Сенім телефоны
66-96-82
email: schol_13.pavl@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Ломов 45/1 көшесі.
Қабылдау бөлімі: 31-65-93; Директор: 31-65-12; Бухгалтер: 31-63-19;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда2776248
Бір айда224547
Бір аптада31326
Кеше1947
Тәулік852
Мектеп психологі

 ψ

Қадірлі достар!

Бұл бетті жүргізетін мектептің психолігі – В.Г.Артюхова.

 

    Бұл бетте психологиялық қатынас, қарым-қатынас өзін тану, өзін таныту сұрақтар бойынша материалдар орналасқан. Осы бетте  сіздерге қызықты материалдар пайда болуын қалаймын. Сондықтан осындай  бетті құруды ұсынамын. Өз сұрақтарыңды, ұсыныстарынды жіберіңіздер.
      Біреуі мамандық тақырыбы бойынша, біреуі жолдас, ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін.

 

Психологтар не үшін керек? Олар кім?

 

1.Миф. Егерде сен психологтан кеңес алсаң –сен жындысың. Психолог пен психиатрды бір мағынада түсінуге болады.
        Шындық-психолог пен психиатрдың айырмашылығы есалаң күн мен жынды үйдей. Дәрігер психиатр ол психикалық ауруларды емдейтін маман (шизофрения).Көбінесе дәр-дәрмек әдісін таңдайды.
  Психолог- сау адамдарға қиын жағдайларда, өмірдің әр кезеңдерінде (оқу мәселесі, отбасындағы қарым-қатынасы, ұжымдағы қарым-қатынасындағы қиындықтар, өмір жолын таңдаудағы қиындықтар, өздігінен даму, даулы жағдайларда, т.б.)
2.Миф. Психологқа тек қана әлсіз, ақымақ адамдар ғана келеді, өз мәселелерін шеше алмайтын адамдар.
       Шындық-психологқа өзінің әдеттерің, өмірің өзгерткісі келетін адамдар келеді. Олар ең сауатты және тура жолды іздейді. Псих\олог адамдарға ондай жолды көрсете алатын маман.Егер де сіздің тісіңіз ауырса стоматологқа баруға ұялмайсыз ғой.
3.Миф. Егер де сен мектепте психологқа жүгінсең, бұл туралы бүкіл мектеп білетің болады.
   Шындық-психологтың ең басты ережесі – құпия түрінде жұмыс істеу. Бұл-сіздің келісіміңізсіз психологқа қандай сұрақпен келгеніңіз туралы ешкім білмейтін болады деген сөз.Оған психологиялық тестілеудің қорытындысы да кіреді.Нақты қорытындысын тек қана психолог қана біледі. Сынып жетекшісіне тек жалпы қорытындысы беріледі. Мысалы (оқушылардың 70%). Тесті жоғары бағамен орындады, 30% орташа бағамен орындады және т.б.

 

Мектептің психологына қандай сұрақтармен жүгінуге болады және жүгіну керек?

 

1.    Оқудағы қиындықтар. Кейбір балалар онша жақсы оқымайды, олардың қалауына сәйкес емес. Бұған көптеген себептер бола алады. Мысалы: нашар сақтау қабілеті, бейқам назар аудару, қалауының аздығы, мүмкін мұғаліммен қатынастың қиындығы мен бүкіл мәселенің қажеттілігін түсінбеуі. Бұл мәселені қалай шешілетіндігі жайлы кеңес беріледі.
2.    Сыныптағы түсіністік. Кейбір адамдар басқа адамдармен тіл табыса алады, тіпті белгісіз ортада да. Ал көптеген адамдарға танысу, тіл табысу өте қиын соғады. Осы мәселені психологтар шешеді.
3.    Ата-аналармен қарым-қатынас. Кейде ата-аналармен тіл табысу және жылы қарым-қатынас жоғалады. Осы жағдайлар ата-анаға да, балаларға да өте қиын соғады. Кейбіреулер бұл мәселені оңай шешеді, кейбіреулерге бұл қиынға түседі. Психолог осы мәселелерді де шешуге кеңес береді.
4.    Өмір жолын таңдау. 9-11 сынып оқушыларында өмір жолын таңдауда сұрақтар туындайды. Егер сіз өз жолыңызды өзіңіз таңдай алмасаңыз психологқа жүгінуге болады. Ол сізге өз арманыды түсінуге,  мақсатына жетуге пихолог кеңестер береді.
5.    Өз-өзін басқару, өз-өзін дамыту. Біздің өміріміз өте қызықты және әр қилы, өйткені біздің алдымызда әртүрлі сұрақтар туады. Олардың көбі үлкен жігерді, әртүрлі өзіндік ерекшеліктер мен әдептерді қажет етеді. Өзіңді басшылыққа, дауды өткізу машақаты, логикалық ойлауды, өзінің өмірін басқаруды, мақсатты қоя білуді және оған жетуді дамытады. Психлолог даму технологиясымен немесе өзіндік ерекшілікпен, әдетпен, икемділікпен танысу және осы технологиямен рахаттанып сізбен бөлісе алады.

 

Егер мектеп психологы тенинг өткізсе- бұл не?

 

    Тренинг (ағылшынша -оқыту және тәрбиелеу) – белсенді оқыту әдісі, икемділікке, әдетке, білімге бағытталған әдіс.
    Тренинг дегеніміз – жаттығу сияқты қорытындысында қалыптасу және икемділікке, әдіскерлікке балау.
    Тренинг – белсенді оқыту формасы. Оның мақсаты: білім беру және икемділікке, әдетке дамыту.
         Тренинг жағдай жасау әдісі, өздігінен мәселені шешу.