Жаз – қызықты әрі шытырман орқиғаларға толы кезең!
Орталығымыздың балалары экологиялық жол бойымен саяхат жасады. Әрбір бекетте «Жасыл дәріхана», «Нептун патшалығы», «Бағдаршам», «Құстар ауласы» балалар көп жаңа дүние танып білді. Олар су экспериментіне қатысып, «Жасыл дәріхана» бекетінде дәрілік шөптер туралы көп пайдалы ақпарат алды. Саяхат жасай отырып, балалар бақылаушы қауым ретінде қалып қоймай, бекеттерде болып жатқан оқиғалардың белсенді қатысушыларына айналды.