5-7 сынып аралығында "Алтын - Күз 2017 " мейрамы өтті. 5 "А" мен 5 "Ә" сыныптары бірінші орынға иеленді.
Құттықтаймыз!!!
1-11 сыныптар аралығында мектепте төтенше жағдайлар жөнінде эвакуация бойынша жоспарланған оқулар жүргізілді.
Татьяна Ивановна Перфильева - технология мұғалімі «Үздік авторлық бағдарлама - 2017» республикалық конкурсының қалалық іріктеу кезеңіне қатысып, финалға жетті.
2017 жылғы 8 - 9 қараша күндері Алматы қаласының «Алатау» шипажайында республикалық конкурсы финалы өткізіледі.
1-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" 13 Республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңінде 3 сынып оқушысы Әділнүрқызы Аяла 3 дәрежелі дипломымен марапатталды.
Біздің мектеп кітапханасында қазақ тілінде аудио-дискілер және көркем әдебиет
кітаптарының жаңа түсілімі.
Қаланы аббаттандыру бойынша айлық аясында біздің 5-11сынып оқушылары мектеп ауласын тазарту жұмысына белсене қатысады. Психолог пен мұғалімдердің айтуынша, сенбілік жұмыстарына қатысудың пайдасы зор. Бұл ауқымды емес, бірақ жауапты іс адамды еңбекке баулиды, тәртіпке тәрбиелейді. Бала тәрбиелеуде таза ауада атқарылатын жұмыстар аса маңызды. Өзгелердің еңбегін бағалауға үйретеді.
"Жақсылық жаса" науқаны жалғасуда. Мектеп оқушылары Қарттар күніне орай біздің еңбек ардагерлерін құттықтады.
Қарттар күніне орай мектебімізде педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналған мерекелік концерт жүргізілді.
С.Қ.Қизаттың жетекшілігімен №1 ЖОМ командасы футболдан қалалық турнирінде 2 орынға иеленді. Құттықтаймыз!
Искаков Диас - үздік ойыншы атағына ие болды.
5-11 сынып оқушылары Ұстаздар күніне арналған қабырға газеттер көрмесін ұйымдастырды.
Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да, ұстаз болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім-нұрға билетіп.
Жүрсің-дағы шәкіртке сыр үйретіп.
Жалқаулық пен еріншектік танытпай,
Жауһар білім іздетесің...
ЖЖЕ айлығы шеңберінде бастауыш сыныптар аралығында жолда жүру ережелерімен таныстыру сабақтары өткізілді.
№1 Жом командасы мұғалімдер арасындағы 47- ші қалалық спартакиада бағдарламасында шахмат бойынша 1 орынға иеленді. Құттықтаймыз!
Мектебімізде 1-5 сынып оқушылар аралығында "Жол Журу Ережелері" жөнінде айлық жургізілуде.
2017 жылы 16 қыркүйек күні мектебімізде 1-11 сынып аралығында "Денсаулық күні" жалпы мектепшілік іс-шара жүргізілді.
Мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Ж.О.Жакиенова В1 ағылшын тілін меңгеру деңгейінің халықаралық сертифиуатына және физика пәнін ағылшын тілінде оқытуына құқық сертификатына ие болды. Құттықтаймыз! Болашақта табыс тілейміз!
Білім беру басқармасының тапсырысы және бастамасы бойынша 2017 жылғы 14 қыркүйек күні мектебімізде флешмоб пен "Тоғызқұмалақ" ойынының сеансы өткізілді. 1-6 сынып оқушылары қатысты, жалпы 232 оқушы қамтылды. Әр сынып оқу кабинеттерінде ойын сеансын жүргізді.
