Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
ФИО: Маржан
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме, Мектеп алды даярлық тобына неше жастан аласыздар және қандай құжаттар қажет?
Добавлен: 14 June 2017
Ответ:
Cәлеметсіз бе, Маржан! Мектеп алды даярлық тобына бала алты жастан қабылданады және мынадай құжаттар тапсыру қажет: мектеп директорына өтініш, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ХҚО мекен-жай туралы анықтама, ата-аналарының жеке бас куәліктерінің көшірмесі, ата-аналарының жұмыс орындарынан анықтама, баланың 12 нөмірлі анықтамасы, яғни ЖСН-ИИН, отбасы құрамы туралы анықтама, баланың медициналық кітапшасы, 3*4 сурет-4 дана және көк түсті файл.
ФИО: Жамиля апай
Вопрос/обращение:
Павлодар қаласының № 37 мектебінің ұжымы екі күн бойы Гагарин саябағында киіз үй құрып, қала тұрғындарына шын мереке сыйлады. Кең пейілмен жайылған дастарқанда ұлттық тағамдардың барлық түрлері қойылған. Біз әжелер де дәм таттық. Барлығы өте дәмді болды. Қонақжай қыздар көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. Наурыз мейрамы және Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын.
Добавлен: 01 May 2017
Ответ:
Қайырлы күн! 1 - мамыр Қазақстанымыздың барлық өңірінде татулық пен бірлік күні аталып өтті. Аталмыш шараға №37 жалпы білім беру мекемесінің ұжымы бір кісідей атсалысты. Өздеріңіз куә болғандай, мереке ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының нышаны екенін анық байқатты. Түрлі ұлт өкілдері бірін-бірі құттықтап, құшағын жая қарсы алып, төрінен орын беріп жатты. Біздің міндетіміз - ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, ал осы шараға ұжым мен оқушыларымызды жұмылдыру арқылы ұлттық тәрбиені қалыптастыруда зор үлес қосқанымызға қуаныштымыз! Татулығымыз бен бірлігіміз ешқашан бұзылмасын! Ата-аналар тарапынан жолдаған алғыстарыңызға көп рахмет! Мереке құтты болсын!
ФИО: Динара
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме! 4 тоқсан оқу қай күннен басталады?
Добавлен: 30 March 2017
Ответ:
Динара салеметсіз бе! 2016-2017 оқу жылының 4 тоқсаны 2017 жылдың 3 сәуірінде басталады. Мектебіміздің сайтында "Ақпараттық консалтинг" бөлімінде ата-аналар мен оқушыларға арналған ақпараттардан барлық қажетті мәліметтерді біле аласыздар!
ФИО: Кожанова Гульнара
Вопрос/обращение:
Здравствуйте, хотела бы узнать, почему запрещено родителям входит в школу, когда приводишь ребенка утром?
Добавлен: 28 September 2017
Ответ:
Салеметсіз бе, мектептің ішкі тәртібі және жалпы қауіпсіздік және санитарлық талаптарды сақтау мақсатында мектебімізде бөгде адамдарға еркін жүруге рұқсат етілмейді. Сіз ата-ана ретінде балаңызды мектепке жеткізіп немесе алып қайтуға келгенде қандай да бір сұрақтарыңыз немесе мәселе туындаған жағдайда, кезекші арқылы сынып жетекшісін шақыртуыңызға болады.
ФИО: Сыздыков Біржан
Вопрос/обращение:
Менің балам № 37 мектептің 3 "А" сыныбында оқиды. Сынып жетекші Баян Бакиевнаға көп алғыс білдіреміз. Сынып жетекші оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастырып, өткізіледі.Бос уақыттарында қосымша әдеби кітаптар оқиды. Кітап оқуға мүғалім көп септігін тигізеді. Баян Бакиевнаға көп алғыс.
Добавлен: 19 December 2018
Ответ:
Құрметті Біржан Сыздықов! Айтқан жылы лебізіңіз бен ыстық ықыласыңзға үлкен рахмет! Сіздердің балаларыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие өз деңгейінде беріліп жатқанына бізде қуаныштымыз.
ФИО: Асылбек
Вопрос/обращение:
Қайырлы күн.1 сыныпқа қабылдау қай уақыттан басталады?
Добавлен: 30 March 2017
Ответ:
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «8» сәуірдегі №179 бұйрығына сәйкес 1 сыныпқа құжаттарды және оқуға қабылдау бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
ФИО: Айбек
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме! Мектепішілік жазғы сауықтыру лагері 1-2 кезеңдерінің мерзімдерін айтсаңыздар. Рахмет!
Добавлен: 25 April 2017
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Айбек! Мектепішілік сауықтыру лагерінің 1 кезеңі 2 маусым мен 20 маусым аралығында, ал екінші кезеңі 26 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.
ФИО: Ақмарал Татиева
Вопрос/обращение:
Құрметті №37 мектеп ұжымы және сүйікті ұстазымыз Күляим Габдувалиевна! Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Денсаулық, отбасыларыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін! Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мерке.Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
Добавлен: 06 March 2018
Ответ:
Салеметсіз бе, Ақмарал! Құттықтауларыңызға рахмет. Сіздерді де 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз!
ФИО: Сулейменова Фарида
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме! Мен 4"А" сынып оқушысының ата-анасымын! № 37 мектеп ұжымын Сіздерді көктемнің алғашқы күндері келе жатқан аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сынып жетекшімізге жеке алғысымды білдіремін!Саналы ғұмырын бала оқытуға арнаған, ұстазымыз Күляим Ғабдувалиевнаға Гүлдей болсын өміріңіз, Нұрға толсын көңіліңіз. Биік болып жұлдызыңыз, Көктемдей құлпырыңыз Бақыт қонсын басыңызға Қолдап жүрсін тəңіріңіз!!!!
Добавлен: 05 March 2018
Ответ:
Салеметсіз бе, Фарида! Құттықтау жолдағаныңызға көп рахмет. Сізді де, сондай-ақ, оқушыларымыздың аналар қауымын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
ФИО: Асем
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! Жаңа жыл мерекесіне орай ертеңгілік қашан болады?
Добавлен: 21 December 2017
Ответ:
Салеметсіз бе! Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік 2017 жылғы 26 желтоқсан күні өткізіледі. Өткізілу уақыты сыныптар бойынша сағат 10.00-ден 16.00 дейін қарастырылған. Толық ақпаратты мектеп сайтының "Ақпараттық консалтинг" бөлімінде "Хабарландыру" айдарынан көре аласыздар.
ФИО: Маней Роза
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе? Сіздің мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қажет пе? Жұмыс өтілім 27 жыл. Жоғары санатым бар. І деңгейлік курстан өткенмін /2014 Жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өттім /2017, тб жетістіктерім бар. Қажет болса, maneyroza@mail.ru жауап беруіңізді өтінемін.
Добавлен: 08 June 2017
Ответ:
Салеметсіз бе, Роза! Сіз өз түйіндемеңізді қабылдау бөлмесінде қалдырып немесе мектеп поштасына электронды жолдай аласыз. Жаңа оқу жылына берілетін жүктемеге сәйкес, аталған пән бойынша мұғалім қажет болған жағдайда, сізді сұхбаттасуға шақырамыз.

First 1 2 3 Next Last Last

Задать вопрос