Сенім телефоны
32-30-51
email: raduga96pvl@mail.ru
Мекенжайы: Лермонтов к-сі, 97
32-73-06.32-33-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
часы работы: с 9.00 до 18.00, перерыв на обед: с 13.00 до 14.00 прием граждан: среда - с 16.00 до 19.00, пятница -с 8.00 до 11.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
8 Наурыз ертеңгіліктері.
06-03-2013 04:04
8 Наурыз ертеңгіліктері.

Ұзақ қыстан кейін көктемгі мерекелер балалар үшін де, ата-аналар үшін де өте қуанышты және сүйікті мерекелер. Алғашқы болып Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесі келеді. Балабақшада бұл аналардың, әжелердің, қыздардың және барлық әйелдердің мерекесі!

Балабақшаның балалары бұл мерекеге дайындықтарын ерте бастайды, өйткені сыйлық жасау өте жауапты және оңай іс емес. Міне, ертеңгіліктердің де уақыты келіп жетті. Ән-күй жетекшілері мен би үйретуші сценарий құруда өздерінің режиссерлік шеберліктері мен шығармашылықтарын көрсете білді. Бұл мерекелерде Гавай аралдарына саяхат, «Қызыл телепек» ертегісінің жаңа түрі, «Үйшік» ертегісі ағылшын тілінде, ал кішкентай бүлдіршіндер ертегі орман алаңында болып қайтты. Ертеңгіліктер қуанышқа, бақыт пен мейірімділікке толы мерекелік жағдайда өтті. Аналар балаларымен бірге өлеңдер оқып, ойындарға және жарыстарға қызыға қатысты. Ұлдардың қыздарға жасаған тосынсыйларынан кейін аналары мен әжелері өз ұлдары үшін қуаныш пен мақтаныштан көз жастарын жасыра сүртті.