта қыстап қалатын әртүрлі құстарды, олардың өмір сүруін зерттеу, оларға қыстың суық күндері көмек көрсету мақсатында «Құстар – біздің досымыз» атты әлеуметтік жоба бойынша жұмыс жасады. Әлеуметтік жоба шеңберінде «Құстар – біздің досымыз» деп аталған парақшалар құрастыру бойынша жұмыс жасалды, балалар қолда бар материалдардан құстарға астауларды қызығушылықпен жасады, жеке құстардың өмірі туралы танысты, құстардың немен қоректенетіні туралы білді. Шара барысында оқушылар құстардың қуаныш хабаршысы екенін, біздің адал көмекшілеріміз екенін түсінді, сондықтан жерімізді құстарсыз елестету тіпті мүмкін емес.

          Оқу жылының басынан  «Мейірімді іс жаса» атты пластикалық қақпақтар жинау бойынша акция басталды. Акция мақсаты: экологиялық мәдениет деңгейін арттыру, мейірімділік сезімін қалыптастыру болды. Біз акцияға қатысып,қақпақтарды бүкіл мектеп болып жинадық. Әр сынып қақпақтарды бес литрлік бөтелкелерге жинады. Жиналған барлық қақпақтар добряковтар клубының пластикалық қақпақтар жинау пунктіне тапсырылды. 1Г сыныбының оқушылары белсенді болды (сынып жетекшісі  Амренова С.А.), 6В сыныбы(сынып жетекшісі Рушанова К.Р.), 8К сыныбы (сынып жетекшісі Шарбакбаева Р.М.).

           2020 жылғы 13 қаңтардан 17 қаңтарға дейін мектебімізде жаратылыстану ғылымының  пән  апталығы  өткізілді.  Апта шеңберінде  «Павлодар облысының  өсімдік әлемі мен жануарлар әлемі», «Экология бүгін және ертең», «Павлодар облысының экологиясы» атты ашық  сабақтан тыс шаралар  өткізілді. Облыстық «ЭКОboom» жобасы шеңберіндесу ресурстарын рационалды түрде  табиғи пайдалану, тұрмыста суды және электр энергиясын  үнемдеу мақсатында оқушыларымыз Кузнецов Влад («7 Г»), Табола Ангелина (7 «Г»), Бейбыт Сардар (7 «Г»), Батырбеков Эльдар (8 «К») суреттер салып, электр энергиясы мен суды үнемдеу туралы эссе жазды. 6-сыныптар оқушылары география мұғалімі А.К.Ермекбаевамен бірге «Экология мен туризмнің балалар-жасөспірімдер орталығы» МҚМКде өткізілгеншараларғабелсенді түрде қатысты.

 

            Көпмәдениетті жәнекөркемдік-эстетикалық тәрбие

2019-2020  оқу жылының басынан 2019 жылғы 2 қыркүйектегі           №1-03/328 және №1-03/329 бұйрықтарына сәйкес, мектепте 23 үйірме ұйымдастырылған, оларға 181 оқушы қамтылған, бұл жалпы оқушылар санының 59 %-ын құрайды.

Мектепте әрекет ететін үйірмелер көркемдік-эстетикалық, сәндік-қолөнер, экологиялық, туристік-өлкетану, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, тілдік (орыс тілінде) бағытта. Оқушылар «Ars Vokal» вокалды студия жұмысына жұмылдырылған, онда олар топтарға бөлінген. Үйірмелер жұмыстары кесте бойынша жүргізіледі.

 

Оқушылардың үйірме жұмысына қамтылу мониторингі

Оқу жылы

Үйірмелер саны

Үйірмелерге қатысатын оқушылар саны

2017-2018

12

132

2018-2019

16

209

2019-2020

23

181

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салыстырмалы анализ оқушылардың үйірмелерге қатысуы тұрақты екендігін көрсетеді.

Оқушыларды көркемдік-эстетикалық дамыту мақсатында мұғалім Г.З.Божақанованың басшылығымен  үнемі түрлі тақырыптардасуреттер көрмесі әрекет етеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдың мерейтойы шеңберінде «Жыл мезгілдері»  өлеңіне суреттер көрмесі өткізілді. Алғашқы Преидент күніне орай бейнелеу өнері мұғаліміГ.З.Божақанова «Менің Отаным – Қазақстан», «Отынымның әсем жерлері» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды. 2-6-сыныптар оқушылары өз суреттерін Қазақстан табиғатына, Астанының әсем жерлеріне, республикамыздың игілігіне арнады. «Барлық аналарға арналады» атты суреттер көрмесі де ұйымдастырылды. Суреттер көрмесіне 5, 6, 7-сыныптар оқушылары қатысты.

Мектебіміздің оқушылары «Городская неделя» газетінің «Неделька» балалар бетінің белсенді қатысушылары болып табылады. Г.Божақанованың басшылығымен олар газетте өз суреттерін орналастырып, сол үшін грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

2019 жылғы 10 желтоқсанда 1-10-сыныптар оқушылары үшін музыка мұғалімі Р.С.Сексембаева  мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің  шығармашылығын белсендендіру мақсатында «Әнге қосам, елім менің Қазақстан - Тебя воспеть хочу, мой Казахстан!»  атты ән фестивалін өткізді. Ән орындаған кезде орындау  шеберлігінің  деңгейі, өнер көрсетудің  конкурс тақырыбына сай келуі қадағаланды. Таңдаулыөнер көрсетулер салтанатты шараларда көрсетілді. 2020 жылғы мамырдың 4-нен 7-сі аралығында 5-6-сыныптар оқушылары үшін жоспар бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Әндер де соғыста болды» деп аталған  музыкалық  қашықтық ойын-викторина өткізілді.  Жұмыс қорытындылары бойынша «Әндер де соғыста болды» ойын-викторинасының қорытындысы шығарылды және жеңімпаздар анықталды. I -орынды – Гребе  Егор  мен  Ольков  Никита,5 «А» сынып оқушылары жеңіп алды, II -орында – Сайлаубек  Санжар  5 «Б» сынып оқушысыжәнеТимошик  Данил,  6 «Б» сынып оқушысы.

            Жыл сайын«Ars Vokal» вокал тобының тәрбиеленушілері «Дарабоз» оқу орталығы ұйымдастыратын республикалық «Мен таланттымын» деп аталатын онлайн конкурсқа қатысады.  Биылғы оқу жылы 4-сыныптың оқушылары Егорова Дарья, Плотинникова Кристина, Санюта Алина, Темирбаева Данара 1-орынды жеңіп алып, дипломдармен марапатталды.

2020 жыылғы 17 мамырда –сыныптар оқушылары үшін Роза Сатыбалдықызы «Музыкалық викторина» атты қашықтық конкурс жариялады, мақсаты конкурстар мен ойын сәттері арқылы балалардың бастамалары мен шығармашылық қабілеттерін белсендендіру, жалпы дүниетанымын кеңейту, музыка өнеріне тарту болды. Конкурс қорытындылары бойынша жүлделі  І –орынды  – Касенова  Аружан,  3 «В» сынып оқушысы мен   Қазыбек  Айкын,  3 «Б» сынып оқушысы жеңіп алды,  ІІ -орында – Ферет  Дарья,  3 «Д» сынып оқушысы, ІІІ -орында – Кандаёва  Анастасия,  3 «А» сынып оқушысы болды.

Оқу жылы бойы  көпмәдениеттілік пен  көркем-эстеиканы  тәрбиелеу мақсатында  оқушылар  Шафер үйі мұражайындаға шараға қатысып, облыстық С.Торайғыров атындағы кітапханада, Бұхар Жырау атындағы көркем музейінде болды.         

           

 

 

            Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Оқушылардың  интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ететін, көшбасшылық қасиеттерін және әрбір жеке тұлғаның дарындылығын, сонымн бірге ақпараттық мәдениетті қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру мектептегі тәрбие жұмысының маңызды  компоненттерінің бірі болып табылады.

Шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мектепте пән апталықтары өткізіледі. Пән апталықтары шеңберінде балалар интеллектуалды ойындарға, конкурстарға, тренингтерге, викториналар мен олимпиадаларға  қатысады.

             Қысқы каникулдарда «Ертегі менімен  барлық  жерде» атты викторина, білгірлер сайысы,  сыныптан тыс «I like English» шарасы,  қызықты математика сағаты, «Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы» шарасы  өткізілді.

            Оқушыларға тәрбие мәдениетін интернет-кеңістікте үйреткен маңызды: қарым-қатынас мәдениеті, өз ойын білдіру, әңгімелесушінің пікірін сыйлау, этикалық нормаларды сақтау.

            Мектебімізде 2019 жылғы желтоқсанның 3-нен 15-і аралғында ҚР БҒМ өткізген халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» шеңберінде «Қазақстандағы сағат коды» акциясы өткізілді. Акция аясында 3-10-сыныптар оқушыларына арналған тақырыптық сабақ өткізілді. Информатика мұғалімдері  Даирова З.Б., Хасенова Н.С., Кабасова А.Ж., Рахимгожина Д.М. сабақты өткізу бойынша  //hourofcode.kz/ сайтында ұсынылған әдістемелік және ақпараттық материалдарды зерттеді. Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.

Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі, киберқауіпсіздігі мақсатында және халықаралық  интернетсіз күнге арналған«Мен OFFLINE»  республикалық концепциясы  кең масштабты балалар акциясы  негізінде 1-10-сыныптардың сынып жетекшілері кімелетке толмағандардың Интернет белсенділігіне бақылау жасауға Интернет қызметін қолданушы ересектердің Интернет жауапкершілігі мәдениетін арттыру мақсатында, концепция ата-аналарға жеткізілді. Аға тәлімгер А.С.Аширбекова мектепте халықаралық интернетсіз  «Мен OFFLINE» күнін өткізу туралы парақшалар жапсырды. 2020 жылдың 24 қаңтарында сынып жетекшілері  интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Мен OFFLINE» тақырыбы бойынша сынып сағаттарын өткізді. 1-5-сыныптар оқушылары үшін өткізілген шаралар қрытындылары бойынша «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды, 6-10-сыныптар оқушылары «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе жазды.

 

            Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбие жұмысының сегізінші бағыты ретінде салауатты өмір салтын табысты түрде қалыптастыру үшін, дене және психологиялық денсаулықты сақтау үшін,денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау үшін  кеңістік құрастырады.

Балалардың денесін дамыту үшін спорт секциялары жұмыс істейді. 2019-2020 оқу жылының басынан 2019 жылғы 2 қыркүйектегі №1-03/328 бұйрыққа сәйкес, мектепте 10 секция әрекет етеді: асық ату, баскетбол, волейбол, жеңіл  атлетика, шаңғы, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, футбол, дойбы, оларда145оқушы қамтылған, бұл оқушылардың жалпы санының              47 % -ын құрайды. Секциялар жұмысы кесте бойынша, күнтізбелік жоспарлауға сәйкес жүргізіледі.

 

Оқушылардың спорт секцияларымен қамтылу мониторингі

Оқу жылы

Секциялар саны

Секцияларға қатысатын оқушылар саны

2017-2018

8

120

2018-2019

11

165

2019-2020

10

145

 

 

 

Салыстырмалы анализ оқушылардың секцияларда қамтылуының тұрақты екенін көрсетеді.

            Оқу жылы бойы оқушылар асық ату, баскетбол мен дойбы бойынша қалалық жарыстарға қатысты

Оқу жылы

Мектептен тыс мекемелерге қатысатын оқушылар саны

Мектептен тыс мекемелерге қатысатын оқушылардың қамтылу

%

 

2017-2018

31

9

2018-2019

34

10

2019-2020

16

5

 

 

Оқушылардың мектептен тыс қамтылу мониторингі

           

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


           

 

МІК, қауіп тобында есепте тұрған балалардың,аз қамтамасыз етілген, тұрмысы нашар, көп балалы отбасылары  балаларының қамтылуының ерекше бақылауы жүргізіледі.

           2019-2020 оқу жылы салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша алдын алу жұмыстары жоспарланып, Қазақстан Республикасында денсаулықсақтауды дамытудың  2016-2019 жылдарға  арналған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасының нормативті құжатына сәйкес жүзеге асырылды. Аталмыш нормативті база есебімен шаралар жоспары өңделіп, бекітілді. Қыркүйектің 2-нен 6-ы аралығында Павлодар қаласының білім бөлімі жоспарына сәйкес «Денсаулық апталығы» акциясы өтізілді. Акция шеңберінде аға тәлімгер А.С.Аширбекова «денсаулықтың 5 минуті» линейкасын өткізді, орыс тілі мұғалімі Л.Н.Красноперова «Денің сау болған – тамаша» тақырыбында диктант жазғызды, дене шынықтыру мұғалімдері «Спортпен айналыс – бірінші бол» атты таңғы жаттығулар өткізді, медбике оқушының сыртқы бейнесін  және кабинеттердің санитарлық жағдайын тексеруді бағалау мақсатында «тазалық» рейдін өткізді, биология мұғалімері тақырыптық әңгімелесулер өткізді, апта бойы «Денсаулықтың пошта жәшігі» жұмыс жасап тұрды, оның көмегімен оқушылар медбике Т.В.Ващенкодан өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша жауаптар ала алды.

Шаралар жоспарына сәйкес Денсаулық күні, Бүкіл әлемдік «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» атты жүрек күні, ОРВИ алдын алу бойынша  «Алдын алу. Қорғау» атты айлық, Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай             «Дені саудың – тәні сау» акциясы,  Дүниежүзілік «Аурудың алдын ал» атты сүт безі ауруы туралы хабарлау күніне орай онкүндік өткізілді;  алкогольден бас тартудың ұлттық күні; Дүниежүзілік инсульт күні «Біліңіз – ұзақ өмір сүріңіз», Дүниежүзілік диабетпен күрес күні, темекі шегудің алдын алу бойынша «Темекі тастау үшін тамаша күн» онкүндігі, ВИЧ/СПИД алдын алу бойынша айлығы, жұқпалы инфекцияның, тұмау мен пневмококты инфекцияның алдын алу бойынша айлық өткізілді. Ай сайын «Денсаулық» стендіндегі ақпарат жаңартылып тұрады.

            Сынып жетекшілері  оқушылардың қатысуымен, медбикені, мектеп психологтарын шақырумен «Пайдалы және зиянды әдеттер», «Дәрумендер мен тамақтану гигиенасы», «Сенің денсаулығың мен жеке гигиенаң», «Коронавирусты инфекция»  тақырыптары бойынша  сынып сағаттары мен басқа да шаралар өткізді.

            Көркем еңбек мұғалімі З.С.Наурызбаева ақпараттық сағат пен бастауыш сыныптар оқушылары арасында «Пайдалы тамақтану» тақырыбында балалар суреттері конкурсынөткізді.

            2019 жылғы 27 қарашада салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды үнемі спортпен айналысуға жұмылдыру мақсатында  9-10-сыныптар  оқушылары үшін «Көпшілік спорт – табысты және дені сау ұлттың дамуына жағдай жасау» атты спорттық шара өткізілді. Жарыстар қорытындылары бойынша жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

            2019 жылғы 6 желтоқсанда 2-3-сыныптар оқушылары үшін дене шынықтыру мұғалімі Е.А.Айтуғанов пен О.А.Хациева «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты спорт жарысын өткізді, МҚБ «Наш дом» 2-10-сыныптар оқушылары үшін дойбыдан турнир өткізді. Жеңімпаздар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

            Оқу жылы бойы  басқа ұйымдар өкілдерімен барлық жоспарланған кездесулер ұйымдастырылып, қатаң түрде өткізілді,  олардың ұзақ мерзімді    мақсаты - кіші жастағы оқушылар мен жасөспірімдердің СӨС қалыптастыру:

            -кризисті орталығы психологы А.А.Небельцова қыркүйек айында жұмыс жоспарын және «Спайстар», «Снюстар», «ПАВ алдын алу», «Жасөспірімдермен жеке әңгімелесулер» тақырыптарын құрастырды.

             -«Summit Service» ЖШС СӨС насихаттау жобасының жаттықтырушысы К.Ж.Байгожина презентациялар көрсетті және ПАВ қолданудың алдын алу мәселелері бойынша, дене белсенділігі мәселелері, ОРВМ алдын алу, репродуктивті денсаулықты қорғау бойыншаәңгімелесулер өткізді.

 

       - СПС ПОЦПЗ  психологы Глотовой Е.А. «Сау психика – бақытты және табысты тұлға», «Менің өмірімдегі стресс» тақырыптары бойынша тренингтер өткізді.

        -Оқушылардың «ПРЭК» АҚ маманы А.И.Байзековамен кездесуі өткізілді, ол адамдардың электро қауіпсіздігінің алдын алу мәселесі бойынша әңгіме өткізді.

       -Судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша әңгімелесу  мен ОСО құтқарушысы, медмаманы М.А.Тихенко АМК көрсету туралы әңгімеледі.

        -2020 жылғы наурызда Procter & Gamble компаниясы 7-сыныптар оқушылары арасында жыныстық жетілу туралы лекция өткізді.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды міндеттерінің бірі бұл мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру. Толыққанды ысық тамақты ұйымдастыру қиын міндет болып табылады,  балаларды қажетті  барлық тағамдық  заттармен қамтамасыз ететін және пайалы тамақтың тиімді   заманауи ғылыми принципіне сай келетін мектептік түскі астың перспективті  менюін өңдеу болып табылатын маңызды буындардың бірі. Осыған сәйкес, мектеп асханасында барлық оқушыларға, сондай-ақ, педагогтар мен мектеп қызметкерлеріне  қызмет көрсету СанПин талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

             Мектеп асханасы 60 орындық, оқушылардың қол жууы үшін раковиналармен жабдықталған  арнайы орын ұйымдастырылған.

 Асханада әкімшіліктің және сынып жетекшілерінің кезекшілігі ұйымдастырылған, оқушылардың тамақтануы  мектеп директоры бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

Қыркүйек айында өткізілген ата-аналар жиналыстарында мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жылына бір рет оқушыларды «Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру» бойынша мектеп асханасындағы тамаққа қанағаттанушылықтары бойынша сауалнама жүргізіледі.

            

             Ыстық амақпен және буфеттік тамақпен қамту бойынша мониторинг ыстық тамақпен қамту пайызы жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді.

 

Ыстық тамақпен қамту көрсеткіші 87,6%-ды құрайды. 2019-2020 оқу жылы тегін тамақтанумен бастауыш сыныптар оқушылары қамтылды, жалпыға бірдей оқыту қорынан 10 жетім бала мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылды, аз қамтамасыз етілген отбасыларында тұратын 6 бала  және 3 бала жалға алушы есебінен тамақтандырылды,  тегін тамақтанумен 180 бала қамтылды.

 

 

       
 
 
   
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Біздің оқушыларды сауықтыру мен демалдыру мақсатында  оқу жылы бойы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына жіберіледі. 2019-2020 оқу жылы 17 оқушы демалып, денсаулықтарын түзеді. Оқушылар орталықтағы шараларға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындар алуда. 9б сынып оқушысы Д.Истомин армрестлинг бойынша өткен турнирдің «Ертеңгіге бағдар» атты 18 кезеңінде 1-орынды жеңіп алды.

 

Оқушылардың  «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығындағы

демалумен қамтылу  мониторингі

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


            

 

Жы бойы медбикеТ.В.Ващенко оқушылардың медициналық тексеруін өткізді. Оқыту мен тәрбиелеудің санитарлық-гигиеналық жағдайына бақылау жасайды. Медициналық тексеруден өтуге бақылауды жүзеге асырады. Оқушылармен әңгімелесулер мен лекциялар өткізеді.  Медициналық тексеру анализін жүргізеді. Ата-аналар мен мұғалімдерге хабарлайды. Денсаулық паспортын рәсімдейді.

Медициналық бағыт білім беру үдерісінің гигиеналық жағдайын, медбикенің оқушылармен және мектеп қызмекерлерімен оқыту және реабилитациялау жұмысын  қамтамасыз етеді. Одан басқа, оқушылар аурушаңдығы бойынша мониторинг жүргізіледі. 

 

 2019-2020 оқу жылы мектеп бойынша оқушылар аурушаңдығы

Аурулар атаулары

Оқушылар саны

Оқушылардың жалпы санының %

Тубвиражнды

12

4 %

Созылмалы аурулар

119

39 %

Көру органының бұзылуы

91

30 %

Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы

34

11 %

 ОРВИ, ОРЗ, тұмау аурулары

68

22 %

д/ш сабағынан босатылған оқушылар

14

5%

 

Оқушылар аурушаңдығының мониторингі

 

           
   
 
   
 
   
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аурушаңдықтың өсу жағдайы жоқ екенін атап өту керек.

 

       Тәрбие жұмысының анализіжалпы 2019-2020 оқу жылы қойылған міндеттер шешіліп, мақсат орындалғанын көрсетеді.  Барлық өткізілген шаралар қорытындылары туралы мектеп сайтынан, инстаграмнан, «Твой мир», «Сарыарқа самалы» газеттерінен оқуға болады. Ата-аналар да, оқушылар да мектептегі білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне қанағаттанушылық танытады.

Тәрбие жұмысының күшті жақтары:

1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар қараусыздығы мен бақылаусыздығы, қайыршылық пен қаңғыбастық бойынша жұмыстар.

2. Мұғалімдер мен ата-аналардың шағын ауданда рейдтер мен патрульді жүйелі түрде өткізуі.

3. Мектептен тыс ұйымдармен байланыс: музейлер, ДЮЭТ, «Жігер»  аула клубы, Катаев атындағы Оқушылар сарайы, қалалқ кітапхана.

4. Интернетте «жаңалықтар» бөліміндегі жұмыс, негізінен  инстаграмда парақша жүргізу.

5. Мемлекеттік масштабтағы сияқты мектептік деңгейде де мерекелер өткізу.

6. Үйірмелер жұмысы.

7. Сынып жетекшілерінің атқарушылық тәртібі.

 

Тәрбие жұмысының әлсіз жақтары:

1. Өткізілетін сынып сағаттарының сапасы.

2. Ата-аналармен жұмыс.

3. Мектептік балалар ұйымы жұмысының сапасы.

4. Көпшілік, көрсеткіш шаралар жоспарында СӨС қалыптастыру бойынша жұмыс.

5. Балалардың түрлі деңгейдегі шараларға қатысуы.

2020-2021оқу жылына келесі міндеттері жұмыс анализі негізінде қалыптастыруға болады:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыру;

- Сынып жетекшілерінің ӘБ бұмысын белсендердіру;

- 10-сыныптар оқушыларымен кәсіби бағдар және жұмысқа орналасу бойынша  жеке ақпараттық-түсіндіру жұмысын лайықты деңгейде ұйымдастыру;

- мектептік  балалар ұйымының жұмысын белсендендіру;

- Мектептің дәстүрін сақтап, көбейту.

 

2019-2020 оқу жылындағы жұмыс қорытындысын жалпылай келе, 2019-2024 оқу жылы мктепті дамыту бағдарламасының басты бағыттары анықталды:

 

  • Мектептің тәрбие жүйесін құру;
  •  Жаңартылған мазмұндағы білім беру жағдайында педагогқызметінің жаңа жүйесін қалыптастыру;
  •  Мектептің функционалды сауаттылығын қалыптастыратын білім беру ортасын қалыптастыру (білім беру, денсаулықсақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу);
  •  Оқушыларға, білім беру сапасын компетентті  тәсілге сүйене отырып критериалды бағалау;
  •  Педагогикалық қолдауға мұқтаж ООП оқушыларға оқуына жағдай жасау.

Мектептегі инновациялық менеджментті жүзеге асыру үдерісі:

  • Инновациялық қызмет жоспары мен бағдарламаларын инклюзивті білім беру жағдайында өңдеу; жаңа ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мен оның енгізілуі.
  •  Жаңа білім беру қызметтерін құру жобаларын қарастыру.
  •  Бірыңғай инновациялық саясатты жүргізу: осы саладағы қызметті  құрылған кластерлік топтарда үйлестіру.
  •  Инновациялық қызмет бағдарламаларын қаржымен және материалдық ресурстармен қамтамасыз ету.
  •  Инновациялық қызметті білікті персонамен қамтамасыз ету.

Дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін біз 4 жоба әзірледік:

 

     «Әлеуметтендіру мектебі, мектептің тәрбие жүйесін құру» жобасы

«Әрбір оқушыға арналған жеке бағдарламаны жобалау» жобасы

  «Оқушылардың  функционалдық сауаттылығын  қалыптастыру»  жобасы

   «Жаңартылған  мазмұндағы білім беру мен инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» жобасы.