Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығымен бекітілген Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары 1-тарау.  Жалпы ережелер 1. Осы Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары (бұдан  әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес  әзірленді және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) жүргізу тәртібін:   1) бастауыш мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп; 2) негізгі мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп; 3) жалпы орта мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында; 4) жоғары білім беруде – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламасын игеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп айқындайды. 2. Осы қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады: 1) тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат. 3. ОЖСБ жүргізудің мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру...
ОЖСБ ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулықты орындау туралы ақпарат
ОЖСБ ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулықты орындау туралы ақпарат Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» заңының 55 бабына сәйкес орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізіледі. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ міндеттері: 1. Оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингін іске асыру; 2. Оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау; 3. Білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын салыстырмалы талдауды жүргізу. ОЖСБөткізу ережелерін сақтауды бақылау Білім және ғылым саласында бақылау бойынша Комитетінің Білім беру саласында бақылау бойынша департаменттері және Министрліктің жіберілетін уәкілетті өкілдері іске асырады. ОЖСБуәкілетті органдармен бекітілетін кешендік тест, сонымен қатар жазбаша тапсырмалар түрінде қағаз жүзінде де, қазіргі кезгі ақпараттық технологияларды қолданумен де өткізіледі.Тапсырмалар жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламалар шегінен шыға алмайды. 9-шы сыныптарда ОЖСБрәсіміне міндетті түрде қазақ тілі және жыл сайын уәкілетті органмен белгіленетін 3 пән кіреді. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20. Төрт пәннен тестілеуге 120 минут (2 сағат) беріледі. ОЖСБнәтижелері әр дұрыс жауап үшін 1 баллмен бағаланады. Нәтижелерді санау ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу орындарында жүргізіледі. Тестілеуді...
4,9-сынып оқушыларының ББЖМ дайындау шс-шараларының жоспары
4,9-сынып оқушыларының ББЖМ дайындау шс-шараларының жоспары № Іс-шара Жауаптылар Өткізу мерзімі Педагогикалық ұжыммен жұмыс 1 Пән мұғалімдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Нормативтік және презентациялық материалдармен қамтамасыз ету. А.К. Байгабулова қазан 2 Қосымша сабақтарды күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды жасау. Жетекшілік ететін меңгерушілермен жоспарларды келісу. пән мұғалімдері, А.К. Байгабулова қазан 3 Сынақ нәтижелері бойынша қосымша сабақтардың КТЖ түзету. пән мұғалімдері, А.К. Байгабулова жыл ішінде 4 ББЖМ дайындықты жүзеге асыратын мұғалімдердің қатысуымен өтетін әкімшілік кеңестер, ӘБ отырыстары: Мектептің 2025-2026 жылдардағы ББЖМ дайындық бойынша жұмыс жүйесі, дайындық мәселелері; Сынақ тестілеу нәтижелерін талдау, түзету жұмыстарын ұйымдастыру А.К. Байгабулова, ӘБ жетекшілері, пән мұғалімдері ай сайын,...
Сынама тестілеулердің нәтижелері ОЖСБ
Сынама тестілеу_9 сынып_27.02.2016 ж. Сынама тестілеу_4 сынып_Достық Сынама тестілеу_9 сынып_29.11.2016 ж. Сынама тестілеу_4 сынып_1.03.2017 ж.
ОЖСБ дайындық бойынша қосымша сабақ кестесі
2019 - 2020 оқу жылына арналған  ОЖСБ дайындық бойынша қосымша сабақ кестесі  № р/б Апта күні Пән Мұғалім Сынып Уақыты Кабинет 1 Сейсенбі (1,3 апта) қазақ тілі Абылхаирова Г.Т. 9 "Б" 14.30-15.10 36 2 Сейсенбі (1,3 апта) қазақ тілі Жантемирова А.А. 9 "Б" 13.45-14.25 38 3 Сейсенбі (әр жұма сайын) тарих Фалеева К.А. 9 "А" 13.45-14.25 33 4 Сейсенбі (1,3 апта) математика Хованова А.Н. 9 "Б" 14.30-15.10 47 5 Сәрсенбі (1,3 апта) география Терейковская Л.С. 9 "А" 15.00 -15.40 31...
ОЖСБ тесттер
4 сынып Математика-Литературное-чтение_v_201 Математика-Литературное-чтение_v_202 9 сынып Казахский-язык-Алгебра_v_161 Казахский-язык-Алгебра_v_162 Казахский-язык-Английский-язык_v_161 Казахский-язык-Английский-язык_v_162 Казахский-язык-Биология_v_161 Казахский-язык-Биология_v_162 Казахский-язык-Физика_v_161 Казахский-язык-Физика_v_162 Казахский-язык-География_v_161 Казахский-язык-География_v_162 Казахский-язык-История-Казахстана_v_161 Казахский-язык-История-Казахстана_v_162 Казахский-язык-Химия_v_161 Казахский-язык-Химия_v_162 Казахский-язык-Литература_v_161 Казахский-язык-Литература_v_162 Казахский-язык-Русский-язык_v_161 Казахский-язык-Русский-язык_v_162 Казахский-язык-Всемирная-история_v_161 Казахский-язык-Всемирная-история_v_162
Кітапханашының мақалалары
1. Дружба народов 2. Подарок Президента 3. Игровая программа КВН « Калейдоскоп загадок» 4. ОДНА СТРАНА – ОДНА КНИГА 5. Терроризм 6. Здоровые привычки 7. Текст о Каирбаеве
Мектеп психологі туралы...
Психолог - бұл қазіргі кезде жиі адамдар жолығатын маман. Бәрі ойдағыдай болып, қолымыздан барлығы келетін жағдайлар таныс шығар. Стресс, абыржу және түңілу кезінде, керісінше күш қайтқан сияқты болады. Бірақ, олай емес. Күш бар, алайда оны қалай ояту керек? Жиі кезде қиын жағдайдың шешімі бар болса да, біз оны қабылдамаймыз.Кейбір кезде шешім қабылдау қиынға соқтырады. Психолог көмектеседі: Дағдарыс жағдайлардан шығу жолдарын үйрену Өз күшіне сену Ішкірезервтерін табу Депрессиядан шығу Таңдаулардың кемшіліктерін және артықшылықтарын ұғып алу. Осы және басқа проблемалар әр адамның өмірінде кездеседі. Кейбір кезде көптеген маңызды сұрақтарға тез арада жауап таба алмаймыз. Ойлануға уақыт аз болса немесе әрі қарай қалай болу керектігін түсіне алмаған жағдайда не істеу керек? Осы жағдайда психологке жүгіну – іс-әрекеттің тиімді варианттарының бірі. Психологке қашан барады? Себептері әр түрлі: Өзіне қанағаттанбауы Депрессия Жақын адамдармен өзара түсінушіліктің болмауы(балалар мен ата-аналар, бойжеткен мен бозбала) Бөлініп кетуі немесе ата-аналардың ажырасуы Оқушылар және мұғалімдер арасындағы проблемалар Оқудағы қиындықтар Өзінің«Мен» іздеуі. Түрлі жанжал жағдайлары ... және тағы басқалар. Кейбір кезде жағдайларға шындықпен қарай алмаймыз. Қарапайым жағдай болса да, бөтен кісі жаңаша қабылдайды. Көмегі қажет ететіндерге...
Ата-ана махаббаты және оның бала тәрбиесіндегі рөлі
Әлемде баласына ұрысқысы келетін ана жоқ. «Мен бүгін балама айқайлаймын, ұрысамын» деп ана ойламайды. Керісінше! Ана бүгінгі күнді жақсы, шусыз блуын тілейді. Бірақ та, осынадй жақсы пиғылдарға қарамастан, баласына айқайлайды. Ешкімге керек емес ата-анамен мен бала арасындағы соғыс қате басталады. Балаға ол қатты әсер етеді. Өз баласының проблемасына түсінікпен қарау керек. Баланы жақсы көру керек, әке мен шеше оның бақытты болуына жауапты. Құрметті ата-аналар, балаға деген махаббатты қалай түсінесіздер? Барлық балаға деген махаббат 4 түрге бөлінеді: көз қатынасы, түйісу, көңіл аудару, тәртіп. Әрқайсысы өте маңызды. Неге? Оны біз кейін талқылаймыз. Көз қатынасы Көптеген адамдар баламен қарым-қатынастың шешуші факторы көз қатынасы екендігін сезіне бермейді. Көз қатынасы бір-біріңе қараған кездегі уақыт. Сіздің көзіңізге тура қараудан қорқатын адаммен тілдесіп көрдіңіз бе? Бұл біздің оған деген қатынасымызды өзгертеді. Бізге тура, күлімсіреп қарайтын адам ұнайды. Баланың көзіне тура қарасақ, сонда ғана ол мұқият тыңдайды. Сіздің көзіңізден әрқашан махаббат ұшқыны білінуі керектігін ұмытпағайсыз. Көптеген ата-ана баласына қатал көзімен қарайды, ол дұрыс емес. Түйісу Әлеуметтік педагогикада мынадай факт көрсетілген: зерттеулер көрсеткендей, көптеген ата-ана баласын киіндіргенде, автобусқа отырғызғанда т.б. түйіседі. Баламен...
Ата-аналарға психолог қенесі
Бала тәрбиелеудің он ережесі 1.Балаңды сүй! Яғни оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр. 2.Балаңды қорға!Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті-егер қажет болса-жеке мүдделерінді құрбан етіп, басынды қатерге байлай отырып қорға. 3.Балаңа жақсы үлгі бол!Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандармен және досжарандармен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс. Ата-ананың ерлі-зайыптылық адалдықты бұзуы, көре алмаушылық, арсыздық жолмен баю, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай да болсын пайда келтіру және т.б.-осының бәрі елдің ертеңгі азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін «үлгі» құрайды. 4.Балаңмен ойна!Яғни балаңа қажет уақыт ажырат, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімдел. 5.Балаңмен бірге еңбектен!Балаң жұмысқа қатысқысы...
О насилии в семье
Ребенку (и не только)– о насилии в семье. Прочтите данную информацию. Если хотя бы на один из этих пунктов есть ответ "да", то необходимо обратиться за помощью. Позвоните по любому телефону доверия, и вам обязательно помогут. Виды насилия над детьми и влияние его на детей. 1. Физическое насилие - действия или отсутствие действий со стороны родителей или других взрослых, в результате которых физическое или умственное здоровье ребенка нарушается или находится под угрозой повреждения. Например, телесные наказания, удары ладонью, пинки, царапанье, ожоги, удушение, грубые хватания, толкание, плевки, применение палки, ремня, ножа, пистолета и т.д. Влияние на ребенка (поведенческие и психологические индикаторы): при повреждении любых органов тела происходит нарушения в органах чувств, задержка развития, малоподвижность; дети могут становиться агрессивными, тревожными, что сказывается на их отношении с другими людьми; могут быть необычайно стеснительными, нелюбопытными, избегать сверстников, бояться взрослых и играть только с маленькими детьми, а не с ровесниками; страх физического контакта, боязнь идти домой; тревога, когда плачут другие дети, тики, сосание пальцев, раскачивание. Медицинские индикаторы физического насилия над ребенком: 1. Раны и синяки: разные по времени возникновения; в разных частях тела (например, на спине и груди...
Павлодар қаласының психологтарына
Анкета для определения уровня воспитанности учащихся Информационное согласие для родителей учащихся, участвующих в психодиагностическом тестировании психоэмоциональных процессов и свойств личности
Мектеп жанындағы "Айгөлек" лагері
Құрметті ата-аналармен балалар! Жаз мезгілі жақындап келеді. Бұл мезгілдің демалысы ұзақ болғандықтан, әр бала оқу жылының соңында қызықты демалысты, оқиғаларды және жаңа достармен танысуды армандайды. 0-5 сынып оқушыларын мектеп жанындағы «Айгөлек» лагеріне шақырамыз.   1 маусым кезеңі – 1 маусымнан 21 маусымға дейін 2 маусым кезеңі – 22 маусымнан 14 шілдеге дейін   Құны – 7440 теңге Өтініштерді сынып жетекшілерінен алып, толтыруға болады. 6-10 сынып оқушылары үшін 2 маусымнан 20 маусымға дейін бейінді лагерь жұмыс істейді. Сынып жетекшілеріне жазылыңыздар. СІЗДЕРДІ лагерімізде көруге қуаныштымыз!                     «Айгөлек» мектеп жанындағы сауықтыру лагерьдің күн тәртібі 8.55 – 9.10 – балаларды қарсы алу 9.10 – 9.20 – таңертеңгі жаттығулар 9. 20 – 9. 30 – линейка 9.30-10.00 –таңертеңгі ас 10.00 – 11.00 – отряд істері 11.00 – 13.00 –шығармашылық іс – шаралар 13.00 – 14.00 – түскі ас 14.00 – 15.45 – түскі ұйқы 15.45 – 16.00 - жеңіл тағам ішу 16.00-16.15 – қорытындылау 16.15 – 17.00 – таза ауадағы ойындар Күн тәртібі...
Мектептің ішкі тәртіп ережелері
Мектептің ішкі тәртіп ережелері 1.Жалпы ережелер Оқушылар мектепке 7.45 мин ерте келу керек. Мектепке жиі кешігіп келетін оқушылар мектеп әкімшілігіне шақырылу мүмкін. Барлық сынып оқушылары жылдың әр мезгілінде аяқ киімдерін ауыстыру тиіс. Аяқ киімі жоқ болған жағдайда оқушы кезекші әкімгердің рұқсатымен ғана сабаққа кіре алады. Аяқ киім жеке пакетте болу керек. Ауыстырылатын аяқ киімді мектепте қалдыруға болмайды. Міндетті түрде мектеп формасы қажет. Мектепке әшекей заттарды әкелу рұқсат етілмейді. Дене шынықтыру сабағына еденде сызық қалдырмайтын спорт аяқ киімі қажет. Спорт киімі жоқ оқушылар дене шынықтыру сабағына жіберілмейді. Сол себептен босатылған сабақ себепсіз қалған деп есептеледі. Мектептің ішінде сыртқы киіммен жүруге болмайды. Оқушылар мектептен сынып жетекшілердің немесе мектептің кезекші әкімгерінің рұқсатымен ғана шыға алады. Директордың белгіленген және бекітілген кестесі бойынша үзіліс кезінде сыныптардың кезекшілігі ұйымдастырылған. Бастауыш мектепте үзіліс кезінде бастауыш сынып мұғалімдер мен бастауыш сыныптардың кезекшілігі ұйымдастырылған. Сыртқы киімдердің қалталарында ақша, кілт, жол жүру билет және басқа құнды заттарды қалдыруға болмайды. Мектеп оқушыларына мектепке сіріңке, от тұтағыш, қадалатын және тілгіш заттар, газ баллондар, қару (соның ішінде газды немесе пневматикалық), ойын қарт әкелуге...
Мектеп жарғысынан үзінді.Қауіпсізідік жадынамасы
Мектеп жарғысынан үзінді: Мектеп формасы Ұлдарға арналған мектеп формасының жиынтығы: Пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, күнделікті кию үшін ашық көгілдір түсті жейде (қыс мезгілінде: көк түсті трикотаж жилет, ақ немесе ашық көгілдір түсті водолазка) Қыздарға арналған мектеп формасының жиынтығы: Пиджак, жилет, шалбар, офис түріндегі ақ және ашық көгілдір түсті классикалық блузка, (қыс мезгілінде: көк түсті трикотаж жилет, ақ немесе ашық көгілдір түсті водолазка, сарафан), тақасы 3см-ден аспайтын туфли. ҚАУІПСІЗДІК ЖАДЫНАМАСЫ – Өз үйіңнен, аулаңнан алысқа кетпе. – Көшеде бөтен адамдардан ештеңе алма. Кетіп қал. – Қараңғы түскенше далада жүрме. – Таныс емес жасөспірімдердің жанына барма. – Адам жүрмейтін жерлерде, жыраларда, бос қалған жерлерде, құлап жатқан үйлердің жанында, қора маңында, шатырдың астында, үй асты жерлерде жүрме. – Ұзақ сапарға жалғыз шықпа. – Бөтен адамдармен бірге подъездге, лифтке кірме. Атап өту керек, кейбір кезде қылмысты таныс адамдар да жасап жатады. (Мысалы мейірімді, жуас Ваня аға көршіңіз маньяк болып шығуы мүмкін). – Танымайтын адамдарға есік ашпа. – Алдын ала қауіпті дабылдары туралы көршілеріңмен келісіп ал. – Бөтен машинаға отырма. – Бөтен адамдардың ұсыныстарына «ЖОҚ!» деп жауап беріп, тез арада адамдар жүретін жерге бар. – Көшеде, көлікте, подъезде адамдарды көмекке шақыруға ұялма. – Қауіпті...
Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау жариялайды
  гимназиялық сыныпқа (шетел тілді, информатиканы ерте оқу, оқушылардың таңдауы бойынша курстар) дамыта оқыту сыныбына (мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту). Бірінші сыныпқа түсуге арналған қажетті құжаттар: 1. Туу туралы куәлік (көшірме және түпнұсқа) 2. 3x4 см 2 фотосурет 3. Оқушы, ата - аналардың ЖСН (көшірме және түпнұсқа) 4. Тұрғын жер туралы анықтама немесе тіркелу кітабының көшірмесі 5. Ата – аналардың жұмыс орнынан анықтама 6. Денсаулық төлқұжаты 7. 2 дәптер, файл
Келешек бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына логопедтің кеңестері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тіл дамуында неге назар аудару керек. Дыбысты айту жағдайы. Бала алты жасқа қарай барлық дыбыстарды айта білу керек. Фонематикалық үрдістердің жағдайы. Бұл тарауда баланың белгілі дыбыстармен сөздерді таңдау ептілігі, қарапайым дыбыстық талдау және синтез дағдыларын білу (сөздегі бірінші және соңғы дыбыстарды анықтай білу, дыбыстардан сөз құра білу, дыбыстар санын санай білу), ба-па-ба, та-ца-та, вы-вы-фы және т.,б. тіркестерді ажырай және қайталай білу қарастырылады. Грамматикалық құрылымның жағдайы. Сөз жасауға (дождь-дождик), сөз өзгертуге (стул-стулья), келістіруге (желтый мяч), меңгеруге (вышел из дома, рассказал о друге) назар аудару керек. Сөздің буын құрылымының жағдайы. Алты жастағы бала келесі сөздерді қатесіз айта алады: велосипедист, экскурсовод және т.б. Сөз қорының жағдайы. Бүгінгі күнгі ең қиын тарауларға назар аудару керек: жыл мезгілдері, олардың белгілері, айлар, апта күндері, заттар сапалары, туысқандық байланыстар. Байланысты сөйлеудің жағдайы. Келешек оқушының сұрақтарға жауап беру, айтып беру, сюжеттік сурет, бірнеше сурет бойынша әңгіме құру ептіліктеріне ең басты назар аударылу керек. Сонымен қатар: · Ұсақмоториканың дамуы (саусақ ойындары, мүсіндеу, мозайка, жабыстыру жұмыстары). · Кеңістік функцияларының жағдайы (түрлі жағдайларда «сол-оңды», дене орналасуын анықтай...
Мектептік қиындықтар орта мектепке ауысу.
Мектептік қиындықтар. Орта мектепке ауысу. Мектептік өмірдің өте маңызды кезеңі – бұл бастауыш мектептен орта мектебіне ауысу болып табылады. Сіз балаға қолдау жасауыңызға көптеген жағдайлар байланысты: ол жаңа жүктемеге және ортаға қаншалықты тез бейімделеді, оның өзін-өзі бағалауы бұрынғы деңгейде қалады ма... Әрине осы кезең бізде де және біздің балаларымызда да белгілі қауіптер және үміттермен байланысты. Және де кез келген сәттердің бірі әр балада түрлі қатынасын туғызады. Біреулер бұрынғы тұрақты сыныбында өзін жайлы сезінді. Ал басқаларға кабинеттік жүйеге көшу – бұл көп күткен бастындық, сан-алуан түрлілік. Ал біреулер сүйікті мұғалімімен айрылысуда қатты күйзеледі. Басқа бесінші сынып оқушысы, мүмкін, жаңа мұғалімдердің оң, қасақана емес қатынасын күтеді. Ата-аналар қандай жағдайларға көңіл аудару керек? 1. Орта мектепке ауысу – кейде тура мағынада «жаңа қабырғалар» болып табылады. өйткені кейбір мектептерде бастауыш сыныптар ғимараттың жеке бөлігінде немесе жеке корпусында орналасқан. 2. Балалардың кейбіреулері сыныптастардың жаңа ұжымына келу мүмкін. 3. «Мәртебесінің ауысуы» да өтеді: бастауыш мектепте үшінші-төртінші сыныптар оқушылары ең үлкендері және білгіштер болған, ал қазір тағы да ең кішкентайлар орнына келеді. 4. Меңгеру қажет оқитын пәндер мөлшері, материал көлемі және күрделілігі кеңейеді. 5. Бұрынғы...
Жасөспірімдердің ата-аналарына арналған 10 кеңес
Жасөспірімдік жаста балалар өз ата-аналарының өмірін бағалай бастайды.Анасының және әкесінің мінез-құлығын, әрекеттерін, сыртқы түрін талқылайды. Және үнемі салыстырады. Осы салыстырулардың нәтижесі ұлыңыз немесе қызыңызбен қарым-қатынасқа әсер етеді.Ол сізге жағымды немесе жағымды емес болуы мүмкін. 1 кеңес •Егер ұятқа қалғыңыз келмесе осы бағалауға ертерек дайындалыңыз. Баламен қарым-қатынастағы ең бастысы - өзара түсінушілік. Оны орнату үшін сіздер ынта білдіру және ренішті жасырмау керексіз. 2 кеңес • Балада өзіне, өз күшіне сенушілікті қолдаңыз, белгілі кемшіліктер (олар әр адамда бар) болғанымен оларда жақсы жақтары да бар екенін айтыңыз. 3 кеңес •Таң қалдырыңдар – бұл есте сақталады! Күтпеген және қатты әсер қалдырған адам қызық және беделді болады.Ата-ананың өмірі, олардың көзқарастары, әдеттері ұзақ ақыл беру әңгімелесулерге қарағанда балаға әсерін көбірек тигізеді. 4 кеңес • Сіздің балаңыз мықты және дені сау болғанын қалайсыз ба? • Онда өзіңіз біліп, баланы өз ағзасы туралы, денсаулықты сақтау және оны күшейту туралы білім негіздеріне үйретіңіз. 5 кеңес • Баланың да, өздеріңіздің де денсаулықтарыңызды сақтаңдар, онымен бірге спортпен шұғылдануға, демалысқа шығуға, серуенге баруға үйреніңіз. 6 кеңес • Аптасына қанша уақыт сіздер өз балаларыңызбен өткізесіз? – Аптасына 1,5 сағат?!Оқудан және сабаққа дайындалудан бос...
Дау-жанжалдарды қалай шешу
Дау-жанжалдарды шешудің бірінші тәсілі. Өз шешімінде тұру. 1. дау-жанжалды шешудің бірінші конструктивтік еместәсілі: «Ата-ана жеңеді».Өздері оны байқамай мінез-құлықтың күдікті үлгісін көрсетеді: «басқалардың тілектерін ойламай, үнемі өзіңдікіне жет». Балалар соны жасауды тез үйренеді, олар үлкендер берген сабақты қайтарады десек те болады, ал сосын дау-жанжалдар басталады. 2. осы тәсілдің басқа түрі: жұмсақ, бірақ табандылықпен балаға өзіндікін жасатқызу. Егер осы үнемі болып тұрса, бала басқа ережені игереді : «Менің жеке-басы қызығушылықтарым есептелінбейді, ата-ана тілейтінді немесе талап ететінді бәрібір жасау керек». 3. балалар үнемі жеңіледі.Әдетте бұл балалар агрессивті немесе өте пассивті болып өседі. Дау-жанжалдарды шешудің екінші тәсілі. Татулық сақтай отырып, көну. 1. дау-жанжалды шешудің екінші конструктивтік емес тәсілі: «Тек бала ғана жеңеді».Осы жағдайларда балалар өзімшіл, тәртіпке үйренбеген, өзін ұйымдастыра алмайтын болып өседі. 2. айналадағыларға қойған өздерінің аса жоғары талаптарымен және басқалармен тіл табыса білмеуімен олар жалғыз болып қалады.Жиі мысқылды және шеттетуді кездестіреді. 3. осындай отбасыда өз баласымен және өз тағдырымен қанағаттанбаушылық жиналады.Қартайғанда «үнемі көнетін» үлкендер жиі жалғыз және ешкімге керек емес болып қалады. Дау-жанжалдарды шешудің үшінші тәсілі. Конструктивті:...