2018 жылдың 19 маусымында мектептегі жазғы сауықтыру лагерінде кітапхана меңгерушісі Г.Х. Раембекова балалармен "Ойна, ойла!", атты қазақ ұлттық ойындарын тереңінен білу және үйрену үшін, тәрбиелік мәні бар ойын сауық бағдарламасын өткізді.
"Білім маржаны" бейінді отрядының балалары арасында "Ең талантты балалар" атты сайыс өтті. Біздің балаларымыз сурет салады, би билейді және өз қолдарымен бұйымдар жасайды.
2018 жылғы 15 маусымда №1 ЖОМ үлкен өмірге өзінің кезекті түлектерін шығарып салды. Мектеп 11 сыныптың 22 оқушысын шығарды. Мектепті бітіру - кешегі ғана оқушылардың өміріндегі өте маңызды қадам, алдарында жауапты іс - ҰБТ тапсыру, жоғары оқу орындарына түсу және әр қайсы өзінің алдына қойған жоспарларға жету. Ақ жол Сіздерге, 2018 жылғы түлектер!
15 маусым күні "Балдаурен" жазғы сауықтыру лагерінің балалары Достық үйіне барды. Балаларға экскурсия ұйымдастырылып, "Шалқан" ертегісі қазақ, орыс, корей тілдерінде көрсетілді.
"Білім маржаны" бейінді отрядының құрама командасы Астана қ. 20-жылдығына және Павлодар обл. 80-жылдығына орай "Космическая эстафета" атты жазғы қалалық жобасының "Большие старты" шарасына қатысты.
Абильдинова А. Ж. "Бейбітшілік пен келісім" тақырыбында іс-шара өткізді. Балалар медиация туралы түсініктерін молайта отырып, тәжірибе жүзінде көрді.
"Білім маржаны" бейінді жасығының оқушылары арасында Ұлы Жеңіске орай сурет байқауы өткізілді.
1-маусым күні балаларды қорғау күніне арналған орталық жағалаудағы іс-шара.
Тарих пәнінің мұғалімі Жантемирова Гаухар Болатханқызы облыстық "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" ғылыми практикалық конференциясында "Кереку өңірінің тарихын жаңғырту" тақырыбын тереңінен зерделеп, баяндамасын ұсынды. Жұмысы жинақ кітапшасына енді.
25 - мамыр күні "Құлақтың үнін күтпейстей, сыңғырлы қонырау" атты 2018 - жылғы түлектер мен 1 - сынып оқушыларына арналған салтанатты мерекесі өткізілді. 11 жыл бойы мектеп қабырғасында білім жолында биік шыңдарға жетіп, толыққанды тұлға ретінде қалыптасып, мектеп табалдырығын аттағалы отырған 2018-жылғы түлектер вальс биін билеп, білімнің алтын кілтін 10-сынып оқушыларына тапсырды.
Мамырдың 24-жұлдызында "Сыңғырла, қонырау, сыңғырла!" атты 2018-жылғы 2-8 сыныптарға арналған соңғы қоңырау салтанатты мерекесі өткізілді.
Жылсайынғы оқу-дала жиындары аяқталды, біздің балаларымыз 10 сынып оқушылары жауынгерлік рухпен үйге қайтып келді. Бес күн бойы олар армия тәртібі режимінде жаттығып өмір сүрді. Осы уақыт ішінде балалар физикалық және моральдік түрде күш жинай алды және біраз күнге күйіп келді. Біз өз оқушыларымызды мақтан етеміз!
2018 жылы 3-4 мамыр күні Ақтау қаласында "Повышения качества естественно-научного образования в условиях модернизации общественного познания: лучшие практики и инновации" физика, биология, химия және информатика мұғалімдерінің Республикалық форумы өтті. Мектебіміздің физика мұғалімі Жакиенова Ж.О. көптілдік білім туралы дөңгелек үстел талқылауға қатысты.
Қалалық Абай оқулары сайысында "Жүйректен жүйрік озар" номинациясынан 2 дәрежелі диплом иегері 4 Б сынып оқушысы Қайдар Аяжан болды.
5-7 сынып оқушылары "British Bulldog" бүкілресейлік сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
2018-2019 оқу жылы №1 ЖОМ "Интеллектум" үйірмесін ашу жоспарлануда. Зияткерлік үйірмелерді ұйымдастыру және жүргізу жөнінде бастауыш сынып мұғалімдерімен теориялық семинар жүргізілді.
Жаратылыстану-математикалық апталығы шеңберінде мектеп жаттықтырушылары Н.В.Милейко және С.В.Прохоренко "Интербелсенді әдіс-тәсілдер" атты коучинг жүргізді. Коучинг мақсаты - мұғалімнің оқуда интербелсенді әдістері мен түрлерін саналы таңдауына себеп болу. Жаңа әдістер меңгерілді, сабақтың барлық кезеңдерінде жетілдірілді, позитивті кері байланысқа ие болды.
