Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Олимпиада жолы

Тақырып:  «Олимпияда жолы»»

Мақсаты: Балалардың бойында суда жүзу сабағына деген ерекше ықыласты көңіл-күйлерін ояту, денеге күш түскен кезде шыдамды болуға тәрбиелеу, суда жүзу кезінде дем ала білу мен қимыл- қозғалыс жасауды үйлестіре білуге үйретуді жалғастыру.

Міндеті:1. Суда жүзу кроль, сырғану, демалу,  техникасын жалғастыру.

               2. Суда өзін-өзі ұстай білу қабілетін дамыту.

               3. Суда жүзу қауіпсіздігінің ережелерін сақтау.

Жұмыс түрі:Топпен жұмыс.

Керекті құралдар: әр түрлі резеңке ойыншықтар, қауіпсіздік шеңбері, ысқырғыш.

Конспект ұзақтығы: 20 минуттық сабақ жүргізуге арналған.

Сабақ басталардың алдында және сабақ уақытында құрғақтағы жалпы дамыту және жүзу сипатындағы арнайы жаттығулар жасалынады.

Сабақ  бассейнда өткізіледі

 

Сабақ бөлімі

Уақыт

Сабақ мазмұны

Сабақ уақыты

ҮМБ Ұйымдастыру методикалық әдістемелік нұсқаулар

1 бөлім

5минут

Сабақтың дайындық бөлімі

- сапқа тұруы,тақырыппен танысу

- жалпы –дамыту жаттығулары

Құрғақта: «Түтікпен үрлеу»

Суда: Сапқа тұру

- Суда жүру

- «Қайық» (қол иыққа тигізіледі отырып тұру )

- «Құтан» (аяқты көтеріп жүру қол белде)

- «Артқа жүріс» (жүреді арқасымен алға)

Орында жаттығулар

- «Таразы» (кеудені алға қарай еңкейту және артқа қарай шалқайту)

 

- «Тікұшақ» (қолды күш сала сілтеу)

 

- «Су астына сүңгушілер»

- «Толқын суда» (екі қолды солға (оңға) жоғары көтеру суға (оңға, солға))

- «Медуза» (астына баспен еніп, демалу және суда  жату)

 

 

 

 

 

1 рет

1 рет

1 рет

1 рет

 

1 рет

 

1 рет

1 рет

1 рет

Сапқа балалар бір-бірлеп тұруын тексеру

Суда жүру арка дүрыс ұстау

Қол иықта, аяқ бүгіледі..

Дистанцияны ұстау, қол кеуде деңгейде, аяқ бүгіледі.

Дистанцияны ұстау

Кеудені алға қарай еңкейту және артқа қарай шалқайту қол белде, аяқ бүгілу

Дұрыс істеу

Суға сермеу

Қауіпсіздік техникасын орындау.

Судан секіріп шығу қауіпсіздік техникасын сақтау бір-бірлерін итеруге болмайды.                                                        

2 бөлім

12минут

Сабақтың негізгі бөлімі.

Сапқа тұру, екі топқа бөліну.

2 топ «Тасбақалар»

- Кролмен кеудемен суда жүзу.

«Үлкен» шарды кім үрлейді?

- Судың астында сырғануды қөрсетіндер.

- Судың астынан ойыншықты алыңдар.

-  Денені судың астында жартылай бос ұстап, еркін тыныстап дем алу.

- Ойын: «Кім судың астынан ойыншықты табады?»

Судың астына баспен еніп, (поплывок) жасап  демалу және ойыншықты су түбінен алу.

 

 

 

 

1 рет

1 рет

 

 

1 рет

1 рет

1рет

 

1 рет

Қауіпсіздік техникасын сақтау.

Бір-бірін итеруге болмайды.

Аяқ түзетілген және бір-бірден үстіне-астына , астына -үстіне жаттығулар жасауды орындайды.

Шарды дұрыс үрлеу

Жаттығулар (жиі-жиі) , аяқ арасының алшақтығы кеңістігі үлкен емес.

Суға еркін жатып қолдарды, аяқтарды босатады

3 бөлім

3 минут

-Сапқа тұру

-Сабақтың қорытындысын шығару

- Шынықтыру (орамалмен сүртіну)

- Қоштасу

 

 

1 рет

Үздіктерді бағалау.