Павлодар қаласы білім беру бөлімі Ауғанстан жауынгерлерін шығаруына арналған ауған әндерінің фестиваль-сайысын өткізді. Мектебіміздің оқушылары финалға өтті. Жарайсыңдар! Жеңіске жетуін тілейміз!
Финалдық туры 2018 жылы 15 ақпанда Достар үйінде өтеді.
6А сынып оқушылары М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының пресс-орталығы өткізген "Что? Где? Когда?" атты медиа-ойынына қатысты.
8 "А" сынып оқушысы Афанасьев Андрей Петропавловск қаласында спорттық акробатикадан ҚР халықаралық турнирында жүлделі орынға ие болды.
Жарайсың! Құттықтаймыз!
15 қаңтар күні мектебімізде "Павлодар облысының 80 жылдығына" арналған бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында ерекше назар Павлодар қаласының тарихи тұлғаларына аударылды. Бұлар Бұқар-Жырау -350 жыл, Мұса Шорманов- 200 жыл, Мәшhур Ж.Копеев- 160 жыл, С.Торайғыров-125 жыл, Е.Беркімбаев-150 жыл.
5-11 сынып оқушылары баяндамалар, тұсау кесерлер дайындап туған өлкенің тарихы туралы сұрақтарына жауап берді.
2018 жылы 10 қаңтарда педагогикалық кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауымен таныстыру жұмысы жұргізілді. ӘБ отырысында болашақтың өркендеуі үшін нақты жеті қадам туралы мұғалімдердің пікірлері тыңдалды. Мұғалімдер Қазақстанның жаңа даму стратегиясын және оның қадамдарын толық қолдады. "Біздің біліміміз халықаралық стандарттарына сәйкес болуына тырысады-деп айтылады".
Қызылорда қаласында өткен волейболдан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатында Павлодар облысы атынан мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы қатысып алтын чемпион атағына ие болды. Құттықтаймыз!!!
Тәуелсіздік күні мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткен "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" атты республикалық оқушылар ерекше шығармашылық дарынымен көзге түсті. 5 "Ә" сынып оқушысы Батырхан Нұрайым мен 6 "Ә" сынып оқушысы Байкин Диастың жұмыстары үздік шығармалар жинағына енгізілді. Байкин Диас "Жас Ақын" номинациясына, Батырхан Нурайым "Үздік шығарма" номинациясына ие болды. Республикалық сайысқа шәкірттерін дайындап қатыстырғаны үшін мұғалімдері Балагазинова К.Т. алғыс хатпен марапатта
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе...
"Маша және оның достары" ертегісі "Балдырған" шағын орталығының бүлдіршіндері тамашалады. Ертегі кейіпкерлерімен бірге өлең оқып, ән айтып Аяз Атаның тәтті сыйлықтарына иеленді. Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
5-7 сынып аралығында орта буын оқушылары аралығында "Жаңа жылдық шырша - 2018" мерекесі өтті. Балалар түрлі сайыстарға қатысып Аяз Атаның сыйлықтарына ие болды.
2017 жылы 27 желтоқсан күні 1-4 сынып аралығында мектебімізде "Жаңа жылғы шырша - 2018" мерекесі өтті. Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен!!!
"Абайлаңыз, көк тайғақ!" тақырыбына сынып сағаты өтті. Балалар бейне ролик көріп, қысқы мезгілде жол ережесі туралы сөйлесті.
Павлодар қаласының прокурор көмекшісі А.С.Жексенова қылмыстық жауапкершілік тақырыбына жоғары сынып оқушылар аралығында кездесу-әңгіме жүргізді.
Мектеп мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өткізілді.
Мектеп рәміздер залында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мектеп фойесінде 1-4 сыныптарға арналған суреттер көрмесі рәсімделді.
Құрметті әріптестер, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді шын жүректен еліміздің ең басты мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Әр отбасыға денсаулық, амандық-саулық, молшылық және бейбітшілік тілейміз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде 8-10 сыныптар аралығында әскери-спорттық эстафета өтті.
Бірінші орынға 10а сынып оқушылары, екінші орынға 8а және 8б сыныптар, үшінші орынға 9а сынып иеленді. Ең мықты және батыл 8б сынып оқушысы Матвеев Вячеслав атанды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау шеңберінде рәміздер залында "Жас Қыран" және "Жас Ұлан" қатарына бастауыш және орта буын оқушыларын қабылдау рәсімі өтті. Құттықтаймыз!!!
11а сынып оқушысы Паламарчук Дарья қалалық олимпиадада биология пәнінен 2 орынға иеленді. Құттықтаймыз!