Балабақшаның ашылу тарихы
Балабақшаның ашылу тарихы
1.1959 жылы 1 Мая, 7 көшесіндегі ғимарат бұрын Павлодар трактор зауытының тізімдемесіндегі «№ 1 сәбилер – бақшасы» болды. Сәби жасындағы, 5 топтан құралған тізім құрамы 100 балаға жетті. Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген ұстазы, балабақша меңгерушісі – Любарская Татьяна Ивановна. 2. 1996 жылы балабақша ғимараты Павлодар қаласының мектепке дейінгі мемлекеттік мекемесіне берілді. 3.2000 жылы Павлодар қаласының мектепке дейінгі мемлекеттік мекемесінен, МҚКК «Облыстық орталық иммунология клиникасына» берілді 4.2002 жылы МҚКК «№ 1 Поликлиникасы» іске қосылды. 5.2004 жылы Павлодар қаласының МҚКК «№ 1 Поликлиникасынан» Павлодар қаласының Мемлекеттік мекемесі Денсаулық сақтау Департаментіне жұмысқа берілді. 6.2012 жылдың қазан айынан бастап ғимарат Павлодар облысының білім беру басқармасы, КМҚК «№ 45 сәбилер бақшасы болып іске қосылды».
Балабақша туралы
Ашылған жылы: 2012 ж. Құрылтайшы: Павлодар қ. білім беру бөлімі Жобалық және тәжірибелік қуаттылығы: 100 бала; балабақша 5 топқа есептелген. Қызмет көрсету уақыты: сағат 7.00 - ден 19.00 - ге дейін. Біздің мекенжайымыз: Павлодар қ., 1 Май көш., 7 Телефон: 8 (7182) 55-27-38 e - mail: detki45_pvl@mail.ru Мамандар: Басшы -1 Әдіскер - 1 Тәрбиешілер - 10 Қазақ тілі...
Әдістемелік қоржын
Сабақтың құрылымы
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның...
Балабақша тарихы
№ 44 «Нұр Шуақ» сәбилер бақшасы 2012 жылғы 22 қыркүйек айында Павлодар қаласы күні мерекесінде Усолка ауданындағы кішкентай бүлдіршіндеріне өз есігін айқара ашты.
Негізгі аталуы; «Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің №44 сәбилер бақшасы», қазыналық коммуналдық кәсіпорны 320 орын бойынша қазақ тілінде оқу-тәрбие жүргізетін мекеме.
2012 жылғы 22 қыркүйекте Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде Усолка мөлтек ауданындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі орындармен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық «БАЛАПАН» бағдарламасы негізінде құрылды.
Жаңа мектепке дейінгі міндетті Стандарт негізінде бес білім саласы бойынша келесі қызметтерді атқарады:
- Денсаулық сақтау саласында:бала денсаулығын нығайту шынықтыру, сауықтыру мақсаттарында мекемеде медициналық блок, физио кабинеті, дене шынықтыру, ән-күй, балет залдары заманауи жиһаздармен толық жабдықталған.
- Психологиялық салада:баланың жеке танымдылық, эмиоцияналдық дамуына әсер ету қамқор болу мақсатында мекеме психологы тәрбиешілер мен жеке мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауда. Бала дамуын қалыптастыратын тәсілдерді зерттеу және қолданып көру, психикалық процестердің, баланың мектепке психологиялық және ынта жағынан даярлығының мониторингін өткізу.
- Әлеуметтік салада:баланың рухани -...
Балабақша жайлы
№ 44 «Нұр Шуақ» сәбилер бақшасының жобалық қуаты- 320 орын 15 топтық ғимаратта 1 сәбилер топтары -2 топ; 2 сәбилер топтары - 3 топ; ортаңғы топтары - 4 топ; ересек топтары - 3 топ; даярлық топтары - 3 топ;
«Нұр Шуақ» сәбилер бақшасы мектепке дейінгі балаларды оқытып тәрбиелеуде және жан - жақты дамыған жеке тұлғаны дамытуда барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген.
-Мекеменің материалдық - оқу базасы жоғарғы деңгейде жаңа заман талабына сай жабдықталған.
-Медициналық, психологиялық, логопедтік, әдістемелік қызмет. -Физиокабинет, спорттық (үлкен, кіші зал) хореографиялық би залдарынан тұратын сауықтыру кешені.
-Ағылшын, бейнелеу, компьютер кабинеттерімен, үлкен және кіші ән – күй залдарынан құралған зияткерлікті дамыту кешені.
-Топ бөлмелері заманауи модульдық жиһаздармен және дамыту ойын, ойыншықтар, дидактикалық материалдарымен қамтамасыз етілген.
Тәрбиешілер
Карамурзина Жазира Алпыспаевна
1 сәби "А" тобының тәрбиешісі
Исламгалиева Зарина Григорьевна Ортаңғы "А" тобының тәрбиешісі
Шайкимова Ботагоз Канатовна Даярлық "А" тобының тәрбиешісі
Жумабекова Жұлдыз Нуркеновна Ортаңғы "А" тобының тәрбиешісі
Бозжигитова Айнагуль Каирбаевна
1 сәби "Б" тобының тәрбиешісі
Какен Шолпан Бейбітқызы
Ортаңғы "Ә" тобының тәрбиешісі
Аужанова Аймагуль Найманқызы Даярлық "Ә" тобының тәрбиешісі
Сегизбаева Гулдана Ринатовна Ортаңғы "Ә" тобының тәрбиешісі
Рамазанова Айгуль Шариповна
Даярлық "Ә" тобының тәрбиешісі
Дильмухаметова Маржан Абишевна
Ересек "Б" тобының тәрбиешісі
Есенгельдина Асемгуль Джупарбековна Ересек "А" тобының тәрбиешісі
Ата-аналарға мәлімет
Қауіпқа Назар аударыныз!!!
Біраз мерзімнен соң мектепте демалыс басталады. Балаларда бос уақыт пайда боладыі. Электр құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді білу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жарақаттар мен жазайым оқиғалардын алдын алады.
Қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғаларды мысалға келтірейік:
- 2001-2002 жылдары Павлодар облысында электр тогы соғу салдарынан бес бала қайтыс болды. Барлық жағдайлар балалар трансформатор подстанцияларының бөлмесіне кірген немесе электр тасымалдағыштар желісінің тіреуіне шыққан кезде болған;
- 2014 жыл Баянауыл ауылы. 7 жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнап жүріп, трансформатор дүңгіршегінің (КТП) төбесіне шығып, кернеуі 10 кВ токөткізгіш шинаны қолымен ұстаған. Нәтижесінде, бала денесінің 15%-н күйік шалып, сол қолы ампутацияланды;
- 2015 жыл, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы. 11 жастағы ұл бала ойнап жүріп, трансформатор қоршауының ішіне кірген. Ток өткізгіш элементтерге жанасқанда, оны ток соқты. Нәтижесінде, баланың екі қолын бірдей ампутациялауға тура келген;
- 2018 жыл. қыркүйек Жаңаауыл...
Жеке мамандар
Асаинова Алуа Болатовна Ағылшын тілі маманы
Тетежанова Индира Қазбекқызы Логопед
Смаилова Салтанат Ирсиновна Информатика маманы
Кошанова Анар Сабитовна Бейнелеу өнерінің маманы
Ахметжанова Бағила Жанайқызы Ән-күй жетекшісі
Рахат Жасулан Аскарұлы Денешынықтыру нұсқаушысы
Есенбеков Аслан Темирболатович Денешықтыру нұсқаушысы
Ата - аналар үшін
Ата-аналарға психологиялық кеңес Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. 2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз. 6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз. 8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз. 9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз. 10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар. 11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды. 12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз. Ата – аналарға кеңес Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз. 3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса. 4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету. 5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 7. Отбасымен...
Балабақша жаңалықтары
Жайнай бер, жаңа Астанам! Ертегідей ғажап бас қалам. Ынтымақтың тербеп бесігін, Тәуелсіз ел көшін бастаған! «Астана күніне» арналған той - біздің ғасырлар бойы аңсап келіп, қолымыз жеткен, тәуелсіздігімізді баянды ету, қазақ елін біріктіру, жетісіздігімізді әлемге паш ету тойы болып отыр. Мерекеге орай балабақшамызда бүлдіршіндеріміз мың бұралған флешмоб биін билеп, аспанға шар ұшырып, Астанамызға жалынды сәлем жіберді.
Балабақшаға бейімделу
Баланың балабақшаға бейімделуі. Отбасымен бірлескен іс - әрекет (ата-анаға кеңес) Тәрбиенің бастауы ана құрсағында жатқанда-ақ басталса, әрі қарай отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие ошағында жалғасады. Сондықтан балабақша мен баланың ата-анасы арасындағы қарым-қатынас күнделікті күн тәртібінен түспегені абзал. Ата-анамен тығыз байланыс жасау балалардың өнегелі тәлім-тәрбие алып, өз отбасының шеңберінен шыығып, ересек адамдардыңкеңірек әлемімен жаңа байланыстар орнатуына әсерін тигізеді. Балаға жас ерекшелігіне байланысты қарым-қатынас жасап тіл табысуға мүмкіндік тудыратын орта балабақша. Үйдегі баланың жаңа ортаға бейімделуі оңай болмайды. Бұл жерде ең бірінші көмекке келетін тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісі. Сәби өзінен басқа бала бар екенін, олармен бәрі қызықты екенін түсінуі керек. Сәбиді туған –туыстарымен жақындарынан айырып, басқа адамдар ментаныс емес балалардың ортасына апарру оған ауыр тиеді. Бала жаңа ортада ата-анасының мейірімін, өзіне ерекше ықылас болуын аңсайды. Дәл осы толқымалы кезең ата-ана, тәрбиеші үшін жауапты кезең. Педаготың өзіне жүктелген жауапкершілігі және ата-ананың көмегі баланың психикалқ және дамуына көңіл күйіне әсерін тигізеді. Балаға үйден балабақшаға ауысу кезінде қандай көмек бере аламыз? Осы тұрғыда ата-анағаларға мына төмендегі кеңесті бере аламыз. 1. Алғашқы күннен бастап, нәрестеңізбен...
Жас мамандарға көмек
Жас мамандарға жаднама БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ: Баланы жақсы көріңіз Баланы жеке тұлға ретінде сыйлаңыз Жағымды жағдай жасай отырып баланы мадақтап, ынталандырып,қолдап отырыңыз. Баланың кемшілігінде тоқтап қалмай, даму динамикасын бақылау. Баланы тәрбиелеуде ата-аналармен тығыз байланыста болу. Баламен қамқор, қайрат беретін үнмен әңгімелесу. Баланың қызығушылығын ынталандыру. ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: Балаға қатты айғайлап ұрысуға, жазалауға болмайды. Баланың теріс қылықтарын басқа балалардың алдына жалпылай шолып айтуға болмайды. Балаларға жабырыңқы көңіл-күйіңізбен келуге болмайды Ата-аналармен басқа біреудің баласын сөз қылмаңыз Балаларды қараусыз қалдырмаңыз Баланы қорлап, кемсітуге болмайды. ТӘРБИЕШІГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек; Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек; Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек; Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек; Жұмысты ұйымдастыра білет, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт; Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс.
Басты бет
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!!!
Біздің мекен-жайымыз:
140013 Павлодар қ. Катаев көш., 52-үй
sadik-43@mail.ru
31-00-24, 31-00-86
Стандарт
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « 13 » мамырдағы
№ 292 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы «23» тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы
27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) индикатор – баланың даму деңгейінің көрсеткіші;
2) интеграция – мазмұнның құрылымдық бөліктері арасындағы байланысты жасайтын процесс;
3) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық балалардың тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін...


