Ғұмырының бар уақытын жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін қиын да қызығы мол педагогика - білім беру саласына арнап келеді. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі және Құрметті қызметкер атағының иегері. 70 жылдық тарихы бар №10
Абай атындағы мектепті облыстық лицей-мектебі санатына қосуға зор үлес қосқан асқаралы басшы. Математика пән мұғалімінен мектеп директоры және педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне дейін жетті. Еселі еңбегі, тәжірибесі, бала тәрбиесіне арналған игі істері көпшіліктің құрметіне, ыстық ықыласына және ел үшін атқарып келе жатқан қызметі өзінің лайықты жоғары бағасын алып келеді. Мұғалiмдiк, әдістемелік кабинет әдіскері, мектеп директоры - жауапты қызметтерден тұратын өмiр жолы кейiнгi жас буынға үлгi боларлықтай тарих.
Аликов Рақымберді Жақияұлы – қарт ұстаз, соғыс және еңбек ардагері. Ол Павлодар қаласы мектептерінің шежіресінде ұзақ жылғы жемісті де нәтижелі еңбегі үшін алтын әріппен жазылып қалған есім. Қатардағы мұғалімнен бастап мектеп директорлығына дейін көтеріліп, өскелең ұрпақты оқытып – тәрбиелеу жолында ұзақ жылдар қызмет атқарды. Рақымберді Жақияұлы бар ғұмырын білім беру саласына арнап, барлық күш – жігерін өз саласына арнаған абзал жан. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне үлес қосып, елімізге танымал көптеген азаматтарды тәрбиелеп, өсірген ел ағасы.
Ерен еңбегінің арқасында халық арасында беделі жоғары, абыройы биік, мерейі үстем болып, ұзақ жылғы табысты қызметі үшін КСРО –ның және Қазақ КСР – нің білім беру үздігі. Отан соғысының көптеген орден –медальдарының иегері. Павлодар қаласының құрметті азаматы. Облыстық деңгейдегі дербес зейнеткер.


