Телефон доверия
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Адрес: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы
жоба  

Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған

жол картасы

  1. Бағдарламаның төлқұжаты
 
Бағдарламаның атауы 2015-2020 жылдары үш тілде білім беруді дамыту жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы )
Әзірлеу үшін негіз Елбасының 2015 жылғы 23 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында берген тапсырмасы, сонымен бірге, «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет - 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 89-тармағын іске асыру шеңберінде
Бағдарламаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  
Жол картасын іске асыруға жауапты ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі  
Мақсаты Қазақстан Республикасында білім берудің барлық деңгейлерінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін үш тілде білім беруді кезең-кезеңмен енгізуді қамтамасыз ету және адами капиталды дамыту
Міндеттер - үш тілде білім беру шеңберінде тілдерді оқытудың бірыңғай стандартын әзірлеу есебінен бірыңғай білім ортасы контекстінде үш тілде білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету; - тілдерді үйрету талаптарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын, білім беру ресурстары мен бағалау жүйесін жаңарту; - Қазақстанда үш тілде білім беру саласында тиімді ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету; - тілдерді үйретудің, оқытудың және бағалау жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес қазақ тілін оқытудың эталондық рамасын әзірлеу- үш тілде білім беруді тиімді енгізу үшін педагог кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесін жетілдіру; - мүдделі тараптардың (мемлекеттік органдар , білім беру ұйымдары, ҮЕҰ, бизнес құрылымдар, ата-аналар қауымы, БАҚ және т.б. ) өзара тиімді іс-қимылын дамытуға ықпал ету; - үш тілде білім беруді іске асыру процесін ақпараттық қолдауды (үш тілде білім беру саясаты мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарларда, баспасөз құралдарында жариялау және т.б.) қамтамасыз ету
Іске асыру мерзімі (кезеңдер) 1-кезең – 2015 жыл 2-кезең – 2016-2020 жылдар
Мақсатты индикаторлар Бағдарламаға сәйкес ағылшын тілінің сөздік қорын меңгерген мектеп жасына дейінгі балалардың үлесі (2015 - 7 %, 2020 - 30%).Тілдерді оқытудың деңгейлік жүйесіне сәйкес қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген бастауыш мектепті бітіруші оқушылар үлесі – 2015 - 52 %, 2020 – 75%.Тілдерді оқытудың деңгейлік жүйесіне сәйкес қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген негізгі мектепті бітіруші оқушылар үлесі – 2015 - 60 %, 2020 - 90%.Тілдерді оқытудың деңгейлік жүйесіне сәйкес қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жоғары мектепті бітіруші оқушылар үлесі – 2015 - 70 %, 2020 - 95%.Үш тілде білім беретін мектептер саны (2015 - 110, 2020 - 700). Жаратылыстану-ғылыми пәндері мұғалімдерінің жалпы санынан жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді (физика, биология, химия, АКТ) ағылшын тілінде оқытатын педагогтардың үлесі (2015 - 2,5% , 2020 жылы - 25%).Үш тілде білім беру шеңберінде жоғары оқу орындарының арнайы бөлімдерінің күндізгі бөлімін бітірген түлектер үлесі (2015 ж - 12% , 2020 ж - 25%).Базалық циклдер пәндер мен бейіндік пәндерді ағылшын тілінде оқытатын ЖОО-ғы оқытушылар үлесі (2015 ж - 8%, 2020 ж. - 20%).Үш тілде білім беруді іске асыру үшін біліктілікті арттырудан өткен ЖОО-ғы профессорлар-оқытушылар құрамының үлесі (2015 ж. - %, 2020 ж. - %).
Қаржыландыру көздері және көлемдері Мемлекеттік бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жыл сайын 6,38 млрд. теңгені құрайды.Жергілікті бюджеттен қаржыландыру білім беру жүйесін дамыту үшін тиісті жергілікті бюджеттерден жыл сайын көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады
Кіріспе Үш тілде білім беруді дамыту жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы)білім алушылардың мемлекеттік тілді - қазақ тілін, қазақ тілімен тең ресми тіл ретінде қолданылатын орыс тілін және әлемдік қоғамдастыққа ойдағыдай кірігу құралы ретінде ағылшын тілін меңгеруге ықпал ететін білім ортасын жақсартуға бағытталған. Бағдарлама Қазақстан Республикасындағы білім берудің барлық деңгейлерінде үш тілде білім беруді кең көлемде енгізуге қол жеткізуге бағытталған. Жол картасында білім берудің барлық деңгейлерінде үш тілде білім беруді табысты жүзеге асыру үшін қажетті белгілі бір шаралар қарастырылған. Ағымдағы жағдайды талдау Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында үш тілде білім беруді дамытудың негізгі үрдістерді енгізілген. Үш тілде білім беруді дамыту бойынша Қазақстан Республикасы – 2020 стратегиялық жоспарының жобасы әзірленді. Мектепке дейінгі және орта білім саласындаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі -МЖМС) және шет тілдерін оқыту ендірілген мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспары бекітілді. МЖМС сәйкес 2 кіші топтан бастап қазақ, орыс және шет тілдерін оқытуға 3 сағат қарастырылған. 2013 жылғы қыркүйек айынан бастап республикадағы балабақшаларда үш тілділікті пайдаланып балалардың сабағын және еркін іс-әрекетін кіріктіре жүргізу жүзеге асырылады. Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда үштілділік кеңістігін ендіру үшін пәндік-дамушы орта құрылған. 2000 жылдан бастап оқыту тілі қазақ тілінде емес мектептерде «Қазақ әдебиеті» пәні қазақ тілінде жүргізіледі, оқыту орыс тілінде емес мектептерде «Орыс әдебиеті» пәні орыс тілінде жүргізіледі. 2013-2014 оқу жылында 1-сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту енгізілді, 2016-2017 оқу жылында осы білім алушылар бастауыш сыныпты бітіреді. Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын 33 мектеп жұмыс істейді. 18 Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі жоғары мектепте оқыту ағылшын тілінде жүргізіліп, білім алушылар халықаралық сыртқы экзамендер тапсырады, 30 қазақ-түрік лицейінде жаратылыстану-математикалық цикліндегі жеке пәндер ағылшын тілінде оқытылады. 110 мектепте (63 мың білім алушы - 2,3%) үш тілде білім беру енгізіледі. 1202 мұғалім (2,4%) ағылшын тілінде білім береді. Оқытуды ағылшын тілінде жүргізетін жаратылыстану-математикалық цикліндегі пәндер бойынша мұғалімдерге сұраныс 22,5 мыңды құрайды. Ағылшын тілінде сапалы оқыту үшін ЖОО оқытушыларын қайта дайындау қажеттілігі 1,1 мыңды құрайды. Техникалық және кәсіптік білім беру: 11 мамандық бойынша 57 педагогикалық және гуманитарлық оқу орындарында, оның ішінде 23-і мемлекеттік, педагог кадрлар дайындалады. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуішіне (Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 165-од бұйрығы) ҚР МЖ 05-2008 «Ағылшын тілін білетін мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері», «Ағылшын тілін білетін информатикадан бастауыш білім беру мұғалімі», «Ағылшын тілін білетін математика мұғалімі», «Ағылшын тілін білетін физика мұғалімі» жаңа біліктіліктер қосылды. Педагогикалық мамандықтар бойынша жаңа біліктіліктер енгізу үшін эксперимент тәртібінде базалық педагогикалық және гуманитарлық колледждер белгіленді. 2013 жылғы наурыз айынан бастап Атырау қаласында мұнай-газ саласы үшін ағылшын тілінде кадрларды дайындау және қайта дайындау жөніндегі «Кәсіпқор» Холдингі» ҰБА - өңіраралық кәсіби орталығы (бұдан әрі – Атырау қ. ӨКО ) бірінші жобасы іске қосылды. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Атырау қаласындағы «Мамандыққа кіріспе - бірінші жұмыс мамандығын алу» жобасы бойынша 160 адам оқытыла бастады. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. 2015 жылдан бастап «Кәсіпқор» Холдингі» ҰБА «Серіктес колледждер» жобасын іске қосты. Холдинг әзірлеген 10 білім беру бағдарламалары таңдалған серіктес 10 колледжде бейімделетін және ендірілетін болады. Кейбір білім беру бағдарламалары модульдері (бағдарламалау технологиясы, Электроника, Материалтану және т.б.) ағылшын тілінде оқытылатын болады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру: Үш тілде білім беру шеңберінде 42 жоғары оқу орындарында 65 бакалавриат, 32 магистратура, 8 докторлық PhD мамандықтары бойынша оқыту жүргізіледі.2014-2015 жылдары 10800 адам оқитын 1002 үш тілді топ құрылды. 2014-2015 оқу жылында 7 педагогикалық жоғары оқу орындарында 111 арнайы топтар құрылды. 2014-2015 оқу жылында 7 педагогикалық ЖОО-да 111 арнайы топ құрылды. Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін білетін профессорлар-оқытушылар құрамы құрылды. Барлық мамандықтар бойынша студенттер «Кәсіби қазақ (орыс ) тілі» және «Кәсіби шет тілі» пәндерін оқиды. Халықаралық стандарттарға сәйкес тілдерді оқытудың деңгейлі үлгісі енгізілді. Арнайы бағдарламалар бойынша шет тілін тапсырғандығы туралы сертификаты бар тұлғалар шет тілі бойынша магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсу емтиханынан босатылады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттар Еуропалық Одақ пен АҚШ елдері болып табылатын Болон процесіне қатысушы елдерде білім алады. Шетел ғалымдары мен оқытушылары тартылады. Базалық ЖОО оқулықтарын әзірлеу, жариялау және мемлекеттік тілге аудару бойынша жүйелі жұмыс басталды. ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ 7 стратегиялық бағыт 1. Нормативтік және құқықтық база 2. Ғылыми-зерттеу қызметі 3. Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету 4. Кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру 5. Институционалдық қолдау 6. Ақпараттық сүйемелдеу 7. Қаржыландыру Жол картасын іске асыру 2015-2020 жылдарға арналған үш тілді білім беруді дамытудың жол картасын іске асыру бойынша шс-шаралар жоспарында қарастырылған. 1. Нормативтік және құқықтық база Үш тілде оқытуды ескеріп тиісті білім беру деңгейіндегі Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытудың салыстырмалы деңгейлі жүйесі негізінде Стандарт әзірлеу. Тілдерді оқыту Стандарты негізінде жалпы орта білім үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша типтік оқу бағдарламаларын әзірлеу. Оқыту тіліне қарамастан «Қазақстан тарихы», «География» пәнін қазақ тілінде, «Дүниежүзілік тарих» пәнін орыс тілінде оқыту бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндерін жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшіру туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Білім беру саласында кәсіби стандарттарды әзірлеу.
  1. Ғылыми зерттеу қызметі
Үш тілде білім беру бойынша ғылыми зерттеу бағыттарын анықтау Үш тілде білім беру саласында мақсатты бағдарламалық ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарын таңдау. Үш тілде білім беру бойынша ғылыми зерттеулер саласында халықаралық ынтымақтастық ұйымдастыру Үш тілде білім беру тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін енгізу мониторингін жүргізу. Тілдің үштұғырлығы бойынша халыққа арналған қолжетімді ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізу  
  1. Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Үш тілде білім беруді енгізу шеңберінде барлық білім беру деңгейлерінде 2016-2020 жылдарға арналған педагогтарды дайындау және біліктілігін арттыру тұжырымдамасын әзірлеу. Тілдерді оқыту стандартына сәйкес тілдік пәндер бойынша отандық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу. Үлкен және жоғары мектептер үшін 4 пән бойынша (информатика, физика, химия, биология) ағылшын тілінде шетелдік оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды бейімдеу. Жоғары мектепке арналған мемлекеттік тілде оқулықтар әзірлеу, аудару және жариялау. Информатика, физика, химия, биология пәндері бойынша үштілді терминологиялық сөздіктер әзірлеу. Үш тілде білім беру жағдайларында сырттай қорытынды аттестаттау (ҰБТ) нысаны мен мазмұнын жетілдіру. Ағылшын тілінде оқытылатын жоғары сыныптардағы пәндер бойынша сыныптан тыс іс-шаралардың үлгі бағдарламасын әзірлеу. Ағылшын тіліндегі жоғары сыныптарда вариативті компонентті сабақтардың бағдарламасын әзірлеу. Пәнді және тілді кіріктірілген оқыту (информатика, физика, химия, биология) бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу. Барлық деңгейлердегі ұйымдарда үш тілде білім беруді ескеріп оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін жаңарту. Үш тілде білім алатын оқушыларға қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу. Үш тілде білім беруді кешенді мониторингілеудің автоматтандырылған бағдарламасын әзірлеу.  
  1. Кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру
Қазақстан Республикасында үш тілде білім беруді іске асыру үшін педагог кадрларға қажеттілік мониторингін жүргізу. Барлық білім деңгейлерінде үш тілде білім беруді іске асыру үшін педагог кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жоспарларын әзірлеу. Үш тілде білім беру жағдайларында педагогтардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу. Үш тілді білім оқытушылардың тілдік оқыту бағдарламаларын әзірлеу. Үш тілді білім беру шеңберінде педагогтарды тілдік тағылымдамадан өткізу бағдарламасын әзірлеу. Үш тілде білім беру жағдайларында жұмыс істеу үшін педагогтарға біліктілік талаптарын әзірлеу. ИИДМБ 6 мамандығы бойынша және 4 педагогикалық мамандық бойынша ЖОО ағылшын тілінде оқытуға көшу (2017-2020 ). Мемлекеттік тапсырыс бойынша жыл сайын педагогикалық мамандыққа 1.8 мың магистранттар және ағылшын тілінде оқыту үшін 900 бакалавр (2017-2020 ж.ж.) , «Болашақ» бағдарламасы бойынша 500 оқытушы және профессорлық-оқытушылық құрамын қабылдау(2016-2020 жж.). Жыл сайын (2017-2020) тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін ЖОО дайындық бөліміне студенттерді қабылдау мақсатында 450 грант бөлу. Жыл сайын (2016-2020 ж.ж) тілдік курстарда 2,4 мың мұғалімдер мен ПОҚ біліктілігін арттыру. Педагогтарға ағылшын тілін (Британ кеңесі, ETS) қашықтықтан оқыту (2016-2020 ж.ж.).Ағылшын тілінде 40 білім беру бағдарламалары мен оқулықтар әзірлеу ( 2016-2019 ж.ж).
  1. Институционалдық қолдау
ҚР БҒМ жанында үш тілде білім беруді үйлестіру кеңесін құру. Үш тілде білім беру орталығын құру. МЖӘ шеңберінде өңірлік тірек аймақтық ресурстық орталықтарын құру. Педагогикалық ЖОО 3-4 курс студенттерін тарта отырып 10-11 сынып оқушылары үшін «Жаздық тілдік мектеп» ұйымдастыру.
  1. Ақпараттық қолдау
Үш тілде білім беруді іске асыруға қатысатын барлық тараптардың әлеуметтік әріптестігін дамыту тетігін әзірлеу. Үш тілде білім беруді іске асыруға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және білім беру ұйымдарының қатысу рейтингін анықтау. Үш тілде білім беру саясатын БАҚ-да жариялау.
  1. Қаржыландыру
Ұсынылған шараларды іске асыру үшін шамамен 31,9 млрд. теңге (5 жыл бойы жыл сайын 6,38 млрд. теңге) талап етіледі, оның ішінде: . - жыл сайын (2016-2020 жж. ) 3,51 млрд. теңге - тіл курстарында 2,45 мың мұғалім мен оқытушының біліктілігін арттыруға; - жыл сайын (2016-2020 жж.) 800 млн. теңге - «Болашақ» бағдарламасы бойынша 500 мұғалім мен оқытушыны оқытуға; - жыл сайын (2016-2019 ж.ж) 1,75 млрд. теңге - жоғары оқу орындарының 40 білім беру бағдарламасы мен оқулықтарын дайындауға; - жыл сайын (2017-2020 ж.ж) 286 млн. теңге – педагогикалық жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне 450 грант бөлуге; - жыл сайын (2017-2018 ж.ж) 110,5 млн. теңге - 10-11 сыныптардағы 4 пән бойынша ағылшын тіліндегі шетелдік оқулықтарды бейімдеуге; - жыл сайын 63,14 млн. теңге (2016-2020 жж.) мектеп оқушыларына арналған жаздық тіл тоқсандығына. Қаржыландыру көлемі тиісті кезеңдерге арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.   2015-2020 жылдары үштілді білім беруді дамытудың жол картасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (қоса беріліп отыр)