Сенім телефоны
7182 509043
email: schol_13.pavl@mail.ru
Мекенжайы: 140008 Павлодар қаласы, Ломов 45/1 көшесі.
Қабылдау бөлімі: 7182 31-65-93; Директор: 7182 31-65-12; Бухгалтер: 7182 31-63-19;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Әр күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда3056420
Бір айда318999
Бір аптада86268
Кеше18032
Тәулік28035
Мектептің алтын Есімдері

Ұстаз өмірінің мәні жеңіл: барлығын оқытады,барлық жерде оқытады, әр қашанда оқытады.

Әділеттікке,шындыққа,жауапкершілікке үйрететін Ұстазды кездестіру-үлкен бақыт. Адам болуға үйретеді. №13 орта мектептің математика мұғалімі Галина Васильевна Роганская әрқашан да осындай болған және осындай болып қалады.Галина Васильевна педагогикалық қызметке 40 жылдан аса өмірін арнаған,қазіргі уақытта зейнетақы демалысында. Өз пәнін абсолютті білу және оны оқушыларға түсіндіре білу.Барлығындағы қаталдық,киімнен бастап жұмысқа деген көзқарастығы,сенімділік тудыратын дауысы міне мен Галина Васильевнаны есімде осылай қалдырамын. Жіңішке психолог, ол біздерді,оқушыларды өмірлік жолға бағыт беріп мен институтты бітіріп мектепке мұғалім болып келгенде педагогикалық қызметте қамқоршы болды. Осы педагогтың ақылдылығының арқасында көп нәрсеге үйрендім. Қазіргі уақытта Галина Васильевна зейнет демалысында.Төрт бала тәрбиелеген,қазір немерелеріне мәз. Мен Лев Куклинның "Бұрынғы ұстаздар" атты тақпағы Галина Васильевна Роганская сияқты адамдардың қызметі мен өмірін суреттеу деп санаймын.:  

Разными были учителя

В человеческом общежитии,

Но на них держалась наша земля,

Наши открытия…

Они не ожидали от нас

Непременной известности,

Но предпочитали известный запас

Порядочности и честности.

Многие морщились от болтовни,

Пустопорожней бойкости,

Личным примером учили они

Элементарной стойкости…

Имели крепкий душевный костяк,

Уважали призвание.

Некоторые – заслуженные, прочие – так,

Без всякого звания.

Охраняли нас – спасибо скажи! –

В годы немыслимой сложности.

И – в большинстве! – избегали лжи

По мере возможности.

Когда постигнешь, что в личной судьбе

Не все теоремы докажутся, -

Старые учителя тебе

Такими родными покажутся!

Незримо поддерживают плечом –

Птенцов из своего племени.

Поговорить с ними – и есть о чём!

Да всё как-то нет времени…

Выросли школьные тополя.

И мы живём, не теряемся:

Нынче сами – учителя.

Как умеем – стараемся…

№13 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Н.Кулик

Симбирцева Людмила Алексеевна

1926 жылдың 8 тамызында Славянск қаласында , Донецк ауданында.

1936 жылы Донецк ауданындағы Красный Лиман қаласына көшті. 1941 жылы Людмила 7- сыныпты бітірді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде темір жол жұмысшылары, отбасылармен бірге, басқа жерге көшірілді. Луневтер отбасы Грозный қаласына жіберілді. 1944 жылы отбасы Славянск қаласына оралып, 1945 жылға дейін Людмила Алексеевна кадр бөлімінің инспекоры болып, бұзылған ғимараттарды өз қалпына келтіруге көмектесті. 1945 жылы Киевтегі типографиялық техникумына түсті. 1946 жылдан бастап Киевтегі №101 мектепте пионер жетекшесі болды. 1949-1952 жылдары Киевтік Мемлекеттік мұғалімдер институтын, орыс тілі мен әдебиет мамандығы бойынша аяқтады. Ұлмен қыз көрген соң мектепте орыс және украин тілдерімен әдебиетін береді. 1959 жылдың тамыз айында Павлодар қаласына көшіп келді. 1959-1960 жылдары №1 мектеп- интернатында тәрбиеші. 1960- 1965 жылдары №12 мектепте жоғары сыныптардағы оқу ісінің меңгерушісі. 1965 жылдың тамызынан 1973 жылдың маусымына дейін №18 мектеп директоры болып тағайындалды. 1969-1972 жылдары Павлодарлық педагогикалық институтында сырттай оқыды. 1973 жылдың 20 маусымынан 1983 жылға дейін №13 мектеп директоры болды. «ҰОС сіңірген еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдармен иеленді.
Михайлова О.И.

Михайлова Ольга Ивановна

1922 жылдың 30 маусымында Павлодар облысында Подстепное ауылында дүниеге келді.

Ольга Ивановна жұмысшылар обасында тәрбиеленді. Институтті бітіріп, Павлодарский ауылында мектпеп ашып, сонда жұмыс істейді. Сол мектепте 1958 жылға дейін істейді. 1958 жылда Павлодар қаласына көшіп №13 мектепке орналасады. Осында 1970 жылға дейін жұмыс істеді. 1961-1970 жылдары сол мектептің директоры болды. Содан соң 7 жыл №18 11- жылдық қатал тәртіп кешкі мектебінде істеді. Сол жұмыс орнынан 1977 жылы зейнеткерлікке шықты. Өз алдына дұрыс мақсат қоя білуі, ұйымдастырушылығы Ольга Ивановнаға мақсатына жетуге көмектесті. Дара тіл табуы жоғары нәтижелерге жеткізді. Үш қыз тәрбиелеп, оларға жоғары білім беріп, осы күнге дейін ақылгөй болып келеді. Ұстаздық еңбек ардагері, халық білім озаты. ҰОС-на қатысқан еңбегі үшін медалі, көптеген алғыс хаттармен мадақтамалары бар.  
Выжутович И.Ф.

Ирина Фёдоровна Выжутович

1929 жылдың 21 қаңтарында Павлодар облысындағы Спартак кохозында дүниеге келді.

Анасы, Нина Павловна Кожурина, ауылдық метепте, ал содан соң №13 ЖОМ мұғалім болды. Ленин Орденімен марапатталған. Әкесі, Федор Алескеевич Кожурин, сол ауылдық мектеп директоры болды. Көп балалы отбасында тәрбиеленді. Балалар тату болып, ата- аналарына, бір- біріне көмек көрсетіп жүрді. Мектеп бітірген соң Ирина Федоровна Облыстық кітапханасындағы курстарына түседі. Ал 1951 жылы №13 метепке кітапханашы болып келеді. Зейнеткерлікке шыққан соң да 1993 жылға дейін зертханашы болып істейді. «Еңбек ардагері» атағына ие болды. Қазіргі күнде Ирина Федоровна Вытужович құрметті демалыста, немерелерімен шөберелерін тәрбиелеуде
Гарусова Н.И.

Нина Ильинична Гарусова

1930 жылдың 20 мамырында Сібірде дүниеге келді.

1936 жылы Павлодарға отбасымен көшіп келді. Соғыстан кейінгі жылдары Нина педагогигалық училищесін бітіріп, ауылға көшті. Бір жылдан соң Павлодарға қайтып келіп, зейнеткерлігіне дейін №13 мектепте география, биология пән мұғалімі болды. Нина Ильинична өз жұмысын өте жақсы көрді. Әрқашанда сыныпта, өзі жақсы көретін оқушылары, жақсы көңіл-күймен тосатын. Ол әр оқушымен әріптестерне ыңғайларын табатын. 1985 жылы Нина Ильинична зейнеткерлікке шықты. В.И.Лениннің 100 жылдығы қарсаңында айбынды еңбегі үшін марапатталды.
Гарусова Л.С.

Лидия Семёновна Гарусова

1930 жыдың 25 мамырында Брянск облысында, Новозымбековский ауданында, Несвоевка ауылында дүниеге келді.

1934 жылы отбасы Қазақстанға көшіп келді. Соғыс жылдары №13 жетіжылдық мектебін бітіріп, содан соң Варварский атындағы педагогикалық училищесінде оқыды. 1950-1951 жылдары кішігірім мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып істеді. 1952 жылы сол мектеп жабылғандықтан №13 мектебіне ауысты. 1951-1956 жылдары Крупская атындағы Семей Мемлекеттік Мұғалімдер институтын сырттай оқып, география мен жаратылыстану маманы болды. 1952-1958 жылдары, зейнеткерлікке дейін, №13 мектепте биология мұғалімі болып істеді. Жұмыс барысында көптеген мадақталармен марапатталды.

Галина Васильевна Роганская

1935 жылдың 3 қазаңында Павлодар қаласында дүниеге келді.

Галина Васильевна жақсы көпбалалы отбасында тәрбиеленді. Павлодар қаласының №4 мектебін бітіріп, Павлодарлық педагогикалық училищесіне түсті. 1954 жылы оқуын аяқтап, үздік дипломына ие болды. Сол жылы Новосибирск Мемлекеттік педагогикалық институтына емтихансыз түсіп, 1958 жылы бітірді. 1958 жылдың қаңтар айынан бастап №1 мектебінде жоғары сыныптарында сызу пәнін жүргізді. 1959-1997 жылдары №13 мектепте математика мұғалімі болды. Зейнеткерлікке шыққан соң да 7 жыл жұмыс істеді. Көпжылдық сіңірген еңбегі үшін мадақтамалармен марапатталды. №13 орта метептегі жұмыс өтілі 45 жыл құрайды.
Баймурунова Н.Б.
 

Нұржамал Баталқызы Баймурунова

1950 жылдың 1 қыркүйегінде Павлодар облысының Щербақты ауданы, Сарман ауылында дүниеге келді.

Көпбалалы отбасында жалғыз қыз болып тәрбиеленді. Көп жылдар бойы №13 ЖОМ математика мұғалімі болып еңбек етуде. Бұл адамды тәрбиешілермен қатар ата- аналар да құрметтеп, қадірлейді. Мектеп бітірген соң Павлодарлық педагогикалық институтына, сырттай бөліміне, оқуға түседі. Осы оқуымен қатар Сосновка мектебінде жұмвс істейді. 1979 жылы Нұржамал Баталқызы Павлодар қаласына көшті. Осы жылдар бойы өз пәніне ерекше мән беруде. Бүкіл өмірімен ұмтылулары №13 мектеппен байланысты, өйткені осы мектепте жеке тұлға, ұстаз ретінде қалыптасты. Еңбекқорлығымен ұмтылулығы арқылы қаладағы атағы шыққан математик- мұғалімдердің бірі. Қайратты, көп жұмыс істеп барлық жерде үлгереді. «Математикадан берген білімдеріне, балалық шақ, мектептегі кездердегі тамаша еске түсірулер үшін үлкен рахмет»- деп, оқушылар айтады.
Бехтольд В.А.

Валентина Александровна Бехтольд

1950 жылдың 22 ақпанында Семей облысында, Бесқарағай ауданында, Бұрас ауылында дүниеге келді

Валентина Александровна, 1967 жылда Бесқарағай ауданындағы, Бұрас ауылындағы мектепті бітіріп, Семейдегі Абай атындағы кітапханалық техникумға түседі. 1969 жылы оқуын аяқтап, Павлодар қаласына бағыт алады. Ұзақ уақыттай №2 К.И.Чуковский атындағы балалар кітапханасында жұмыс істеп, №13 метеп ұжымымен жұмыс істей бастады. 1974 жылы Гайдар атындағы ОБК әдіскер болды, 1976 жылы көздері нашар көретін облыстық кітапханада жұмыс істеді. Талай рет Қазақстан қалаларына іссапармен баратын. №13 мектеп кітапханасында үлкендермен кішілерді қабылдағанына 23 жыл болып қалды. Мектеп кітапханасы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын дайындау кезінде, сыныптан тыс іс-шараларда сияқты кездерде үлкен көмек көрсетеді. Жалпы жұмыс өтілі- 40 жылдан астам.
Эрнст Л.П.

Лариса Петровна Эрнст

1947 жылдың 5 шілдесінде Павлодар қаласында дүниеге келді

Лариса Петровна тату, үлкен отбасыда тәрбиеленді. Бала кезінен мұғалім болуды армандаған. 1971 жылы Павлодарлық педагогикалық бастауыш сынып мамандығы бойынша оқуға түсті. Бірінші он жыл №34 балабақшада тәрбиеші болды, ал содан соң №67 балабақшада. 1981 жылы №26 мектепебіне бастауыш сынып мұғалімі болып орналасты. Бірінші сынып оқушыларымен қиын болғанмен, бұл кісіге өте ұнайтын. Жұмыс бабында үлкен әріптестерімен қайырымды ата- аналар көмекке келетін. 1991 жылы №13 кішкентай мектепке келді. Осы мектепте жұмыс істеген жылдар аралығында 8 түлектер болды. Оқушылардың көбі жоғары білім алды. Осы күнге дейін олар бірінші ұстаздарын ұмытпай барлық мерекелермен құттықтайды. Көптеген мақтау қағаздармен, мадақтамалармен марапатталса да, ең жоғары сыйлық- әрқашанда өзін ұмытпайтын оқушылары деп есептейді.  

Валентина Митеновна Ахметова

1947 жылдың 4 сәуірде Новосибирск облысында, Купинск ауданында, Метелево ауылында дүниеге келді

1947 жылы Қазақстанға, Железинск ауданына, Михайловка ауылына көшіп келді. 1962 жылы, 8 сынып бітіріп, Павлодарлық педагогикалық училищесіне түсті. 1966 жылы Победенск мектебінде жұмысын бастайды. Бұл мектепте 5 жыл істеп, 1971 жылы тұрмыс құрып, Жолтаптық ауылына көшеді. Онда педагогикалық қызметін оқу болімінің меңгерушісі болып жалғастырады. 1979 жылы Павлодар қаласына көшіп, №13 мектепке бастауыш мұғалімі болып орналасты. Біздің мектепте зейнеткерлік жасына дейін жұмыс істеді (2005 жыл). 2005 жылдан бері №15 ЖОМ жұмыс істеуде. Көптеген алгыстары бар.  
Горобец Г.А.

Галина Александровна Горобец

1946 жылдың 16 желтоқсанда Свердловск облысында, Вехотурья станциясында дүниеге келді

1965 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша Свердловск педагогикалық училищесін бітірді. Свердловск облысында математика мұғалімі ретінде өз жұмысын бастады. Онда 3 жыл істеп, Қазақстанға, Павлодар қаласына көшіп, №13 мектепте өз педагогикалық қызметін жалғастырды. 1989 жылы математика мұғалімі мамандығы бойынша Павлодарлық педагогикалық институтын сырттай бітірді. Жалпы жұмыс өтілі 38 жыл, оның 12 жылы оқу бөлімінің директор орынбасары болды. 2004 жылы зейнеткерлікке шықса да, жұмысты тастамайды. Өз адал еңбегі үшін талай рет алғыс хаттармен, мадақтамалармен марапатталған.

Тамара Геннадьевна Островская

1934 жылдың 11 сәуірінде Павлодар облысында Северный ауылында дүниеге келді

1948 жылы мектеп бітіріп, Павлодарлық педагогикалық училищесіне түсті. 1952 жылы емтихансыз Семей педагогикалық институтының физико- математикалық бөліміне түсті. 1956 жылы институттан соң Павлодар қаласындағы №13 мектепке математика мұғалімі болып бағытталды. 1970 жылы №17 мектептің оқу- тәрбие жұмысының директор орынбасары болып ауыстырылды. Онда 9 жыл жұмыс істеді. 1979 жылы №13 мектепке оралып, зейнеткерлік жасына дейін істеді (1990 ж.). Жұмысындағы барлық жетістіктері- өз жұмысына деген адалдықтың нәтижелері.

Надежда Васильевна Втюрина

1933 жылдың 21 қарашасында Костромская облысында Михайловский ауданынының Знаменка ауылында дүниеге елді

1940 жылы ата- аналарымен Алтай крайына, Белоярский ауылына көшті. Әкесі тракторист, анасы- үй иесі болды. Көпбалалы отбасында тәрбиеленді. Совхозда орта мектебін бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі болды. 1950 жылы жолдас қызымен целинаға (Бұхтарма ГЭС-ның құрылысына) кетті. 1962 жылы Баянауыл педагогикалық институтына түседі. 1967 жылы, оқуын бітіріп, орыс тілі және әдебиет мұғалімі ретінде Первомайск ауылына бағытталады. 1969 жылы ата- аналарымен Павлодар қаласына көшіп, халықты жұмысқа орналастыру инспекорының жұмысына орналасады. 1971 жылдың қыркүйек айында орыс тілі және әдебиет мұғалімі болып, №13 мектепке ауысады. 1993 жылы зейнеткерлікке шығып, тағы 4 жыл жұмыс істеді. Надежда Васильевна көптеген мадақтамалармен марапатталды.  
Поченигина Р. И.

Рахиль Иссаковна Поченигина.

1921 жылдың 16 қыркүйегінде Украинада, Золотонош қаласында дүниеге келді

Рахиль Иссакова көпбалалы отбасында тәрбиеленді, әкесі есепшот адам болған, ал анасы балалдарды тәрбиелеумен айналысқан. Мектеп бітірген соң Николаев қаласындағы педагогикалық институтына түсті. Балаларды сүйгендіктен ұстаз мамандығын таңдаған. 1963 жылынан бастап №13 мектепте орыс тілі және әдебиет пәнін жүргізді. Өзіндегі бар білімін балаларға жан- жақты жеткізуге тырысатын. Рахиль Иссаковна жанды, қайырымды адамдардың бірі. Адамның көңіл-күйін тек бір қарағаннан ғана түсінетін. Көмек көрсетуге әрқашанда дайын болатын. Өз адал еңбегі үшін талай рет алғыс хаттармен, мадақтамалармен марапатталған. 1976 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста.

 

Валентина Алексеевна Шопинская

1945 жылдың 2 қыркүйегінде Семей облысының, Бурас ауылында дүниеге келді.

1959 жылы Павлодар қаласының № 8 мектебін бітіріп, Павлодар педагогикалық училищесіне түсті. Училищені бітіріп, 7 ай № 1 балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеді. Павлодар облысы, Майқайын ауданынының Киров орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасады. 1971 жылы қаңтар айынан бастап Майқайын ауданының Белогоре орта мектебіне ауыстырылды, осы жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. 1973 жылы оқу ісінің меңгерушісі, 1975 – 1981 жылы Қызыл-Құрама ауылындағы Амангелді орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1982 жылы 1 қаңтардан бастап, Белагорье орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, 1987 жылы ОТЖ жөніндегі директор орынбасары. 1999 жылғы 1 қыркүйегінен бастап 2009 жылғы 31 тамызына дейін № 13 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеді. Білім беру бөлімінің мадақтамалармен марапатталды, бірнеше рет алғыс жарияланды. 1986 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Ожикова В.С.

Валентина Семеновна Ожикова

1950 жылдың 26 тамызында Павлодар қаласында дүниеге келді

1972 жылы Павлодар музыкалық училищесінің хор дирижоры мамандығын бітірді. 1971 - 1978 жылдары музыкалық студияда музыка мұғалімі және «Иртышские чайки» би ұжымының концертмейстері. №3,12 балабақшаларда музыка жетекшісі ретінде 13 жыл жұмыс істеді. Содан кейін, № 13 ЖОМ музыка мұғалімі ретінде жұмысқа келді.

2001 жылы «Балауса» сайысына қатысқаны үшін Павлодар қаласының басқармасының алғыс хатымен марапатталды, «12 мектеп сәті» театр жанырында қалалық фестивалінің лауреаты, мектеп гимнінің авторы, «Қарлығаш - 2008» мектеп жанындағы лагерьді сапалы ұйымдастырып, дайындағаны үшін мадақтамамен марапатталды.

Валентина Семёновна Павлодар ақындарының өлеңдерінің әнін жазады. 2008 жылы зейнетке шықты. Жалпы өтілі 39 жыл.