2017 жылы 9 қыркүйек күні мектепте ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс тақырыбы "Білімнің жаңартылған мазмұны бойынша 5 күндік оқу жүйесін енгізу".
2017 жылы 8 кыркүйек күні 4 "Б" сыныптың Назарбаевтар отбасы дене шынықтыру мүғалімі С.Қ.Қизат басшылығымен "Папа, мама, я - спортивная семья!" қалалық сайысына қатысып 3 орынға иеленді.
Жарайсындар! Құттықтаймыз!
2017 жылы 31 тамызда мектебімізде "Оқу мен тәрбиенің жаңа сапасына жету үдерісін басқару жаңартылған мазмұнды жүзеге асыру шарты" тақырыбына педагогикалық кеңес өткізілді.
2017 жылы 2 қыркүйек күні 2017-2018 жаңа оқу жылына арналған салтанатты жиын өтті. Алғашқы мектеп қоңырауы сыңғырлады!!!
Құрметті мұғалімдер, ата-аналар!
Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамы...
2017 - 2018 оқу жылына 1 қыркүйегіне арналған салтанатты жиын 2 қыркүйек күні сағат 10.00 өтеді.
Тамыздың 15-нен бастап болашақ 1-ші сынып оқушыларына арналған барлық негізгі пәндер бойынша дайындық сабақтары жүргізілуде, мұғалімі А.Ж. Абильдинова.
Тамыз айының алғашқы күнінен бастап "Мектепке жол" науқаны басталды. Мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог жетім, аз қамсыздандырылған, көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыдағы балаларға көмек көрсету шараларын бастады.
Жоғары және орта буын сынып оқушылары жазғы еңбек жасағында жұмыс жасап қаланың көркеюіне өз үлестерін қосып жатыр.
Мектеп оқу озаттары және аз қамтылған отбасы балалары 23 шілдеде "ЭКСПО - 2017" көрмесіне барып, Болашақ Энергия тақырыбы бойынша көптеген пайдалы мәліметтер алды, ең қызықты саяхаттар - сүйікті мемлекетімізді нақыштатын көрме.
Бүгін "Алтын кілт" лагері маусымының ақырғы күні, балалар ПОЛИГОН-S әскери спорттық квест ойынына барып көңілді күн өткізді. Балаларға лагерьдің аяқталуына орай сыйлықтар берілді.
Жаздың ыстық күні, 13 шілдеде, балалар лагерьдің жоспары бойынша "Нептун" бассейіне барып салқындап қайтты.
11 шілдеде мектеп жанындағы лагерь ішінде "Шебер қолдар" сайысы болды. Бисерлердің көмегімен түрлі әшекейлер жасап, балалар өз шығармашылықтарын көрсетті.
10 шілде күні мектеп жанындағы лагерь балалары Ш.Айманов атындағы кинотеатрға барып, қызықты мультфильм әлемінде болып қайтты
Құлшынған күншығыста жас қалаға,
Батасын берді Алатау бастап алға.
Ақжарқын Азияға нұрын шашқан,
Тілейміз құт, береке Астанаға!
2017 жылы 4 шілде күні 5 "а" сынып кыздары "Экспо - 2017 - Болашақ энергиясы" 6 форумына қатысты.
Бүгін "Алтын кілт" жазғы сауықтыру лагерінің балалары Ш. Айманов атындағы кинотеаторға барып қайтты.
