Сенім телефоны

Қымбатты достар!

 

Павлодар қаласы № 2 Балалар музыка мектебінің сайтында кездескенімізге қуаныштымыз

 

МЕКТЕПТІҢ ЖЕТЕКШІ БАҒЫТЫ

№2 БММ жетекшi бағыты оқушыларды шығармашылық дамыту болып табылады.

Мектеп балаларға музыкалық шығармашылықпен шұғылданып, өздерінің дарындылықтарын ашуға, өз қабiлеттiлiктерiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Мектептің негізгі мақсаты

·         баланың жеке тұлғасын жан-жақты даму;

·         эстетикалық талғамын қалыптастыру;

·         негiзгi әлеуметтiк, адамгершілік және мәдени құндылықтарын тәрбиелеу;

·         оқушылардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауы;

·         балалардың қабiлеттерін шығармашылық жүзеге асыру;

·         азаматтық сана-сезiмді, отансүйгiштiкті, жалпы мәдениеттi қалыптастыру.

Педагогикалық ұжымның міндеттері

·         оқушылардың жеке тұлғасының жан-жақты дамуына, рухани мәдениеттiң қайта өркендеуiне, көркемдік-эстетикалық білімділігіне, кәсiби дағдыларды алуына жағдай жасау;

·         әрбiр баланың жеке қабiлеттiлiктерiн барынша дамыту.

·         оқудың маңыздылығын арттыру– оқушыларға бағдар беру.

БММ өз алдына адамгершілік, әлеуметтік мәселелерді қойып, бiзді қоршаған болмыста  әсемдікті дәл көрсетедi.

№ 2 БММ жоғары кәсіби педагогикалық ұжымы өз дәрежелерін тәрбиеленушiлерiнiң қалалық, облыстық, республикалық жас музыканттар конкурстарындағы жеңістерімен  үнемi дәлелдейдi.

Конкурстар педагогтардың кәсiби және жеке басының дамуын ынталандырады,  мектеп жұмысының нәтижелерiн жетiстiкке жеткізуге олардың қосқан үлесін арттыруға көмектеседi.

«№2 БММ» МҚКК ТӘРБИЕНІҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Мақсаты: № 2 БММ оқушыларының эстетикалық дамуының жаңа формаларының енгiзу.

Міндеттері: Қазақстан Республикасының рәміздері мен заңдарын құрметтейтін, мемлекеттік тілді білетін, Қазақстан Республикасының халықтары арасында татулық пен бейбітшілікті нығайту мен сақтауға қабілетті өз елінің азаматы етіп тәрбиелеу.

·         оқушылардың қабiлеттiлiктерi мен шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, өздігінен дамуын жүзеге асыру үшін  жағдай жасау.

·         тәрбие процесін қарқындату, жаңа әдістерді, технологияларды енгізу.

·         мектептің ескi дәстүрлерін сақтау және жаңа дәстүрлерін жарату.

Пинциптері:

·         адамсүйгіштік және адамгершiлiктiң қағидасы. Әр тұлғаға құрметпен, бағдарларды және гуманистiк идеяларды бірінші орынға қою.

·         Қызмет және қарым-қатынастың ұйымы.Қызмет түрлерінің ішінде маңызды орынды, оқушылар мен оқытушылардың арасындағы, балалар мен ата-аналар арасындағы өзара адамгершілік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін байланыс алу қажет. 

Мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы,

140011 Павлодар қаласы, Камзин көшесі, 78

Телефон: 61-43-40 қабылдау бөлмесі, 61-47-47 директор