Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туризм

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауыөскелең ұрпаққа тәрбие берудің маңызды мәселелерін бейнелеп, оқыту үдерісі барысындағы тәрбие құрамдас бөлігінің күшеюіне ерекше назар аудартты. Қазақстандық отансүйгіштігі дамуының негізін Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәңгілік ел» идеясын  қабылдау құрады.

Оқушыларға қосымша білім беру қорларының бірі ретінде туристік-өлкетану қызметі тәжірибелік қызметі барысында негізгі және қосымша білім берудің органикалық үйлесуін қамтамасыз етеді, әлеуметтік ортаның мүкіндіктерін кеңейте түседі, мұнда оқушы өз әлеуеттік қабілеттерін дамытып жүзеге асырады, пайдалы өмірлік тәжірибені меңгеріп, заманауи әлеуметтік-экономикалық шарттарына бейімделеді, тәжірибелік-бағдарланған білім, білік пен дағдыларының игерілуіне жағдай жасалып, сауықтыру нәтижесіне ие болады.

Бүгінгі таңда БЖЭТО көпжылдық қызметі барысында аймақтың білім беру ұйымдарында туристік-өлкетану жұмысы дамуының стратегиясын іске асыратын алдыңғы қатарлы қосымша білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.

«Туризм» бағыты «СЮТур» балалар аула клубының (одан әрі - СЮТур) қызметі арқылы жүзеге асырылады, оның негізгі мақсаты - оқушылардың жалпы және негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыратын білім беру бағдарламалары мен әртүрлі дәрежелі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жүйесі (оқу-машықтану жиындары; жорықтар, экспедициялар, тәжірибелер, тарамдалған шығулар; шолу-тақырыптық экскурсиялары; слеттар, жарыстар; фестивалдер, акциялар; курстар, семинарлар, шеберлік сыныптары) арқылы туристік-спорттық және туристік-өлкетану бағыттарында сапалы қосымша білімді алуы мақсатында шарттар жасау болып келеді.

СЮТур құрамына спорттық бағдарлау, туристік көпсайыс, бард әні, спорттық шыңға өрмелеу, жаяу туризмі бағыттары бойынша 10 балалар бірлестіктері енеді.

Білім берудің жоғары нәтижелілігне қол жеткізуі мақсатында СЮТур ұстаздары өзінің қызметін құзыреттілікке негізделінген Орталықтың даму Тұжырымдамасы, авторлық және бейімделген оқыту бағдарламалары, «Жүздеген жол-біреуі сендік», «Табысқа жетер жол» жобалары көлемінде іске асырады.

Жалпы орта және қосымша білім берудің бірлескен өзара әрекеттестігі үлгілерінің бірі - СЮТур ұстаздарының жалпы орта білім беру мектептеріне арналған «Машықтанған спортшы», «Табыс шыңы», «Спорттық бағдарлау», «Жаяу туризмі» элективтік курстарын жүргізу болып табылады.

Клуб ұстаздарының құрастырған «Табыс жағдаятын қалыптастыру», «Туристік жарыстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар», «Спорттық бағдарлауда жолды анықтау және таңдау факторлары» әдістемелік құралдары мен нұсқаулары Орталықтың жас мамандары ғана емес, сонымен қатар қала және облыстың тәжірибеші ұстаздары арасында кеңінен талап етіледі.

Ұстаздар өз қызметінің тәжірибесін халықаралық, республикалық және облыстық дәрежелерінде баспа басылымдары мен конференциялардың материалдарында жариялайды.

Жұмыстың тиімділігіне мекеменің тиісті инфрақұрылымы септігін тигізеді: оқу кабинеттерімен қоса екі бейімделген ғимарат, оқу-машықтану жиындарын ұйымдастыру мақсатында өндірістік бөлмелері, туристік-машықтану соқпағы, ашық және жабық скалодромдардың болуы.

Скалодромдар, туристік-машықтану соқпағы негіздерінде тәжірибелік сабақтары, әралуан дәрежелі жарыстарына қатысу және жетістіктері оқушылардың физикалық және зияткерлік тұрғыда дамуының құралы болып, алынған дағдылардың бірлескен қолданылуы, қабілеттерінің іске асырылуы мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы және дамуына жағдай жасайды.

Педагогикалық тұрғыда табыс жағдаяты - бұл жекелеген тұлға немесе тұтас ұжымның едәуір нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі жасалатын шарттардың мақсатқа бағытталған үйлестігі. Табыс жағдаятын қалыптастыру бойынша жұмыстың айқын мысалы «Вертикаль» клубының қызметі болып келеді.

15 жылдан астам бұрын осы клубтың негізі қаланып, бүгінгі таңда біртұтас «үйге» айналып отыр. Клуб негізінде оқыту әртүрлі бағыттарда дамуға мүмкіндік туғызатын «Табыс шыңы» авторлық бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бұл шыңға өрмелеу, тау техникасы, қысқы және жазғы бағдарлау. Әрбір оқушы кез келген бағытта өзін тауып, табысқа қол жеткізе біледі.

Жоғары топ оқушылары сенімді тірек болса, «үйдің» мықты қабырғалары - орта топ оқушылары болып табылады. Осы «үйде» көп жарқын терезешіктер жанып, туристік жетістіктерімен қуаныта білді.

Клубтың негізгі құрамы - спорттық бағдарлау бойынша облыс құрамасының мүшелері. Клуб жетістіктерінің жинағында әралуан дәрежелі грамоталар, дипломдар мен бағалы жүлделер бар:

- «Бурабай-2015» жүгіру арқылы спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан-Ресей көпкүндік жарыстарының жеңімпазы (1 орын);

- «Ертіс меридианы» Қазақстан және Ресей туристері достастығының аймақаралық слетінің жүлдегерлері (2013 ж. - 1 орын, 2014 ж. - 2 орын, 2015 ж. - 3 орын);

- «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слетінің жүлдегерлері (2012 ж. - 2 орын);

- спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасы ІІ-ші қысқы Жастар ойындарының жүлдегерлері (2015 ж. - 1,3 орындар);

- VII-ші оқушылар Спартакиадасы бағдарламасының көлемінде қысқы спорттық бағдарлау бойынша республикалық жарыстардың жүлдегерлері (2015 ж. - 3 орын) және т.б.

Клубтың тұрақты жетекшілері, қосымша білім беру ұстаздары -Сергей ВладимировичКремер және Оксана ВладимировнаДьяченко. Олар спорттың әралуан түрлері спорттық бағдарлау, туристік көпсайыс, спорттық шыңға өрмелеу бойынша 112 машықтанған спортшыларды дайындады.

«Вертикаль» клубының түлектері И.В.Ридзаускене, В.Ю.Ридзаускас, Д.С.Кремер, А.В.Четвертякова, С.Н.Агалаков, өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісінде тәлімгерлерінен «эстафетаны» қабылдап, бүгінгі таңда СЮТур балалар аула клубының «Пирамида», «Усольский меридиан», «Лидер», «Колибри» балалар бірлестіктерінің жетекшілері болып келеді.

«Табыс шыңы» бағдарламасы бойынша қызметтің нәтижелілігі клуб спортшыларының спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшелігімен дәлелденеді: ерлер элитасы – Виктор Родькин және Дмитрий Кузьмич, юниорлар құрамында – Бахтияр Сапарбек, Антон Бабенко және Мария Дьяченко.

Заманауи қазақстандық білім берудің көкейкесті міндеттерінің бірі оқыту үдерісінің мазмұнына ерекше қажеттіліктері бар балалар, жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтенілуі мен бейімделуі, өмірлік дағдылары мен салауатты өмір сүру салтының қалыптасуына бағдарланған бағдарламалар мен жобаларды еңгізу болды.

Осыған байланысты БЖЭТО-нда Павлодар қаласының «Самал» оңалту орталығы» МҚБ оқушыларына арналған басты мақсаты балалардың әлеуметтенілуі мен бейімделуі мақсатында тиімді шарттар жасау болып келетін «Әртүрлі-теңдес» білім беру бағдарламасы (қосымша білім беру ұстазы М.Р.Каримова) жүзеге асырылады.

Оқушылар өздерінің туристік-спорттық біліктері мен дағдыларын жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту көлемінде ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған «Кедергілер алабы» жарыстарында көрсете біледі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың туризммен айналысуы өте маңызды, себебі физикалық жүктеменің жеткіліксіздігі салдарынан балалардың әлсіздігі бүгінгі таңда мамандардың зор үрейі болып келеді. Физикалық жаттығулары мен табиғи факторлары физикалық тәрбие берудің үлгісі - балалар туризміне үйлеседі. Осыған орай мектеп жасына дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері үшін «Кішкентай туристер» білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады, оның мазмұны оқушылардың белсенді спорттық-сауықтыру қызметі (физикалық жаттығулар, қимылды ойындар, шағын жарыстар, табиғат аясы мен бөлмелердегі жарыстар, туристік және сауықтыру серуендері) мен танымдық-шығармашылық қызметін (экскурсиялар, табиғи материалдардан бұйымдар дайындау, табиғи нысандардың суретін салу) ұйымдастыруды қамтиды.

СЮТур жұмысының маңызды бағыты біліктілікті арттырудың курстық жүйесі (халықаралық семинар-тренингтері, республикалық біліктілік арттыру курстары, «Спорттық бағдарлау», «Туристік көпсайыс», «Туристік шыңға өрмелеу» бағыттары бойынша төрешілерді дайындау және қайта даярлау семинарлары) мен жоғары біліктілік санттарына аттестатталуға ұстаздарды ынталандыру арқылы педагогикалық шеберлікті үнемі жетілдіру болып табылады.

Аймақтағы балалар-жасөспірімдер туризмін белсендету және дамыту үшін педагогикалық шарттарды қамтамасыз етуі мақсатында Орталық Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінің география, тарих, дене тәрбесі мұғалімдері, мектеп туризмінің нұсқаушылары, туристік-өлкетану қызметімен айналысатын қосымша білім беру мекемелерінің үйірме, клубтар, секциялардың жетекшілеріне арналған «Білім беру ұйымдарында заманауи тәрбие үлгісі тұрғысында туристік-өлкетану қызметі» тақырыбында мектеп туризмі нұсқаушыларын дайындау бойынша жыл сайынғы курстары өткізілуінің ұйымдастырушысы болып келеді.

Осы бағыт нәтижелілігінің маңызды көрсеткіші - СЮТур ұстаздарының республикалық, облыстық, қалалық дәрежелі жарыстарында төрешілер алқаларының жұмысына тұрақты қатысуы:

- Сергей Владимирович Кремер - спорттық бағдарлау және туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық санаттағы төрешісі, туризм бойынша спорт шебері, «Павлодар облысының спорттық бағдарлау Федерациясы» ҚБ төрағасы;

- Оксана Владимировна Дьяченко – Қазақстан Республикасының туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушысы, туризм бойынша спорт шеберіне үміткер, спорт төрешісі;

- Иван Алексеевич Дмитриев – спорттық бағдарлау және туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық санаттағы төрешісі;

- Марина Раисовна Каримова – Қазақстан Республикасының туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушысы, «Павлодар облысының спорттық шыңға өрмелеу Федерациясы» ҚБ төрайымы, спорт төрешісі.

СЮТур негізіндегі тәрбие жұмысы «Жүздеген жол-біреуі сендік» жобасы көлемінде жүзеге асырылып, келесі қағидаларға негізделінеді:

- бейімделу (әрбір оқушы өзін үйдегідей сезінеді);

- даму (клубтар, балалар бірлестіктері арқылы жеке тұлғаның тұтас дамуы мақсатында шарттар жасалады: физикалық, зияткерлік, рухани);

- психологиялық жайлылық (әрбір оқушы үшін «табыс жағдаятын» жасау);

- қоршаған дүние суреті (дүние туралы, ондағы адамның орны туралы жалпыланған көріністі қалыптастыру).

Жазғы уақытта «туризм» бағытындағы жұмыс «Жер байлығы» балалар мен жасөспірімдердің демалысы, сауықтырылуы мен қамтылуын ұйымдастыру бойынша кешенді жобасы көлемінде басымды бағыттары бойынша жүргізіледі:

- туристік-спорттық шеберлікті арттыру (жарыстарға қатысуға дайындық), «Туризм - денсаулық - жетістіктер» туристік тәжірибесі;

- туризмнің белсенді түрлерін дамыту (шыңға өрмелеу, тау техникасы, бағдарлау бағыттары бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтары «Дені саудың – тәні сау»;

- «Табыс шыңы» туристік тәжірибесі (туристік-машықтану соқпағы негізінде тәжірибелік сабақтар (ТМС);

- «Орманның көңілді соқпақтары» әлеуметтік маңызды қызметіне қатыстыру арқылы оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, экологиялық-өлкетану қызметі мен жалпы мәдениетін дамыту.