Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Вопросы и ответы

ЖҮСІПОВА ЛӘЙЛӘ БАЖҚЫЗЫ

Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімі

«Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебінің» директоры

 

Қош келдіңіздер!

    Сәлеметсіздер ме, құрметті Интернет желісін пайдаланушылар! Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған виртуалды қабылдауыма қош келдіңіздер! Менің виртуалды қабылдауым арқылы тікелей маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған. Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді. Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл мектеп өмірі пен ата-ана арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол. Сіздер сонымен қатар, 150, 662409 сенім телефонына хабарласа аласыздар немесе бейсенбі сағат 15.00-18.00 аралығында жеке қабылдауға келе аласыздар.

ФИО: Қожанова Қымбат
Отзыв: Павлодар қаласында мамыр айы наурыз мерекесін ұлықтаудан басталды. Екі күнге созылған шараға №37 мектептің ұжымы да ерекше үлес қосты. Қаладағы Ю.Гагарин атындағы орталық саябаққа ордалы шаңырақ, киіз үйді құрып, ұлтымыздың ұлылығын танытатын меймандос мінезін көрсетіп, әзірлеген ұлттық тағамдарын көпшілік қауымға ұсынды. Келегн қонақтар дәмнен ауыз тиіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп жатты. Мектеп оқушылары өздерінің ән шашуын ұсынды. Мен де Ұлы мерекенің тамаша сәтінің куәсі әрі қонағы болып, ерекше көңіл күйде болдым.Осындай шараны ұймдастырып отырғн мектептің директоры Л.Б.Жүсіаова сізге және сіз басқарып отырған ұжымға айтар алғысымыз шексіз. Мерекелеріміз көп болсын, деп тілейік! №37 мектептің 5-"Д"-сынып оқушысының анасы
Добавлен: 2017-05-01 08:29:23
Комментарий:
Қайырлы күн! Баршамызға 1 - мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! Сіздердің алғыстарыңызға бөлену біз үшін зор құрмет. Ел бірлігін сақтап, елдігін дәріптеу - әрбір Қазақстандықтың міндеті. «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.  
ФИО: Жамиля апай
Отзыв: Павлодар қаласының № 37жалпы орта мектебінің ұжымы Гагарин саябағында екі күн бойы киіз үй құрып, қала тұрғындарын өзінің әсем де кең ниетпен жайылған дастарқанымен,қонақжайлығымен, көтеріңкі көніл күй сыйлап,қуантты.Дастарқандары мол болды.Шын мереке сыйлады.Әжелер атынан алғысымыз шексіз.Мектептерін өркендей берсін.Мереке құтты болсын
Добавлен: 2017-05-01 08:23:55
Комментарий:
Қайырлы күн! Алғыстарыңызға рахмет. Сіздердің де отбасыларыңызға шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Мереке құтты болсын! 
ФИО: Айбек
Отзыв: Сәлеметсіздер ме! Мектепішілік жазғы сауықтыру лагері 1-2 кезеңдерінің мерзімдерін айтсаңыздар. Рахмет!
Добавлен: 2017-04-25 10:56:31
Комментарий:
Сәлеметсіз бе, Айбек! Мектепішілік сауықтыру лагерінің 1 кезеңі 2 маусым мен 20 маусым аралығында, ал екінші кезеңі 26 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. 
ФИО: Асем
Отзыв: Қандай жағайда тегін тамақтануға болады? Қандай құжаттар керек?
Добавлен: 2017-04-18 02:12:47
Комментарий:
Сәлеметсіз бе, Асем! Тегін ыстық тамақтану үшін мынадай құжаттар тізімін тапсыру қажет: Өтініш, барлық балалардың туу туралы куәлігінің және төлқұжаттарының көшірмесі, Оқушының ЖСН көшірмесі, ата-анасының төлқұжаттары мен неке куәліктерінің көшірмесі және жұмыс орнынан анықтама (отбасы құрамы болуы тиіс), жалақысы туралы анықтама (кесте түрінде болуы тиіс), ата- анасының біреуінің қайтыс болған жағдайда «қайтыс болу туралы туралы куәліктің» көшірмесі, мектепте оқымайтын балалары жайында анықтама, ата-анасы ажырасқан жағдайда, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі, мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектігін растайтын анықтаманың көшірмесі және көп балалы отбасы санатынан болса, «Көп балалы ананың куәлігі» кітапшасының көшірмесі.  
ФИО: Асылбек
Отзыв: Қайырлы күн.1 сыныпқа қабылдау қай уақыттан басталады?
Добавлен: 2017-03-30 07:51:22
Комментарий:
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «8» сәуірдегі №179 бұйрығына сәйкес 1 сыныпқа құжаттарды және оқуға қабылдау бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүзеге асырылады. 
ФИО: Динара
Отзыв: Сәлеметсіздер ме! 4 тоқсан оқу қай күннен басталады?
Добавлен: 2017-03-30 07:34:44
Комментарий:
Динара салеметсіз бе! 2016-2017 оқу жылының 4 тоқсаны 2017 жылдың 3 сәуірінде басталады. Мектебіміздің сайтында "Ақпараттық консалтинг" бөлімінде ата-аналар мен оқушыларға арналған ақпараттардан барлық қажетті мәліметтерді біле аласыздар! 
ФИО: Сауле
Отзыв: Уважаемые учителя СОШ №37, от имени родителей искренно хочу Вас поздравить с праздником Наурыз! Хочу поблагодарить за созданные вами слаженные условия обучения и профессиональный штат учителей. А также мы благодарны за заботу о наших детей и за создание комфортной, дружеской и уютной атмосферы! Спасибо вам большое и еще раз с праздником!
Добавлен: 2017-03-25 05:00:06
Комментарий:
Құрметті Сәуле! Жылы лебізіңізге үлкен рахмет!Сіздерге де наурыз мерекесі барлық жақсылығын акелсін!  

бiрiншiсi 1 2 кел. соңғысы соңғысы

Сiздiң IP мекенжайыңыз: 18.191.21.86