Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің
«Павлодар қаласының № 93 сәбилер бақшасы»
мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
№ 93 сәбилер бақшасының басшысы – Гафура Бопиқызы Махметова
Ашылған жылы: 1977
Құрылтайшы: Павлодар қаласының білім беру бөлімі
Жобалық және практикалық қуаты: 195 бала, қазіргі күні 232 бала қатысып жүр.
Балабақша 8 топқа арналған, қазіргі күні 8 топ жұмыс істеп тұр.
Мекенжайы:140000 Павлодар қаласы
Ак. Бектұров көшесі, 73
87182(556718) факс – директор
87182(556708) – мейірбике
Балалар құрамы
Жалпы балалар саны – 232
Олардың ішінде ұлты қазақ – 84
ұлты орыс – 120
басқа ұлт өкілдері – 28
ұл балалар – 113
қыз балалар – 119
Біздің басты бағыттарымыз
2006 жылдан бергі басты бағытымыз– «Танымдық сөйлеу әрекетін белсендендіру – мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қарымын дамыту негізі»
Міндеттер:
1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қарымын дамыту үшін инновациялық тұрғыларды үйрену және енгізу;
2. Балалардың танымдық әрекетін белсендендіру және өзіндік ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
3. Балалардың танымдық әрекетін белсендендіру бойынша тәрбиешілер жұмысын жетілдіру.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық-сөйлеу қабілетін дамыту бойынша балабақшаның жұмыс бағыты
1. Базистік жоспардың вариациялық бөлімі арқылы «Шешендік өнерге» үйрету;
2. Мәтінмен жұмыс жасауды тереңдету (балаларды мәтін түрлерімен, оның құрылысымен таныстыру және т.б.);
3. Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу әрекетін дамыту үшін инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану;
4. Сабақтар мен басқа да балалар жұмыстары қалыптарын жеке бағытталған көзқарасты есепке ала отырып құру;
5. Пәндік-дамытушы ортаны жетілдіру;
6. Білім беру үдерісіндегі ықпалдастықты есепке ала отырып сабақ моделдерін әзірлеу;
7. Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жұмысты жүйелендіру – мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қарымын дамыту жолдарының бірі;
8. Ата-аналармен ақпараттық-ағарту жұмыстары;
9. Педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру.
«Павлодар қаласының № 93 сәбилер бақшасы» МҚКК
түлегінің моделі
және оның құзыреттіліктері
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУШЫ:
- Баланың антропологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес сенсомоторлы және қозғалыс дағдыларының жетілуі;
- Денсаулық адам өмірінің аса маңызды құндылығы екенін балалардың мойындауы.
ӘЛЕУМЕТТІК-АДАМГЕРШІЛІК:
- Өз мінез-құлқын басқара білу, белгіленген ережелерге бағыну.
- Қоршаған әлемге төзімді қарым-қатынас;
- Мінез-құлықтық санаттарды баланың құндылық-мағыналы түрде меңгеруі;
- Өзін-өзі жетлідіру.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҚ – ТІЛДІК:
- Басқа балалармен және үлкендермен өзара қарым-қатынас құра білу;
- Баланың тілдік нормаларды меңгеруі.
КӨРКЕМ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ:
- Тұлғаның жеке-шығармашылық ерекшеліктерінің жетілуі;
- Эстетикалық түйсіну, елестету және пайымдауды қалыптастыру;
- Көркем-шығармашылық қабілеттің дамуы.
ТАНЫМДЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ:
- Жас ерекшеліктеріне сай психикалық үдерістердің даму деңгейі;
- Қоршаған әлемге белсенділік және қызығушылық таныту;
- Алынған білімді тәжірибеде қолдануға талпыну;
- Ақпараттық кеңістікте жұмыс істеуге икемділік.
