«Павлодар қаласының № 13 жалпы орта білім беру мектебі» ММ
Павлодар қ., Ломов көш., 45/1
34-09-95, 34-09-89, 34-09-92
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Бір жылда2982709
Бір айда220541
Бір аптада53189
Кеше7990
Тәулік13279
Естественный цикл
Лаура Жұмабекқызы Асқарова
Лаура Жұмабекқызы Асқарова

Сабақ мазмұнын, оның нысанын, әдіс пен тәсілдерін ойланып таңдайтын, сабақ алдына қойылған талаптарын ескере отырып, нақты құрылымы мен ұйымдастырылуымен ерекшеленетін заманауи сабақтарға қойылатын талаптардың барлығын шеберлікпен меңгерген және ғылыми-теориялық дайындығы жоғары деңгейлі ұстаз. 2015 жылы тарих сабағында үш тілді қолдану бойынша жобаның қатысушысы.

Қамария Мутапқызы Тоқпанова
Қамария Мутапқызы Тоқпанова

Бірінші санатты биология пәнінің мұғалімі. Өз ісінің шебері.

Биологияны тереңдетіп оқудың қалалық шығармашылық топтың мүшесі.  "ЭВРИКА" атты оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшісі болып табылады. 6 - 9 сыныптарға арналған биологияны тереңдетіп оқу бағдарламасының авторы.

Тереңдетіп оқуға арналған «Лабораториялық жұмыстар. Биология, 6-сынып» құралының авторы.

 Биологияны 6 сыныпта тереңдетіп оқуға арналған «Тематический контроль знаний» құралының авторлар құрамының бірі.

Светлана Юрьевна Кадакова
Светлана Юрьевна Кадакова

Бірінші санатты география пәнінің мұғалімі, өз ісінің шебері, оқу үрдісінде дамыту технологияларды қолданады. 2006 жылдан бастап жаратылыстану циклі әдістемелік бірлестігінің жетекшісі болып табылады.

2009 жылы қалалық интернет-фестиваль сайысына қатысып, 3 орынға ие болды,  АКТ технологияларды қолданып өткізген сабағы 1 орын алды. 2009 жылдың желтоқсан айында  «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» атты облыстық сайысына қатысты. Оқушыларды жақсы көреді, олар ризалықтарын үнемі білдіреді.