Сенім телефоны
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Мекенжайы: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектепте тамақтану

Тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат

2014 жылдан бастап депутаттардың бастамасы бойынша және мектеп директорларының ұсыныстары бойынша мектепте тамақтануды ұйымдастыру үшін қызмет көрсетушіні, тауарларды таңдау Тамақ өнімдерінің сапасына әсер ететін баға демпингіне, сондай-ақ мектеп директорларының қызмет көрсетушілерге тікелей бақылау жасау мүмкіндігінің болмауына байланысты Мемлекеттік сатып алу жүйесінен алынып тасталды.
 
Бүгінгі күні орта білім беру мекемелерінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және балаларды мектепке дейінгі мекемелерге, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелеріне тасымалдаумен байланысты тауарларды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде(ҚР ТЖМ 31.10.2018 ж. № 598 бұйрығы).
 
Балаларға арналған Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін Ережеде білікті персоналы бар осы қызметті көрсетуге неғұрлым дайындалған жеткізушіні таңдауға мүмкіндік беретін өлшемдер көзделген (тәжірибесі, аспаздардың біліктілігі, технологтардың, диетологтардың болуы, оң сипаттамалары, өзінің тамақ өндірісі, энергия үнемдейтін жабдықтар).

 

 

 

 

«Павлодар қаласының

№ 28 жалпы орта білім беру мектебі» Мемлекеттік мекемесі

 

Государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа № 28 города Павлодара»

 

БҰЙРЫҚ

2018жылғы «03» қыркүйек       

 

138

ПРИКАЗ

                 «01» сентября    2018г.

         

 

 

Тамақтануды ұйымдастыру туралы

 

Мектеп асхасында оқушылардың тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2018  жылғы 3-ші қыркүйектен бастап оқушылардың тамақтануы ұйымдастырылсын.
  2. Мектепте тамақтану жағдайы мен сапасын бағалауға арналған инспекция ұйымдастырылсын. Комиссия құрамы:

Воронова И.Ф. – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Кашуба Л.В.   - медбибі

Камалитдинова Н.К. – әлеуметтік педагог

Уразбаева Ш.С. –  мұғалім

  1. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға жауапты болып директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары И.Ф. Воронова тағайындалып, 2018 жылғы 01 қыркүйекке дейін оқушылардың асханада тамақтану кестесін әзірлесін.
  2. 1-11 сынып жетекшілері оқушылармен және олардың ата-аналарымен оқушылардың ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілуі туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізсін.
  3. Мектеп асханасын жалға алушы Ж.Н. Шаяхметова – асханадағы жұмыстарға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтасын; азық-түлікті сақтау талаптарын тиісті түрде орындап, Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен келісілген ас мәзірі негізінде әзірленсін. Мәзір ұсынылған әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес жасалсын.
  4. Медициналық қызметкер Л.В. Кашуба – санитарлық нормалардың сақталуын, тамақтың құнарлығын күнделікті бақылауда ұстасын.
  5. Директордың шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары М.У. Мечетбаева – оқушыларға қол жууға арналған жағдай жасалып, су ішу режиміне назар аударсын.
  6. Әлеуметтік педагог Н.К. Камалитдинова – аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың тегін тамақтануын қамтамасыз етіп, күнделікті қадағалап отырсын.
  7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары И.Ф. Вороноваға жүктелсін.