Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Положения конкурсов

                

Л.Н Кольцов және А.С. Кольцованың естелігіне арналған жүгіру

арқылы бағдарлау бойынша жарыстарды өткізу

         РЕГЛАМЕНТІ

1. Мақсаты мен міндеттері

Жарыстар:

-   балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық бағдарлауды насихаттау;

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- табиғатқа деген қамқоршылық қатынас;

- спорттық шеберлікті арттыру;

- үздік спортшыларды анықтауы мақсатында өткізіледі.

2. Жарыстарды басқару

Жарыстарды «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм» МҚКК және «Павлодар облысы спорттық бағдарлау Федерациясы» ҚБ өткізеді. Жарыстарды тікелей өткізу жауапкершілігі «Павлодар облысы спорттық бағдарлау Федерациясы» ҚБ бекіткен төрешілер алқасы және бас төреші С.В. Кремерге жүктеледі.

3.  Өткізу мерзімі және орны

Жарыстар 2017 жылғы 01 қазан күні Павлодар қаласы Усолка өзенінің қоймасы аумағында өткізіледі.

4. Жарыстарға қатысу өтінімдері

Жарыстарға қатысу алдын ала өтінімдері 2017 жылғы 25 қыргүйектен бастап kremer.turist@mail.ruэлектрондық поштасы бойынша қабылданады.

Атаулы өтінімдер (қоса беріледі) жарыстарға қатысу рұқсатымен әрбір қатысушының тегіне қарсы бағанада дәрігердің қолы, медициналық мекеменің мөрі және жіберуші ұйым басшысының қолы мен мөрінің болуы жағдайында 2017 жылғы 01 қазан күні сағ. 09.00 дейін мандаттық комиссияға тапсырылады.

  5. Жарыс қатысушылары

Жарыстар берілген бағытта классикалық қашықтығында жеке есептегі біріншілік ретінде өткізіледі (1 старт).

Ұйым, мекеме немесе клубты ұсынатын құрамалардың қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауап беретін өз өкілі және жаттықтырушысы болуы тиіс.

Жас топтары (10 топ):

М 11 - ұлдар 2006 ж.т. және кіші

М 14 – ұлдар 2003-2005 ж.т.

М 17 – бозбалалар 2002-2000 ж.т.

М Е – ерлер 1999 - 1978 ж.т.

М 40 – ерлер 1977 ж.т. және жоғары

W 11 - қыздар 2006 ж.т. және кіші

W 14 – қыздар 2003-2005 ж.т.

W 17 – бойжеткендер 2002-2000 ж.т.

W Е – әйелдер 1999 - 1978 ж.т.

W 40 – әйелдер 1977 ж.т. және жоғары

6. Қаржыландыру

Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттаумен байланысты шығындарды «Павлодар облысы спорттық бағдарлау Федерациясы» ҚБ көтереді.

Қашықтық құрал-жабдығы мен қатысушыларды картографиялық материалымен қамтамасыз ету шығындарын И.А. Дмитриев көтереді.

Құрамалардың жарыстарға қатысуымен – жарыс орнына келіп-қайту, тамақтануымен байланысты шығындарды жіберуші ұйымдар көтереді.

7. Жарыстар бағдарламасы

      09.00- мандаттық комиссия, құрама өкілдерімен төрешілер отырысы (жарыстарды өткізу орнында)

      09.30 – жарыстардың салтанатты ашылуы

      10.00 – бірінші қатысушының старты

      16.00 – жеңімпаздарды марапаттау, жарыстардың жабылуы

8. Нәтижелерді анықтау

Жарыстар жеке есепте өткізіледі. Әрбір қатысушының нәтижесі қашықтықты өтуде ең аз шығындалған уақыты бойынша анықталады.

9. Жеңімпаздарды марапаттау

Әрбір топ бойынша 1-3 орын иеленген қатысушылар«Павлодар облысы спорттық бағдарлау Федерациясы» ҚБ грамоталары және медалдарымен марапатталады.

Жарыстарды ұйымдастыру және өткізуімен байланысты сұрақтарымен  «Павлодар облысы спорттық бағдарлау Федерациясы» ҚБ, байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады: Дьяченко Оксана Владимировна - ұялы 87770682619, үй 87182543127, Кремер Сергей Владимирович – ұялы  87779365324, үй 87182311028, Дмитриев Иван Алексеевич – ұялы 87014941369, үй 87182345626.

Жүгіру арқылы бағдарлау бойынша

жарыстардың бас төрешілер алқасына

Атаулы өтінім

________________________ құрамасы

___________ М жас тобы

Р/с№

Тегі, аты

Жынысы

Туған жылы

Үй мекенжайы

Спорттық разряды

Дәрігердің рұқсаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

___________W жас тобы

Р/с№

Тегі, аты

Жынысы

Туған жылы

Үй мекенжайы

Спорттық разряды

Дәрігердің рұқсаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарыстарға жіберілді барлығы______________ адам

Дәрігер: ____________

Құрама өкілі______________

Ұйым басшысы_____________________

                М.О.

 

  «Алтын күз»

оқушылардың ашық қалалық экотуристік жарыстарын өткізу туралы

ЕРЕЖЕСІ

1. Мақсаты мен міндеттері

                     Экотуристік жарыстар:

Ø  балалар арасында туризмді насихаттау;

Ø  салауатты өмір сүру салтын насихаттау;

Ø  табиғатқа ықыласты қатынасты насихаттау;

Ø  спорттық шеберлікті арттыру;

Ø  үздік спортшыларды анықтауы мақсатында өткізіледі.

     2. Жарыстарды басқару

Жарыстар «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм» МҚКК және «Павлодар қ. дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бірлесе өткізіледі. Жарыстарды тікелей өткізу жауапкершілігі бас төреші – С.Н. Агалаков және «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм» МҚКК бекіткен бас төрешілер алқасына жүктеледі.

3.  Өткізу мерзімі және орны

Жарыстар 2017 жылғы 7-10 қыркүйек аралығында  Ертіс өзенінің қоймасында өткізіледі.

4. Жарыстарға қатысу өтінімдері      

     Жарыстарға алдын ала қатысу өтінімдері 2017 жылғы 1-6 қыргүйек аралығында Павлодар қ.,  Лесозавод,  Потапов к.,7  33-30-24 тел. (факс), П. Васильев к., 3, 62-72-34 телефоны бойынша қабылданады.

     Әрбір қатысушының тегіне қарсы бағанада дәрігер немесе мектеп медбибісінің қолы, медициналық мекеменің мөрі және жіберуші ұйым басшысының қолы мен мөрінің болуымен бекітілген үлгідегі атаулы өтінімдер (қоса беріледі) 2017 жылғы 7 қыргүйек күні сағ. 17.00 дейін мандаттық комиссияға тапсырылады.Өтінімдер тапсырылғаннан кейін құрамалардың өкілдерімен төрешілер отырысы өткізіледі.

5. Жарыс қатысушылары

Жарыстарға екі жас топтары бойынша қала мектептері, туристік клубтары, мектептен тыс мекемелеренің құрамалары қатысады. Команданың құрамы 6адам (екі қыздан кем емес) болуы тиіс. Клуб, мекеме немесе ұйымды ұсынатын барлық құрамалардың қатысушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік ететін өкілдері мен жаттықтырушылары болуы тиіс.

Iтоп (кішілерқұрамасы) – «14жасқа дейінгі балалар» (мандаттық комиссияның жұмысы барысында қатысушылардың жасы 14 жастан астам болмауы тиіс);

IIтоп (үлкендерқұрамасы) – «15 – 18 жас» (мандаттық комиссияның жұмысы барысында қатысушылардың жасы 18 жастан астам болмауы тиіс).

6. Қаржыландыру

     Жалпықұрамалық есепте жарыс жеңімпаздарының марапаттауымен байланысты шығындарды «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм» МҚКК көтереді.

     Құрамалардың жарыстарға қатысуымен байланысты  шығындар: жарыс орнына дейін және кері жол жүруі, жарыс барысындағы тамақтану, лагерлік құрал-жабдығы мен ауыз сумен қамтамасыз етуді жіберуші ұйымдар көтереді.

     Дала жағдайында тұру (палаткалар). Әрбір құрама өзіне арналған асты от үстінде дайындайды.

7.      Жарыстардың бағдарламасы

07.09 – жарыстардың бірінші күні:

Құрамалардың келуі, лагерді орнату

17.00 дейін жарыстардың мандаттық комиссиясына өтінімдерді тапсыру

Құрамалардың өкілдерімен төрешілер отырысы

18.00 – жарыстардың салтанатты ашылуы

19.00 – экология бойынша «Тосынсый» сайысы

«Туристік білік-дағдылары және тұрмыс»сайысы күн барысында бағаланады

21.00 – құрамалардың өкілдерімен төрешілер отырысы

08.09 – жарыстардың екінші күні:

10.00 – кішілер тобына арналған «Жеке-құрамалық» қашықтығының старты

15.00– үлкендер тобына арналған «Жеке-құрамалық» қашықтығының старты

18.00 – топтарға арналған «Тосынсый» сайысы

21.00 – құрамалардың өкілдерімен төрешілер отырысы

«Туристік білік-дағдылары және тұрмыс» сайысы күн барысында бағаланады

09.09 - жарыстардың үшінші күні:

10.00  - кіші топтың «Кедергілер алабы» қашықтығының старты

15.00– үлкендер тобының «Кедергілер алабы» қашықтығының старты

19.00 – туристік ән сайысы

«Туристік білік-дағдылары және тұрмыс» сайысы күн барысында бағаланады

10.09 - жарыстардың төртінші күні:

9.00 - жеңімпаздарды марапаттау, жарыстардың жабылуы, аумақты жиыстыру, тұрақ орындарын лагер комендантына тапсыру

10.00 – құрамалардың кетуі

БТАсайыстар менқашықтықтардың өткізілу мерзімін өзгертуге құқылы.

8. Қатысушылардың жеке құрал-жабдығы, киім-кешегі

      Жарысқа қатысушы құрама жіберуші ұйым тарапынан жарысқа қатысу үшін қажетті жеке құрал-жабдығымен қамтамасыз етіледі.

Әрбір құрамаға қажетті құрал-жабдығы:

-палаткалар

-ыдыс-аяққұрамаға

-ауыз суға арналған күбі

-ұйықтайтын қаптар

-карематтар қатысушыларға

-шекпендер құрамаға

-қобдиша 2 дана

-брезентқолғаптары

-каскалар құрамаға

-компастар 6 дана

Жарыстарда талап етілетін техникалық құрал-жабдығы:

-негізгі арқан  (диаметрі10-12мм) 40 м 3 дана

-репшнур арқаны(диаметр 6-8 мм)  2 м 6 дана

- қосалқы арқан(диаметр 10-12 мм) 4 м 6 дана

-жумарлар құрамаға

-түсу құралдарықұрамаға

-сақтандыру жүйелері 12 дана

-карабиндер  35 дана

Қашықтықтан өтуге қажетті техникалық құрал-жабдығы жоқ құрамалар(арқандар, карабиндер,байлану құралдары),  алдын ала өтінімі бойынша жарыс ұйымдастырушылары тарапынан қамтамасыз етіледі.

                                                  9. Жарыс түрлері

    I.Кедергілер алабы:қатысушы құрамалар кезекпен туристік тәсілдеріненқұралған сатылар қатарынан өтеді. Болуы мүмкін сатылар: өткел (үлкендер өткелді ұйымдастырумен, кішілер – сатыдан өту), аяқ өткел (сырықпен), бөрене (үлкендер бөренені орнатумен, кішілер қанаттарды ұйымдастырумен), тіл, тапсырмалар алаңы(азимут, түйіндер, экология бойынша сұрақтар, топографиялық белгілер), түйін арқылы көтерілу,  спорттық тәсілмен түсу, сырғауылдар, томарлар,медициналық көмек көрсету және жапа шеккенді тасымалдау.

    II. Жеке-құрамалыққашықтығы:құраманың әр қатысушысы техникалық сатылардың кешенін өтеді. Болуы мүмкін сатылар:  өткел, жумар арқылы көтерілу, дюльферарқылы түсу,тік көлбеген өткел және т.б.Құрама нәтижесі барлық қатысушылардың қашықтықтан өтуімен анықталады.Егер қатысушы сатыда алған тапсырмасын орындай алмаса, оған сатыдан өтпеу белгісі қойылып, қатысушы кешеннің келесі сатысына көшеді.

   III. Экологиялық байқау. Бағдарламаның мазмұнына «Экотосынсый», «Экобілгір» сайыстары кіреді.

   IV.Конкурстық бағдарлама. Конкурстық бағдарламаны«Тосынсый»және «Ән сайысы» құрайды.

   V. «Туристік білік-дағдылары және тұрмыс»жарыстардың үш күні барысында бағаланады.

  10. Нәтижелерді анықтау

Жарыс жеңімпаздары жалпықұрамалық есепте екі жас топтары бойынша жинаған орындарының ең аз сомасы негізінде анықталады. Топтардағы жеңімпаздар штраф уақытын қоса қашықтықты өтуге шығындалған ең аз уақыты бойынша анықталады. Нәтиженің тең болған жағдайында«Кедеоргілер алабы» қашықтығында үздік нәтиже көрсеткен құрамаға артықшылық беріледі.

11. Жеңімпаздарды марапаттау

Жарыс жеңімпаздары топтар бойынша «Павлодар қ. дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ грамоталары мен жүлделерімен марапатталады.

Жалпықұрамалық есепте жарыс жеңімпаздары «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм» МҚКК грамоталарымен марапатталады.

Жарыстарды ұйымдастыру және өткізумен байланысты сұрақтармен  «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм» МҚКК, Лесозавод,  Потапов к.,7,  мекенжайы, 33-30-24 тел.(факс) бойынша, П.Васильев, 3 мекенжайы, 62-72-34 тел., +77770682619 (Оксана Владимировна Дьяченко) ұялы телефоныбойынша хабарласуға болады.

1 қосымша

        «Алтын күз»

оқушылардың ашық қалалық экотуристік

жарыстарының бас төрешілер алқасына

Атаулы өтінім

________________________ құрамасы

 

Р/с№

Тегі, аты

Туған күні, жылы

Жынысы

Үй мекенжайы

Санаты

Дәрігердің рұқсаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарыстарға жіберілді барлығы: ______________ адам.

М.О.     Дәрігер: ____________

Өкілі(аты-жөні) ______________

Ұйым басшысы_____________________

                М.О.

 

«Ұмытылмас каһармандар» әскери-отансүйгіштік әнінің

қалалық шығармашылық конкурсын

ұйымдастыру және өткізу туралы

Ережесі

1. Жалпы ережелері

1.1.  Осы Ереже әскери-отансүйгіштік әнініңшығармашылықконкурсының (әрі қарай – Конкурс)ұйымдастырылу және өткізілу шарттарын анықтайды.

1.2. Конкурсты өткізу ұйымдастырушылары: Павлодар қ. әкімдігі, «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ; Павлодар қ. әкімдігі, Павлодар қ. білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК болып табылады.

1.3. Өткізу орны: «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК, Лесозавод, Потаповак.,7.

Конкурсты өткізудің мақсаты: оқушылардың бойындағы жоғары отансүйгіштік санасын, Қазақстан халықтарының достастығы мен біртұтастығын нығайту, туған елінің мүдделерін қорғау бойынша конституциялық міндеттері мен азаматтық борышын орындауға дайындығын қалыптастыру болып табылады.

2. Конкурсқатысушылары

Конкурс жалпы орта білім беру мектептерінің 7 – 11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

         Конкурс қатысушыларының саны: оқу мекемесінен әрбір номинацияда 1 туынды орындау (барлық номинациялары немесе таңдауы бойынша).

         Конкурстың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

         Конкурсқа қатысу өтінімі іс-шараның атауын көрсетілуі негізінде келесі үлгі бойынша «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК, Лесозавод, Потапов к.,7 мекенжайы бойынша 2017 жылғы 28 сәуірге дейін жіберілуі тиіс:

Қатысушының аты-жөні

Мектебі, сыныбы

Номинациясы

Жетекшісінің аты-жөні

 

 

 

 


3. Конкурсты өткізу мерзімі

 Өткізу мерзімі  -  2017жылғы 12 мамыркүні. Өткізу уақыты туралы мәлімет қосымша хабарланады.

4. Ұйымдастырушылық комитеті және әділ-қазы алқасы

  Конкурсты дайындау және өткізуі мақсатында әділ-қазы алқасының құрамын қалыптастырып бекітетін және ұйымдастырылуы мен өткізілуін жүзеге асырып, оның қорытындыларын шығаратын Ұйымдастырушылық комитеті жұмыс атқарады.

Әділ-қазы алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушылары, сонымен бірге арнайы шақырылған мамандар енуі мүмкін.

5. Конкурстың бағдарламасы және өткізу шарттары

Конкурс қатысушылары сахналық көрінісі негізінде әскери-отансүйгіштік  тақырыптамадағы бір туындыны орындайды (авторлық шығарма немесе басқа авторлардың шығармалары).  Туындыны орындаудың ұзақтылығы – 10 минуттан астам емес.Орындалатын туындылар дербес аккомпанементі немесе «минус бір» фонограммасымен сүйемелденеді (флешка– сақтаушысы тікелей конкурс қатысушысымен қамтамасыз етіледі).

Конкурстың номинациялары:

- орындаушы-авторлар;

- вокалдық топ;

- дуэт;

- соло орындауы.

 Орындаушыларды бағалау өлшемдері:

- конкурстың тақырыптамасына сәйкестігі;

- орындау шеберлігінің дәрежесі;

- әртістілігі және сахналық мәдениеті;

- сахналық киім-кешегі;

- музыкалық туындының мазмұнын ашылып көрсетілуі.

6. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау тәртібі

Конкурсқа ұсынылған жұмыстар  әділ-қазы алқасымен тыңдалып қарастырылады.

Үздік жұмыстар жеке жүлделі орындардың берілуімен белгіленеді(бір бірінші орын, екі екінші орын, үш үшінші орын). Нәтижелер әрбір номинациясы бойынша шығарылады. Әділ-қазы алқасының шешімі соңғы болып табылады және қайта қарастыруға жатпайды.

Конкурстың  ұйымдастырылуы және өткізілуімен байланысты сұрақтары бойынша «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК, Лесозавод, Потапова к.,7, 333-024 тел. бойынша хабарласуға болады.

 

«Қанатты достар»

қалалық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы

Ережесі

      Акцияның мақсаты-  оқушыларды құстарды қорғау бойынша табиғатты қорғау қызметіне қатыстыру; қалаға пайдалы құстарды шақырту; облыс көлемінде құстар әртүрлілігінің тіршілігіне қауіп төндіретін іс-әрекетті алдын алу болып табылады.

Міндеттері:

·         «Кіші отанының»экологиялық ахуалы мақсатында азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

·         Ұялы кезеңде ұя салатын, қоректенуді талап ететін қыстайтын құстарға тәжірибелік көмекті көрсету;

·         Экологиялық және табиғатты қорғау қызметі саласындағы белсенді өмірлік ұстанымын тәрбиелеу болып келеді.

Акция ұйымдастырушысы

Акция ұйымдастырушысы «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ, Павлодар қ. әкімдігі, Павлодар қ. білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК болып табылады.

Өткізу мерзімі және орны

«Қанатты достар» акциясы 2017 жылғы 1 ақпан-20 сәуір аралығында өткізіледі.

Өткізу орны: Павлодар қ. (акция қатысушысының шешіміне сәйкес – мектеп аумағы, бақ, саябақ).

Қатысушылары

Акция барысына Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептері қатыса алады.

Акцияға қатысуы мақсатында: өтінім, іс-шараларды өткізу жоспары тапсырылады. Өтінімдерді ұсыну мерзімі:  2017 жылғы 3 ақпанға дейін («Қанатты достар» белгісімен ekotyr@yandex.kze-mail бойынша мектеп директорының қолы қойылған сканерленген нұсқасы жіберілуі мүмкін).

Байқау бағдарламасы

Акция көлемінде келесі іс-шараларды өткізу ұсынылады:

·         Қыстайтын құстардың қоректенуін ұйымдастыру (жем салатын астауларды дайындау және ілу);

·         Жасанды ұяларды дайындау және ілу (сары шымшық, қараторғайдың үйшіктері, т.б.);

·         Қазақстан Республикасының сирек құстары, олардың маңызы туралы рефераттар дайындау, әңгімелер, «дөңгелек үстелдер» өткізу;

·         Арнайы қабырға газеттері, плакаттар мен фотоальбомдарды шығару;

·         Әлеміштер, суреттер сайыстары мен көрмелерін ұйымдастыру;

·         Музыкалық мерекелер, КТК және т.б. өткізу;

·         «Әркім көмектесе алады» тұрғын халықпен табиғатты қорғау әңгімелерін жүргізу.

Өткізу тәртібі

Өткізілген іс-шаралар туралы шығармашылық есеп екі нұсқада (файл мұқабасы және электрондық тасымалдаушысында) «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК-на 2017 жылғы 5 мамырға дейін ұсынылады. Есеп материалдарын 15 слайдтан кем емес көлемінде Microsoft Office Power Point (2003-2007) мультимедиалық презентациясы түрінде ресімдеуі қажет.

Материалдар акция қатысушылары, мекеменің толық мекенжайы, директор және акцияның өткізілуі үшін жауапты ұстаздың аты-жөні, жұмыс жоспары туралы мәліметтерді көрсетумен ресімделеді. Материал іс-әрекетті көрсететін қысқаша сипаттаулар және фотосуреттері бар өткізілген іс-шаралар туралы ұсынылады.

Өтінім беруші мекеме аумағынан тыс өткізілетін іс-шаралар өткізген ұйымы басшысының қолы мен мөрі бар пікірімен расталады. Объективті тұрғыда бағалауы мақсатында акция ұйымдастырушылары өткізу жоспарына сәйкес іс-шараларға қатысуға құқылы.

Мультимедиалық  презентациясы түріндегі есеп материалдарын «Қанатты достар» белгісімен ekotyr@yandex.kze-mail бойынша жіберуі мүмкін.

Байқаудың қорытындыларын шығару келесі өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады:

- байқау көлемінде өткізілген шаралар туралы ақпаратының БАҚ-нда орналастырылуы;

- байқау қатысушыларының саны;

- іс-шаралар түрлері мен саны;

- ұсынылған материалдың байқау тақырыптамасына сәйкес келуі,

- ресімдеудің өзгешелігі мен бейнелілігі,

- компьютерлік графика құралдары арқылы ашылып көрсетілу деңгейі. 

Байқау қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталады.

2017 жылғы 15 мамырдан кейін акцияға қатысу қорытындылары шығарылып, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында орналастырылады.

Ұйымдастырылуы және өткізілуімен байланысты сұрақтарымен Павлодар қ.,  Потапов к., 7 мекенжайы, 333-024 тел. бойынша хабарласуға болады.

«Қанатты достар» акциясына қатысу

ӨТІНІМІ

_____________________________________________________________

       ______________________________________________________________________

(мекеменің атауы толығымен)

 

Акцияның атауы

Іс-шаралар саны

Қатысушылар саны

Өткізу мерзімі

Жауапты

 

 

 

 

 

 

_____________                                                                     ___________________

Мекеме басшысының қолы                                                                А.Т.

М.О.