1-11 сыныптар аралығында жұма күні "Ұлы дала елі" атты сынып сағаттары өткізілді.
Үзіліс балаларға да, мұғалімдерге де демалыс уақыты. С.Қ.Қизаттың жетекшілігімен кіші сынып оқушылары үзіліс кезінде "Алтын асық" ұлттық ойының ойнап демалады.
1 "Б" сынып оқушысы Ибрай Инжу Облыстық "Зерде" ОҒҚ конкурсында 3 орын алынды. Құттықтаймыз!
3 сынып оқушысы Әділнұрқызы Аяла 1-7 сынып оқушылары арасындағы "Зерде" 13 республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсында облыстық кезеңінің жүлдегері атанып, 2 дәрежелі дипломға ие болды.
Күзгі демалыста 3б сынып оқушылары "Алиса в стране чудес" спектаклін тамашалауға Оқушылар сарайына барып қайтты.
Күзгі демалыста технология мұғалімі Перфильева Т. И. 9а сынып оқушыларына "Өз қолдарымен жасаймыз" атты шебер-сынып өткізді. Балалар қазақ оюларын тігуді үйренді.
А.А.Сагумбаева орыс тілі мұғалімі 6 "А" сыныбында "Менің отбасым" атты викторинасын өткізді.
Бастауыш сынып оқушылары арасындағы математикалық турнирдің үздік жеңімпазы командасына 1 жалпы орта білім беру мектебінің 4 "Б" сынып оқушысы Бәкібек Алдияр және 3 "Б" сынып оқушысы Закариянов Мирас, 2 "Б" сынып оқушысы Батырхан Тамила марапатталды. 2 лигада 2 дәрежелі диплом алды.
Күзгі демалыстарда 5а сынып оқушылары Ш.Айманов атындағы кинотеатрына "Соңғы батыр" фильмін тамашалауға барды.
2017 жылы 31 қазанда 5-6 сынып оқушылары "Алтын микрофон 2017" облыстық іс шараға белсене қатысты.
2017 жылы 31 қазанда "Үй тапсырмасын ұйымдастырудағы жаңа көзқарастар" атты тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді. Әр ӘБ 1,2,5,7 сыныптарда үй тапсырмасын ұйымдастыру мәселесі жөнінде сөз сөйледі.
Біздің 8а сынып оқушылары "Петроглифы археологического ландшафта Тамгалы" тақырыбына тарихи орындар жөнінде интербелсенді тарихи экскурсияға қатысты.
1-4 сынып аралығында "2017 Алтын күз" өтті.
1 "Б" сыныбы - бірінші орынға иеленді.
2 "Б" сыныбы - Гран-при номинациясына ие болды.
Құттықтаймыз!
2017 жылы 20 қыркуйек күні 1-11 сыныптар аралығында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" атты сынып сағаттары өтті.
5-7 сынып аралығында "Алтын - Күз 2017 " мейрамы өтті. 5 "А" мен 5 "Ә" сыныптары бірінші орынға иеленді.
Құттықтаймыз!!!
1-11 сыныптар аралығында мектепте төтенше жағдайлар жөнінде эвакуация бойынша жоспарланған оқулар жүргізілді.
Татьяна Ивановна Перфильева - технология мұғалімі «Үздік авторлық бағдарлама - 2017» республикалық конкурсының қалалық іріктеу кезеңіне қатысып, финалға жетті.
2017 жылғы 8 - 9 қараша күндері Алматы қаласының «Алатау» шипажайында республикалық конкурсы финалы өткізіледі.
1-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" 13 Республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңінде 3 сынып оқушысы Әділнүрқызы Аяла 3 дәрежелі дипломымен марапатталды.
Біздің мектеп кітапханасында қазақ тілінде аудио-дискілер және көркем әдебиет
кітаптарының жаңа түсілімі.
