Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Вам нравится обучение в нашей школе?
Голосовать
А) да - 229
Б) нет - 69
В) не очень - 53
Всего проголосовало: 351
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын, жобалық персоналға арналған әдістемелік ұсынымдар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) мақсаттарына және қорытынды нәтижелеріне қол жеткізу үшін, тиісті жобалық ұйымдық құрылымды құруды көздейтін жобалық менеджмент әдістемесі қолданылады.Бағдарламаны басқару Ұлттық стандартын Қазақстан Республикасы бойынша  Басшылық "жобаларды басқару" ҚР СТ ISO 21500 – 2014, сондай-ақ, "Agile" құралдарын пайдалану негізінде жүзеге  асырылатын   болады.

 

I. НЕГІЗІ ЕРЕЖЕЛЕР

 


Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағыты анықталды:

  1. Бәсекелік қабілет;
  2. Прагматизм;
  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
  4. Білімнің салтанат құруы;
  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
  6. Сананың ашықтығы.

 

Бұл бағыттар мақсаттарға жету деңгейін өлшеу үшін критериалды аппаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді

 

  

 Бағдарламаны жүзеге асыру үш кезеңде өтеді деп жоспарлануда.

 

Бірінші кезең– 2017 - 2020 жж.

 

Кезеңнің міндететрі:

 

- орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған Бағдарламаның мақсаттары мен жұмыс көрсеткіштерін әзірлеу мен бекітуді қоса алғанда, мақсатты белгілеу үдерістері, мақсаттарға қол жеткізу деңгейін өлшеу үшін критериалдық аппараттар мен құралдарды құру (индикаторлар, зерттеу және өлшеу әдістері және т.б.);

- Бағдарламаны жүзеге асыруда педагогикалық, оқушылар, ата-ана қоғамдастығын, халықты, бизнес өкілдерін және мемлекеттік мекемелерді, соның ішінде ҮЕҰ мен жастар ұйымдарын тарту

- Бағдарламаны тиімді басқару үшін ақпараттық технологиялар IT-платформасын енгізу және әлеуметтік жобалар мен іс-шараларды іске асыруға азаматтық қоғамның белсенді қатысуы үшін жағдай жасау;

- Бағдарламаны ақпараттық қолдау үшін ішкі және сыртқы коммуникацияларды дамыту және бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен бірге әлеуметтік желілер арқылы тиімді «кері байланыс» қамтамасыз ету;

- Бағдарламаның басым міндеттерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру, жоспарлау, іске асыру, мониторингтеу және түзету;

- Бағдарламаның іс-шаралары мен жобаларының қызмет нәтижелерін бақылау және мониторингтеу, тиімді жобалық инфрақұрылымды құру; - Үздіксіз білім беру жүйесін және жобалық персоналды оқыту жүйесін енгізу, сондай-ақ Бағдарламаның жобаларын басқару процестерін стандарттау;

- қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеу және енгізу.

 

Екінші кезең – 2021 - 2025 жж.

 

Кезеңнің мақсаты - негізгі жобаларды іске асыруды аяқтау мен орта мерзімді мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ бірінші кезеңде қалыптастырылған критерийлер бойынша қоғамдық сананың өзгеру динамикасын бағалау.

 

Үшінші кезең – 2026 - 2030 жж.

 

Кезеңнің мақсаты - ұзақ мерзімді мақсатты индикаторларға қол жеткізу және Бағдарламаның қол жеткізілген нәтижелерін бағалау болып табылады.

 

"Рухани жаңғыру" бағдарламасына 6 арнайы жоба енгізіледі:

- "Туған жер"

- " Казахстанның сакралды географиясы",

- " Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет ",

- "100 жаңа оқулық",

- "100 жаңа есім",

- "Қазақ тілінің латын графикасына біртіндеп ауыстырылуы".


Бұл арнайы жобаларды жүзеге асыру төрт министрліктің (Білім және ғылым министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Ақпарат және байланыс министрлігі) құзыретіне кіреді. Басқару процестерін оңтайландыру үшін Бағдарлама төрт кіші бағдарламаға бөлінеді, олардың әрқайсысы сәйкес мақсатқа ие:

 

  • Білім және ғылым министрлігі -  «Тәрбие және білім». Кіші бағдарламаның мақсаты - біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру салты болып табылады.
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі - «Атамекен». азаматтық жауапкершілік пен халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыру, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, әрбір қазақстандықты өз мүддесіне пайдалы әрекет етуге үйрету, жергілікті қоғамдастық пен қоғамның эволюциялық дамуын жетілдіру.
  • Мәдениет және спорт министрлігі - «Рухани Қазына». Сыйластық дәстүрлеріне,жер мен ел  тарихына қызығушылықты жаңғырту;
  • Ақпарат және байланыс министрлігі - «Ақпарат толқыны». Бағдарламаны іске асыру барысы туралы халықты ақпараттандыру, азаматтардың қоғамдық мониторингі жүзеге асырылатын жобаларға қатысу үшін ақпараттық инфрақұрылымын құру.

 

2. ЖОБАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫ

Мақсатқа және қорытынды нәтижелерге жету деңгейі әрбір кіші бағдарламаның Жарғысында бекітілген тиісті мақсатты индикаторлармен және көрсеткіштермен анықталады.

Жобаның ұйымдастырушылық құрылымын құру - бақылау құжаттарын әзірлеу және қабылдау, сондай-ақ кіші бағдарламаларды басқару топтарының (бұдан әрі - Басқарушы топ) мүшелеріне тиісті жобалық рөлдерді беру арқылы қамтамасыз етіледі.

Жобаның ұйымдастырушылық құрылымы және басқару құжаттары белгілі бір талаптарға сай болуы керек:

 

1. Бағдарламаның мақсаттары, кіші бағдарламалар, негізгі бағыттар және оларда қамтылған жобалар мен іс-шаралар өлшенетін, шынайы және нақты жету кезеңін анықтаған болуы керек;
2. Басқару тобының мүшелерінің жауапкершілігі дербестендіріліп, тиісті түрде құжатталуы тиіс;
3. Жобаның негізгі рөлін орындайтын Басқару тобының мүшелері (Кіші жобаның бас менеджері және әкімшісі, аймақтық жобалау кеңсесінің басшысы, менеджері және әкімшісі) ағымдағы жұмыстан толығымен босатылып, өздерінің жұмыс уақытының 100% жобаның рөлін атқаруы тиіс.
 
Бағдарламаның ұйымдастырушылық құрылымының тиімді жұмысы басқарушылық құжаттармен қамтамасыз етіледі, оның ішінде:
• Бағдарламаны басқару жоспары;
• Төрт кіші бағдарламаның ережелері;
• Жобалар мен іс-шаралар реестрі;
• Кіші бағдарламаның сәулеттік картасы;
• Әрбір базалық жоспар бойынша басқару жоспары;
• Жобаның жарғысы мен іс-шараның паспорты (әр жоба мен іс-шара үшін);
• Әрбір жоба бойынша басқару жоспары;
• Жобаның міндеттері;
• Жобалық персоналға арналған әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар.

Жобаны ұйымдастыру құрылымы:

• Бағдарлама Басқармасы;

• Бағдарламаның сараптамалық кеңесі және базалық бағыттар мен жобалар сарапшыларының тобы;

• Бағдарламаны басқару кеңсесі (бұдан әрі - ББК) (оның ішінде Байланыс Орталығы, Сараптамалық кеңестің секретариаты, Аналитика орталығы, Жобалық менеджмент бойынша кеңесшілер тобы, Мониторинг тобы - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары);

• «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын басқару тобы;

• «Атамекен» кіші бағдарламасын басқару тобы;

• «Рухани Қазына» кіші бағдарламасын басқару тобы;

• «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасын басқару тобы;

• Жобалар командалары;

• Іс-шараны басқарушылар;

 

 

Бағдарламаға қатысушылардың типтік жобалық рөлі

 

Бағдарламаға Тапсырыс беруші

Ұлттық комиссия:

  • Бағдарламаның шешімдерін қабылдайтын және Бағдарлама қорытындысына  баға беретін жоғары орган:

- Бағдарлама Кураторын анықтау;

- Бағдарламаның Басқару кеңесінің құрамын бекіту.

Бағдарлама Кураторы

  • Бағдарламаны іске асыру барысында Тапсырыс берушінің мүддесін ұсынатын уәкілетті тұлға:

-   Басқару кеңесін басқарады;

- концептуалдық шешімдерді мақұлдайды және қабылдайды;

- Басқару кеңесі, Сараптамалық кеңес, Орталық Жобалау кеңсесі, Кіші Бағдарлама Кураторлары, Бағдарламаны өңірлерде іске асыру Кураторларының Бағдарлама барысы мен нәтижелері есептерін  үнемі тыңдайды.

Президент Әкімшілігі Жетекшісінің Бірінші орынбасары

 

Кіші Бағдарлама Кураторы

 

  • Бағдарлама Жетекшісі, Бас менеджер, Кіші бағдарлама әкімшісі және менеджерлер кандидатурасын тағайындайтын,  бағдарламаға Тапсырыс берушінің мүддесіне өкілдік ететін, іске асыру барысында түйінді басқару шешімдерді қабылдайтын мемлекеттік саяси қызметтегі тұлға (Министр)

Министр

Кіші Бағдарлама Жетекшісі

  • Кіші Бағдарламаның мақсаттық индикаторлар мен көрсеткіштеріне жету үшін заңнамаға қайшы келмейтін басқару шешімдерді қабылдауға құзыретті және Кіші Бағдарламаның орындалуына персоналдық жауапкершілікті өзіне алатын мемлекеттік саяси қызметтегі тұлға (Вице-министр).

Вице-министр

Кіші Бағдарлама Бас менеджері

  • Кіші Бағдарламаның мақсаттық индикаторлар мен көрсеткіштеріне жету үшін заңнамаға қайшы келмейтін басқару шешімдерді қабылдауға құзыретті немесе оны Кіші Бағдарлама Жетекшісінің қарауына ұсынатын, тиісті жобалардың командаларын басқару және Кіші Бағдарламаның барлық процесстерінің (бастама, жоспарлау, іске асыру, мониторинг, үйлестіру және аяқтау) уақытында әрі сапалы жүзеге асырылуына персоналды жауапкершілікті өзіне алатын тұлға.

 Кіші Бағдарлама  

     Кураторының

  шешімі бойынша

 

Әкімші

  • Кіші Бағдарламаның бүкіл жобалық персоналына, тиісті жобалар командасын қоса алғанда, әдіснамалық және ұйымдастыру-техникалық қолдауды жүзеге асыратын Жобалау кеңсесінің қызметкері.

  Кіші Бағдарлама  

     Кураторының

  шешімі бойынша

 

Кіші Бағдарлама Менеджері

  • Кіші Бағдарламаның мақсаттық индикаторлар мен көрсеткіштеріне жету үшін заңнамаға қайшы келмейтін басқару шешімдерді қабылдауға құзыретті немесе оны Кіші Бағдарламаның Бас Менеджерінің қарауына ұсынатын, бекітілген Базалық жобаларды іске асыруға персоналды жауапкершілікті өзіне алатын тұлға.

  Кіші Бағдарлама  

     Кураторының

  шешімі бойынша

 

Өңірдегі Бағдарлама Кураторы

  •  Аймақтағы Бағдарлама Жетекшісі, жобалық офис Жетекшісі, Бас менеджер және әкімші  кандидатураларын тағайындайтын, Басқарушы кеңестің уәкілеттілігімен  бағдарламаға Тапсырыс берушінің мүддесіне өкілдік ететін, Бағдарламаны іске асыру барысында түйінді басқару шешімдерді қабылдайтын мемлекеттік саяси қызметтегі тұлға (Әкім)

Облыс әкімдері,

Астана, Алматы ққ.

Өңірдегі Бағдарлама жетекшісі

  • Өңірдегі Бағдарламаның нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу үшін   заңнамаға қайшы келмейтін кез келген басқарушылық шешімдер және өңірде Бағдарламаны жүзеге асыру үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайтын уәкілетті тұлға

Облыс, Астана, Алматы ққ. әкімдерінің орынбасарлары

 

Жобалық офис Басшысы

  • Жобалық персоналдың және команда жобаларын әдіснамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу, оқыту, қызметіне мониторинг жүргізу,  оның ішінде Бағдарламаның  тиімді басқару процесін жүзеге асыру және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу мақсатында Бағдарламаның өңірдегі Орталық Жобалық офисымен жедел өзара іс-қимылы қамтамасыз ететін тұлға.

Өңірдегі Бағдарлама Кураторының (әкімнің) шешімі бойынша

Өңірлік Жобалық офисының Бас менеджері

  • Бағдарламаның  тиімді басқару процесін жүзеге асыру және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу,  жобалар командаларын өз бетімен қабылдау не Басшысының қарауына енгізу, Бағдарламаның өңірдегі басшысының (әкімнің орынбасары) басқарушылық шешімдерін    қабылдаушы және  өңірдегі Бағдарламаны жүзеге асыру үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайтын уәкілетті тұлға

Өңірдегі Бағдарлама Кураторының (әкімнің) шешімі бойынша

Өңірлік Жобалық офис әкімшісі

  • Жобалар командаларын қоса алғанда, өңірдегі Бағдарламаны жүзеге асыратын жобалық персоналға әдіснама- тұлғалық және ұйымдастыру-техникалық қолдау көрсететін тұлға

Өңірдегі Бағдарлама Кураторының (әкімнің) шешімі бойынша

Жоба жетекшісі

  • жобаның  дербес сапасы мен мазмұндық нәтижелеріне жауапты болады
  • жобаға барлық қажетті ресурстарды (адами, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және т. б.)
  • қызметкерлерді уәждемелеу және іріктеуге қатысады
  •  Кіші бағдарламаның Бас менеджері және  Өңірлік Жобалық офис Бас менеджерімен негізгі параметрлерін (мерзімі, бюджет, ресурстар, қойылатын талаптар нәтижелері) өзгерту үшін келіседі
  • Жоба Менеджері деңгейінде реттелмеген проблемалық сұрақтарды шешеді

Аймақтағы Бағдарлама жетекшісінің шешімі бойынша (әкім орынбасары)

Қажет болған жағдайда, Кіші Бағдарлама Жетекшісінің шешімі бойынша (вице-министр)

Жоба менеджері

  • Белгіленген мерзімде жобаның ресурстарын басқарады және барлық міндеттерді орындаудағы жеке жауапкершілігіне алады
  • команданы қалыптастырады, жобаға қатысушыларды біріктіреді, жобаны табысты іске асыруға ынталандырады, өзара құрмет пен сенім қалыптастырады, тиімді іс-қимыл және байланысты қамтамасыз етеді
  • жобаны іске асыру жоспарын әзірлейді және басқарады
  • қажет болған жағдайда, кез келген мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға жобалық тапсырмамен* өтінім жібереді
  • жобаның белгіленген нысан кезеңділігі бойынша Жобалық Офис есеп ұсынады
  • дәйектілікпен барлық проблемалық мәселелерді шешеді және қажет болған жағдайда жоғарғы деңгейге көтереді

Аймақтағы Бағдарлама жетекшісінің шешімі бойынша (әкім орынбасары)

Қажет болған жағдайда, Кіші Бағдарлама Жетекшісінің шешімі бойынша (вице-министр)

Сарапшы

 

  • жобалық команда әзірлеу кезінде талдау және кеңес беру үшін жүйелі шешімдер (мақсат, көрсеткіштер, міндеттер, тәуекелдер және т. б.)  шығаратын тиісті саладағы  кәсіби деңгейі жоғары маман
  • жобалық тапсырмалар шеңберінде өз құзыретін, қажет болған жағдайда, ұсыныс енгізеді, нұсқаулықтар орындайды

Қажеттілікке қарай тартылады

Жоба тапсырмасын орындаушы

  • мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ өзге тұлғалар, соның ішінде сыртқы консультанттар мен сарапшылар, жобалық тапсырманы орындаушылар анықталуы мүмкін
  • іс-шаралар шеңберінде қойылған міндеттерді,  жобалық тапсырмаларды орындайды және жүргізеді
  • тиісті міндеттер мен тапсырмаларды  сапалы және уақытылы орындалуына дербес жауапты болады

мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері

 

Маңызды!Реестрде қандай да бір бастаманы жоба/іс-шара ретінде қосудың негізгі критерийі болып, Кіші бағдарламаның мақсаттарына және нәтижелеріне жетуге бағытталуы табылады. Яғни, егер ұсынылатын жоба/іс-шара кіші бағдарламаның мақсаттарына жетуге ықпал етпесе, онда ол Реестрге енгізілмеуі керек. Тиісінше, мұнда сан емес, жобалардың/іс-шаралардың сапасы мен нәтижелігі маңызды.