Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182321106
Мекенжайы: Павлодар қаласы Ак.Бектуров көшесі 73
87182321106
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-18.00 Бейсенбі 15.00-18.00
Біздің балабақша

 

 

 

Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының № 93 сәбилер бақшасы»

мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

 

№ 93 сәбилер бақшасының басшысы – Гафура Бопиқызы Махметова

 

Ашылған жылы: 1977

Құрылтайшы: Павлодар қаласының білім беру бөлімі

Жобалық және практикалық қуаты: 195 бала, қазіргі күні 232 бала қатысып жүр.

Балабақша 8 топқа арналған, қазіргі күні 8 топ жұмыс істеп тұр.

Мекенжайы:140000 Павлодар қаласы

                      Ак. Бектұров көшесі, 73

                      87182(556718) факс – директор

                      87182(556708) – мейірбике

 

Балалар құрамы

 

Жалпы балалар саны – 232

Олардың ішінде ұлты қазақ – 84

ұлты орыс – 120

басқа ұлт өкілдері – 28

ұл балалар – 113

қыз балалар – 119

 

Біздің басты бағыттарымыз

 

2006 жылдан бергі басты бағытымыз– «Танымдық сөйлеу әрекетін белсендендіру – мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қарымын дамыту негізі»

 

Міндеттер:

 

1.       Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қарымын дамыту үшін инновациялық тұрғыларды үйрену және енгізу;

2.       Балалардың танымдық әрекетін белсендендіру және өзіндік ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

3.       Балалардың танымдық әрекетін белсендендіру бойынша тәрбиешілер жұмысын жетілдіру.

 

Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық-сөйлеу қабілетін дамыту бойынша балабақшаның жұмыс бағыты

 

 

1.            Базистік жоспардың вариациялық бөлімі арқылы «Шешендік өнерге» үйрету;

2.            Мәтінмен жұмыс жасауды тереңдету (балаларды мәтін түрлерімен, оның құрылысымен таныстыру және т.б.);

3.            Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу әрекетін дамыту үшін инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану;

4.            Сабақтар мен басқа да балалар жұмыстары қалыптарын жеке бағытталған көзқарасты есепке ала отырып құру;

5.            Пәндік-дамытушы ортаны жетілдіру;

6.            Білім беру үдерісіндегі ықпалдастықты есепке ала отырып сабақ моделдерін әзірлеу;

7.            Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жұмысты жүйелендіру – мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қарымын дамыту жолдарының бірі;

8.            Ата-аналармен ақпараттық-ағарту жұмыстары;

9.            Педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру.

 

«Павлодар қаласының № 93 сәбилер бақшасы» МҚКК

түлегінің моделі

және оның құзыреттіліктері

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУШЫ:

 

-          Баланың антропологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес сенсомоторлы және қозғалыс дағдыларының жетілуі;

-          Денсаулық адам өмірінің аса маңызды құндылығы екенін балалардың мойындауы.

 

ӘЛЕУМЕТТІК-АДАМГЕРШІЛІК:

 

-          Өз мінез-құлқын басқара білу, белгіленген ережелерге бағыну.

-          Қоршаған әлемге төзімді қарым-қатынас;

-          Мінез-құлықтық санаттарды баланың құндылық-мағыналы түрде меңгеруі;

-          Өзін-өзі жетлідіру.

 

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҚ – ТІЛДІК:

 

-          Басқа балалармен және үлкендермен өзара қарым-қатынас құра білу;

-          Баланың тілдік нормаларды меңгеруі.

 

КӨРКЕМ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ:

 

-          Тұлғаның жеке-шығармашылық ерекшеліктерінің жетілуі;

-          Эстетикалық түйсіну, елестету және пайымдауды қалыптастыру;

-          Көркем-шығармашылық қабілеттің дамуы.

 

ТАНЫМДЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ:

 

-          Жас ерекшеліктеріне сай психикалық үдерістердің даму деңгейі;

-          Қоршаған әлемге белсенділік және қызығушылық таныту;

-          Алынған білімді тәжірибеде қолдануға талпыну;

-          Ақпараттық кеңістікте жұмыс істеуге икемділік.