Топ: ІІ-кіші топ
Білім саласы: «Таным»
Білім бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Су-өмірдің нәрі»
Мақсаты:
Білімділік:Су туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:
- Тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру;
- Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік:
- Табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, салыстыру, зерттеу, тірек-сызбамен жұмыс, зерттеу технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы.
Блингвалды компонент: Water – су, Drop - тамшы
Сөздік жұмыс: Сұйық, тамшы.Көрнекіліктер: Су, құм, сүт, мұз, жалпақ табақ, тақырыпты суреттер, тірек сурет, «Шулешко» аквариумы, балықтар.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ұйымдастыру. Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру-ізденуші- лік
Тәжірибе жасау.
Сергіту сәті.
Рефлексия
|
Қонақтарға назар аудару, сәлемдесу.
«Шаттық шеңбері» Шаттық шеңберге тұрғызу.
Ауа, таза аспаның үшін рахмет! Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет! Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!
Топқа адасқан «Тамшы» келеді. Балалар қараңдаршы адасқан «Тамшы» келіпті. Неге жылап тұр? Қане өзінен сұрап көрейікші. Тамшы: мен ойнап жүріп, өз достарымнан, бұлт ана-анамнан адасып қалдым. Енді достарым мен ата-анамды қайда барып іздейтінімді білмеймін. Балалар біз адасқан «Тамшыға» көмек береміз бе?
Сылдыр, сылдыр, сылдыр су, Сылдыр суға бетіңді жу. Жуынсаң сен әрдайым, Аппақ бетің, маңдайың.
Дидактикалық ойын: «Адамдарға су не үшін қажет»
- Тамшы, көрдің бе, қандай біздің балалар көп білгіш. Жақсы, балалар. Балалар, үстел басына барып «Тамшымен» бірге тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысады (барлық балалардың алдында стаканда су) I.Тәжірибе. «Судың түсін ажырату» - Судын түсі қандай болады? 1 - стаканда су – қасық салу. Көріне ме? 2 - стаканда сүт – қасық салу. Көріне ме?
II. Тәжірибе. «Судың түсін өзгерту» Әр балаға бояу жағылған қылқалам беру. Суды арластырады. Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге бола ма?
Ал сендер суда жүзгенді ұнатасыңдар ма? Келіңдер балықтарша бір жүзіп алайық: Тұп-тұнық таза суда Балық жүзіп ойнауда, Біресе керіледі, біресе жиырылады. Ал бірде, құмға тығылады.
IІІ. Тәжірибе. «Судың пішіні бола ма?» Енді ыдысқа құм саламыз. Ол да стаканның пішініндей. Сондай құм сұйық зат болғаны ма? Осыны тексеріп көз жеткізейік. Суды жалпақ табаққа төгем, су жайлып кетті. Яғни су – сұйық зат. Ал құмды төгейін, ол үйіліп қалды. Олай болса, құм сұйық зат емес, сусымалы зат екен.
Жұмбақ жасырады: Жылт- жылт еткен,жылғадан өткен Дәмі жоқ, тусі жоқ Пайдаланбас жан жоқ
Тірек-сызбаны пайдалану арқылы, балалардың не үйренгені, нені білгені жайлы қорытындылау. Тірек сызбада балалар сабақ барысында немен шұғылданғаны бейнеленген, сол сызба бойынша балалар өз ойларын айтып, сабақты қорытындылайды.
Мақтау,мадақтау. |
Балалар қонақтармен сәлемдеседі
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Өлең жолын қайталайды.
Балалар тамшыға көмек береді.
Тақпақ жолдарын қайталайды.
Балалар, суретке қарап тамшыға су туралы әңгімелейді - Су адамдарға беті-қолды жуу үшін қажет. - Шай қайнатып ішу ішін қажет. - Жеміс-жидектер жуу үшін қажет. - Тамақ пісіру үшін қажет. - Кір жуу үшін қажет. - Гүлдерді, бақшаларды суару үшін қажет. - Балықтар да сусыз өмір сүре алмайды.
Шешімі:судың түсі жоқ, ол мөлдір.
Шешімі:судың түсін өзгертуге болады Балалардың жауабы тыңдалады.
Сергіту қимылдарын қайталайды.
Балалар өз ойларын айтып, тәжірибе жасағандарын бір-біріне қызығушылықпен бөліседі. Шешімі:Демек, су мен құм әр түрлі заттар екен. Құмнан түрлі пішіндер жасауға болады. зат. Су сұйық зат, одан пішін жасауға келмейді. ІV. Тәжірибе Судың иісі бар ма? Иіскеп көрейікші.
(су)
(су)
Тірек-сызбаның белгілері бойынша сабақтың барысын еске түсіреді
Балалар сұрақтарға жауап береді
Тамшыны аспанға буғаайналдырып жібереді |
Күтілетін нәтиже:
|
Нені білу керек: |
Судың қасиеттерінін танып білу керек. |
|
Нені игереді: |
Судың сұйық зат екенін, әр түрлі күйге ұшырап буға, жаңбырға айналатынын, көлемінің өзгеретінін игереді. |
|
Нені біледі: |
Табиғатты қорғауға, суды үнемдеуге үйреніп біледі. |


