Вопросы и ответы
Zhusupova Lyailya Bazhevna
Department of Education of Pavlodar City
Headmistress of the School № 37 of Pavlodar
Welcome!
Hello, dear internet users! Welcome to the virtual reception, which is currently open for the introduction of an accessible and effective method of feedback! My virtual reception allows you to ask me the questions, express your suggestions on issues and share with your comments. This type of communication facilitates a more open and quick exchange of information. I think that such relationships are very useful. I am convinced that this type of communication will be good for the relationship between school life and parents. You can also call the hotline 150, 662409 or come on Thursdays from 3 pm to 6 pm.
ФИО: Сыздыков Біржан
Отзыв:
Менің балам № 37 мектептің 3 "А" сыныбында оқиды. Сынып жетекші Баян Бакиевнаға көп алғыс білдіреміз. Сынып жетекші оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастырып, өткізіледі.Бос уақыттарында қосымша әдеби кітаптар оқиды. Кітап оқуға мүғалім көп септігін тигізеді. Баян Бакиевнаға көп алғыс.
Добавлен:
2018-12-19 16:20:12
Комментарий:
Құрметті Біржан Сыздықов! Айтқан жылы лебізіңіз бен ыстық ықыласыңзға үлкен рахмет! Сіздердің балаларыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие өз деңгейінде беріліп жатқанына бізде қуаныштымыз.
ФИО: Талантты Мырзалиевна
Отзыв:
Құрметті Ләйла Бажқызы! Сізді жаңа оқу жылының басталуымен және жыл басында алып отырған марапаттарыңызбан шын жүректен құттықтаймын! "Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын" деген қазағымның жақсы сөзі бар, сіз нағыз педагог, мықты маман, адами қасиеті мол басшысыз. Мектептің ашылғанына бар-жоғы екі жыл болса да, 37 мектеп білім саласында көптеген жетістіктерімен өз қанжығасын майлады, оқушылары да, ұстаздары да биік шыңдардан көріне білді, өз білімдерін көрсете білді. Жаңа оқу жылы сіздерге мол табыс әкелсін, мектебіңіз көркейіп, бір кісідей жұмыла атқарған істеріңіз өз жемісін берсін!
Добавлен:
2018-09-06 13:04:51
Комментарий:
Құрметті Талантты Мырзалиевна! Игі тілегіңізге көп рахмет
ФИО: Ботагоз
Отзыв:
Ағылшын тілі мұғалімі қажет емес пе?
Добавлен:
2018-09-04 21:23:34
Комментарий:
Құрметті Ботагөз! Ағылшын тілі мұғалімі қажет емес, негізі резюмеңізді әкеліп тастап кетуге болады.
ФИО: Виктория
Отзыв:
Здравствуйте. Подскажите,есть ли в вашей школе вакансия учителя физической культуры? Спасибо.
Добавлен:
2018-08-28 16:30:48
Комментарий:
Здравствуйте, Виктория! Учителя физической культуры не требуется.
ФИО: Акрабова Л.А.
Отзыв:
Сәлеметсіздер ме!Есть ли вакансия учителя русского языка?Заранее благодарна.
Добавлен:
2018-08-23 12:11:46
Комментарий:
Сәлеметсіз бе! Орыс тілі пәні мұғалімі қажет емес.
ФИО: Айгуль
Отзыв:
Сәлеметсізбе. Математика және физика пәнінен ваканттык орын бар ма? 2 диплом, физика (уздік) және математика. 2-ші санат
Добавлен:
2018-06-09 17:18:52
Комментарий:
Құрметті Айгүл! Мектепке келіп жолығып кетсеңіз жақсы болар еді. Резюме парағын ала келіңіз. Ізгі ниетпен 37 мектеп әкімшілігі.
ФИО: Байменова Айгерим Гайдаровна
Отзыв:
Сәлеметсіз бе! Мектепке қазақ сыныптарына бастауыш сынып мұғалімі қажет емес пе?
Добавлен:
2018-03-14 10:14:37
Комментарий:
Салеметсіз бе, сіз өз түйіндемеңізді мектептің қабылдау бөлмесінде немесе мектеп сайтының басты бетінде көрсетілген электронды поштаға жолдай аласыз. Мектепке бастауыш сынып мұғалімі қажет болған жағдайда, және сіздің кандидатураңыз сәйкес деп танылса, сізді сұхбаттасуға шақырамыз.
ФИО: Ақмарал Татиева
Отзыв:
Құрметті №37 мектеп ұжымы және сүйікті ұстазымыз Күляим Габдувалиевна! Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Денсаулық, отбасыларыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін! Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мерке.Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
Добавлен:
2018-03-06 12:41:27
Комментарий:
Салеметсіз бе, Ақмарал! Құттықтауларыңызға рахмет. Сіздерді де 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз!
ФИО: Сулейменова Фарида
Отзыв:
Сәлеметсіздерме! Мен 4"А" сынып оқушысының ата-анасымын! № 37 мектеп ұжымын Сіздерді көктемнің алғашқы күндері келе жатқан аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сынып жетекшімізге жеке алғысымды білдіремін!Саналы ғұмырын бала оқытуға арнаған, ұстазымыз Күляим Ғабдувалиевнаға
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік болып жұлдызыңыз,
Көктемдей құлпырыңыз
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін тəңіріңіз!!!!
Добавлен:
2018-03-05 23:01:51
Комментарий:
Салеметсіз бе, Фарида! Құттықтау жолдағаныңызға көп рахмет. Сізді де, сондай-ақ, оқушыларымыздың аналар қауымын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
ФИО: Ақмарал Татиева
Отзыв:
Сәлеметсіздерме! Мен 4"А" сынып оқушысының ата-анасымын! № 37 мектеп ұжымын Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Сынып жетекшімізге жеке алғысымды білдіремін!
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстазымыз Күляим Ғабдувалиевнаға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді деп ойлаймын!
Добавлен:
2018-01-02 17:44:52
Комментарий:
Салеметсіз бе, Ақмарал! Жаңа жылдық құттықтауларыңызға рахмет! Сіздерді де жаңа жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл тек жақсылықтарға толы болсын.
ФИО: Асем
Отзыв:
Сәлеметсіз бе! Жаңа жыл мерекесіне орай ертеңгілік қашан болады?
Добавлен:
2017-12-21 05:33:06
Комментарий:
Салеметсіз бе! Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік 2017 жылғы 26 желтоқсан күні өткізіледі. Өткізілу уақыты сыныптар бойынша сағат 10.00-ден 16.00 дейін қарастырылған. Толық ақпаратты мектеп сайтының "Ақпараттық консалтинг" бөлімінде "Хабарландыру" айдарынан көре аласыздар.
ФИО: Нұрлан
Отзыв:
Сәлеметсіз бе!Менің балам осы мектепте оқиды. Шахмат ойнауды жақсы көреді. Сол себептен баламды шахмат үйірмесіне қалай жазсам екен?
Добавлен:
2017-12-21 04:15:58
Комментарий:
Салеметсізбе! Шахмат үйірмесіне қатысқысы келетін оқушылар тізімін сынып жетекшісі береді.
ФИО: Родитель
Отзыв:
Здравствуйте!
Спасибо, что написали ответ и все объяснили. пусть у нас в 4а классе остается прежний учитель.
Добавлен:
2017-12-21 04:04:08
Комментарий:
Салеметсізбе! Сіздің сұрағыңыз бойынша бұған дейін жауап бергеніміздей, түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Мұғалім алдында отырған оқушыға толығымен жауапкершілікті, сондықтан да, сабақ бойы сыныпты оқушылармен тастап кетуге мектеп мұғалімдері тарапынан жол берілмейді. Мұғалімдеріміз жоғары санатты, көпжылдық жұмыс өтілі бар азаматшалар және өз жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарайды. Сабақ үрдісінің өткізілу барысы кезекші мұғалімдер мен кезекші әкімшілік тарапынан да үнемі қатаң бақылауда.
ФИО: Родитель
Отзыв:
здр-те!
прошу заменить учителя в 4А классе. по причине ее слабого здоровья. она может уйти в мед.кабинети дети весь урок могут сидеть одни.
Добавлен:
2017-12-15 03:08:48
Комментарий:
Салеметсізбе! Сіздің сұрағыңыз бойынша сынып жетекшісіне ескертілді. Барлық сыныптар бойынша сабақтар өткізілуі мектепте қатаң бақылауда және сынып жетекшілерінің сабақ уақытында сыныптан тыс жүруі видео бақылау арқылы да бақыланып отырып, тез арада ескерту жасалады. Сабақ бойы мұғалімнің сыныпты тастап кетуіне жол берілмейді.
ФИО: Кожанова Гульнара
Отзыв:
Здравствуйте, хотела бы узнать, почему запрещено родителям входит в школу, когда приводишь ребенка утром?
Добавлен:
2017-09-28 01:55:51
Комментарий:
Салеметсіз бе, мектептің ішкі тәртібі және жалпы қауіпсіздік және санитарлық талаптарды сақтау мақсатында мектебімізде бөгде адамдарға еркін жүруге рұқсат етілмейді. Сіз ата-ана ретінде балаңызды мектепке жеткізіп немесе алып қайтуға келгенде қандай да бір сұрақтарыңыз немесе мәселе туындаған жағдайда, кезекші арқылы сынып жетекшісін шақыртуыңызға болады.
ФИО: Маржан
Отзыв:
Сәлеметсіздер ме, Мектеп алды даярлық тобына неше жастан аласыздар және қандай құжаттар қажет?
Добавлен:
2017-06-14 04:09:59
Комментарий:
Cәлеметсіз бе, Маржан! Мектеп алды даярлық тобына бала алты жастан қабылданады және мынадай құжаттар тапсыру қажет: мектеп директорына өтініш, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ХҚО мекен-жай туралы анықтама, ата-аналарының жеке бас куәліктерінің көшірмесі, ата-аналарының жұмыс орындарынан анықтама, баланың 12 нөмірлі анықтамасы, яғни ЖСН-ИИН, отбасы құрамы туралы анықтама, баланың медициналық кітапшасы, 3*4 сурет-4 дана және көк түсті файл.
ФИО: Маней Роза
Отзыв:
Сәлеметсіз бе?
Сіздің мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қажет пе?
Жұмыс өтілім 27 жыл.
Жоғары санатым бар.
І деңгейлік курстан өткенмін /2014
Жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өттім /2017, тб жетістіктерім бар.
Қажет болса, maneyroza@mail.ru жауап беруіңізді өтінемін.
Добавлен:
2017-06-08 09:20:52
Комментарий:
Салеметсіз бе, Роза! Сіз өз түйіндемеңізді қабылдау бөлмесінде қалдырып немесе мектеп поштасына электронды жолдай аласыз. Жаңа оқу жылына берілетін жүктемеге сәйкес, аталған пән бойынша мұғалім қажет болған жағдайда, сізді сұхбаттасуға шақырамыз.
ФИО: Александр
Отзыв:
Здравствуйте!Скажите пожалуйста, требуется ли Вам преподаватель по физической культуре? Закончил (очно) ПГПИ. Спасибо.
Добавлен:
2017-05-26 12:41:25
Комментарий:
Сәлеметсіз бе, Александр! Түйіндемеңізді мектептің қабылдау бөлмесіне қалдыруыңызға болады немесе мектеп сайтының басты бетінде көрсетілген поштаға электронды түрде жібере аласыз. Мектебімізге дене шынықтыру мұғалімі қажет болған жағдайда, егер де сіздің біліміңіз бен кандитатураңыз сәйкес деп танылса, сізге міндетті түрде хабарласады.
ФИО: Шалабаева Райхан
Отзыв:
Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы екі күн бойы қалалық Ю.Гагарин атындағы саябағында қазақтың қара шаңырағы, әдемі безендірілген ұлттық тағамдарынан дәм таттық. Ұжым мұғалімдері келген қонақтарын құшақ жая қарсы алып, төрге шақырды.Ұлттық киімдегі қонақжай қыздар мен мектеп директоры Л.Б. Жүсіповаға ризашылдығымызды білдіргіміз келеді.Мерекелік іс-шарадан көтеріңкі көңіл- күйде оралдық.Бірлігі жарасқан мерекелеріміз көп болсын!
№ 37 мектептің 5 «А», 6 «А» сынып оқушыларының ата – аналарынан.
Добавлен:
2017-05-03 04:07:37
Комментарий:
Қайырлы күн!
Құрметті ата-аналар! Сіздердің алғыстарыңызға көп рахмет айтқымыз келеді. Кез-келген Қазақстан азаматы ел бірлігі мен татулығы жолында өз үлесін қосса, елдігіміз мәңгі, татулығымыз берік болары сөзсіз. Қазақ елімен бірге біздің ұжым да бірлік пен татулық мерекесін атап өтуге өзімізше үлес қостық. Бұл да болса, мектеп ұжымының бірлігінің арқасы деп ойлаймын. Сіздердің алғыстарыңызға зор құрмет білдіре отырып, мектебіміздің атынан барлықтарыңызды тағы да көктемнің айтулы мерекесімен құттықтаймын!
ФИО: Жамиля апай
Отзыв:
Павлодар қаласының № 37 мектебінің ұжымы екі күн бойы Гагарин саябағында киіз үй құрып, қала тұрғындарына шын мереке сыйлады. Кең пейілмен жайылған дастарқанда ұлттық тағамдардың барлық түрлері қойылған. Біз әжелер де дәм таттық. Барлығы өте дәмді болды. Қонақжай қыздар көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. Наурыз мейрамы және Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын.
Добавлен:
2017-05-01 08:36:48
Комментарий:
Қайырлы күн!
1 - мамыр Қазақстанымыздың барлық өңірінде татулық пен бірлік күні аталып өтті. Аталмыш шараға №37 жалпы білім беру мекемесінің ұжымы бір кісідей атсалысты. Өздеріңіз куә болғандай, мереке ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының нышаны екенін анық байқатты. Түрлі ұлт өкілдері бірін-бірі құттықтап, құшағын жая қарсы алып, төрінен орын беріп жатты. Біздің міндетіміз - ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, ал осы шараға ұжым мен оқушыларымызды жұмылдыру арқылы ұлттық тәрбиені қалыптастыруда зор үлес қосқанымызға қуаныштымыз! Татулығымыз бен бірлігіміз ешқашан бұзылмасын!
Ата-аналар тарапынан жолдаған алғыстарыңызға көп рахмет! Мереке құтты болсын!