Сабақтың тақырыбы: Логикалық тапсырмалар арқылы Р дыбысын айтуға үйрету.
Түзету мақсаты: Р дыбысын шығару және қою.
Түзету міндеттері:
1.Р дыбысын шығару және қою,дыбыстық анализ жасауға үйрету, грамматикалық ұғымды қалыптастыру;
2.Ойлау,көру,есту, логикалық қабілеттерін және саусақ қол моторикасын дамыту;
3.Адамгершілік, жауапкершілік, қарым-қатынастыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: «көпір» суреттері, заттық суреттер, күшік ,трактор,жолбарыс,маймыл, қасқыр ойыншықтары, артикуляциялық жаттығулардың суреттері,дәптер, түрлі-түсті қарындаштар.
|
Ұйымдастыру кезендері |
Логопедтің іс-әрекеттері |
Баланың іс-әрекеттері |
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11 |
Мен бүгін сендерді күшікпен таныстырғым келеді.Ол жаңа-жаңа Р дыбысын айтуға үйреніп келеді. Сендер оған көмектесуге дайынсыңдар ма? Ең алдымен тілімізді жаттықтырып алайық. Мақсаты: Артикуляциялық аппаратты дамыту.
«Парус» жаттығу, Мақсаты: Тыныс алуды жаттықтыру. Күшікпен бірге серуенге барасыңдар ма? Ойын: «Трактор»Мақсаты: Р дыбысын шығару.
Тапсырма: «Көпір».Мақсаты: Логикалық қабілеттерін дамыту.
Ойын: «4-ші артық» Мақсат: балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ойын: «Зообақ».Мақсаты: Логикалық ,есту қабілеттерін дамыту.
Ойын: «Ненің құйрығы?» Мақсат: ойлау қабілетті дамыту.
Маймыл күшіктің құйрығын тартқан кезде, күшік не істеді?Балалар серуеннен оралды. «Күшіктің суреті» дәптермен жұмыс.Мақсаты: Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.
Қортынды: Бүгін қандай дыбысты айтуға үйрендіңдер? Қайда серуенге бардыңдар? |
Иә, күшікке көмектесеміз.
Балалар «Саңырауқұлақ», «Тоқылдақ», «Тісті тазала», «Түтікше», «Бегемот» жаттығуларын айна алдында жасайды. Иә, барамын.
Р-Р-Р дыбысын мақталы таяқша көмегімен шығару.
Мысалы: дәптер –тіктөртбұрышты пішінмен салыстыруға болады; т.б. Мысалы: 4-ші зат жолбарыс артық, өйткені ол жануар емес , ол аң. Р-Р-Р дыбысын механикалық құрал көмегімен шығару.
Қасқырдың, маймылдың құйрығы деп жауап береді.
Күшік ыР-Р деп ырылдады деп жауап беру керек.
Балалар трафаретпен күшіктің суретін салып, оны бояйды.
Күшікке ЫР-Р-Р дыбысын айтуға көмектестік. |
