2019 жылы 20 Қараша күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Өз өлкеңді таны" бастамасын дамыту аясында "Шеберлік шыңы" қалалық сайысынан #21 мектептің мұғалімі Шишлов Максим Иванович ЖЕҢІМПАЗ атанды. Максим Иванович "Павлодар облысының киелі жерлеріне жол көрсетуші" әдістемелік құралын таныстырды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
21 ЖОМ "Балдәурен" әдістемелік бірлестігі бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 1А сыныбында сауат ашу пәнінен "Менің отбасым. Мм дыбысы мен әрпі " тақырыбында ашық сабақ өтті. (Мұғалімі Адилова Қ.Н) Ашық сабақ барысында оқушылар бүгінгі күнге дейін меңгерген білімдерін, оқу жылдамдықтарын көрсетті. Сонымен қатар оқушылардың топпен, жұппен жұмыс жасау, өзін өзі бағалау, бірін- бірі бағалау, кері байланыс жасау дағдыларының қалыптасқаны байқалды. Түрлі ойындар, қызықты тапсырмаларды қызығушылықпен,
#21 ЖОМ-нің жүз алпыс жеті оқушысы Республикалық пән олимпиадасының 1-турының жеңімпазы атанды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
18.11-28.11 аралығында #21 ЖОМ-де АЙНАЛАЙЫН бастауыш сынып ӘБ апталығы басталды. Апталықтың мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының өмірлік-маңызды құзыреттілігін қалыптастыру бойынша жаңашыл өмір құру үшін мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру. Апталық "МЕЙІРІМДІЛІК БІЗДІҢ АРАМЫЗДА" акциясымен ашылды.
15.11.2019 жылы # 21 ЖОМ-нің оқушылары Жастар қызығушылығын дамыту орталығында өткен 3D принтерін үйрену және меңгеру шебер сабағына қатысты.
#21 мектептің тарих пәні мұғалімі Шишлов Максим Иванович музыка, тарих, география, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қалалық өлкетану семинарына қатысып "Павлодар облысының қасиетті жерлеріне жол көрсетуші" арнаулы курсының таныстырылымын көрсетті.
2019ж.14 қарашасында 21 ЖОМ ММ сінде 7 сыныптарға арналған ПАВ алдын алу лекциясы өтті. Лекцияны Павлодар облысының "Психологиялық денсаулық орталығы" медико-психологиялық көмегі қызметінің психологі Небельцова А.А. өткізді.
Осы жылы НЗМ Педагогикалық өлшеулер орталығының мамандары критериалды бағалаудың бөлігі ретінде тапсырмалар мен бағалау құралдарын әзірлеу бойынша онлайн курстарын жасады. Осы онлайн-курс бағдарламасының мақсаты - критериалды бағалау жүйесін енгізу аясында бағалау құралдарын әзірлеу және сараптау кезінде мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру.
9 Б сыныбында КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Бибигуль Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына байланысты сынып сағаты өткізілді.
13.11.2019ж.#21 ЖОМ-де "Менің туым, менің Отаным" акция аясында саптық түзеу өтті.
12.11.2019 ж.#21ЖОМ-нің 5 "Г"сынып оқушылары М.Шамсутдинова атындағы мұражай үйіне барды.
21 ЖОМ-ның 7сынып оқушысы Акмолзод Муниса "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде өткізілген "Мың бала" республикалық мəдени- ағартушылық жобасының "Асыл сөз" мектебі байқауының облыстық кезеңінде Алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!!!
"Жақсылық меннен басталады" әлеуметтік жоба аясында 5"Ж" сынып оқушылары "Көңіл сыйлаймын" акциясына белсене қатысты. Шағын аудан тұрғындарының көбі қолдан жасалған сыйлықтар алды.
#21 ЖОМ-нің 6-сынып оқушысы Серік Алихан "Бір ел-бір тағдыр" қалалық шығармашылық байқауының жеңімпазы атанды (жетекшісі Есмакаева Гульмира Болатрвна). Ол "Журналистика - менің отбасымның бренді" ғылыми жобасын ұсынды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ары қарай жеңіс тілейміз!!!
8.11.2019 ж."#21 ЖОМ"-де 11-сынып оқушыларына Алматы қаласы Алмау университетінің өкілі К.Е.Туяков кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді.
Бүгін мектепте 5-сыныптарда "Құқық, міндет және баланың жауапкершілігі" тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара мақсаты: оқушыларға алғашқы құқықтық білім беру. ҚР Конституциясының негізгі заңдарымен, құқықтарымен және міндеттерімен таныстыру.
2019 жылы 7-қараша күні#21 ЖОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Алпысбаева Жанар Амановна "Өрлеу" БАҰО өткізген "Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құрал" облыстық сайысынан 2-орын алды. Ол қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобының жетекшісі болды, сол топтың жұмысын көрсетті. Құттықтаймыз!!!
07.11.2019 ж. "21 ЖОМ" - де 8-сынып қыздарына "Репродуктивті денсаулықты қорғау" Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәріс оқылды. Дәрісті Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ұсынысы бойынша "Summit Service" орталығының "СӨС насихаттау" жобасының тренері психолог К.Байгожина өткізді.
